“ АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ…”


 


“ Армансыз адам, қанатсыз бұлбұлмен тең”- демейме дана халқым. Әр адамның өз арман-тілектері бар.
“Армандар орындалады, мақсатың айқын болса”. Менің де көп уақыттан бері аңсап,тілеген арманымның бірі – Алматы қаласындағы Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің алтын табалдырығын аттау болатын еді. Биылғы жылы 6-сыныптан бергі арманым , ал 11-сыныптағы мақсатым орындалды. Қазірде мен ҚазҰУ-дың “Ақпараттық технологиялар” факультетінің 1-курс студентімін.
Бұл мақсатқа жету жолы маған оңай болған жоқ. Бір жыл бойы талмай еңбек еттім. 2022 жылы жаз айында Ұлттық Біріңғай Тестілеуді тапсырып болғаннан кейін, мамандық таңдауға келгенде 11-сынып оқушы кездегі ойым ҚазҰУ-дың техникалық бағытта оқытатын мамандығы екендігін нақты білдім, дегенмен “арман” Университетімде педагогикалық мамандық жоқ екенін естігенде, IT мамандығын таңдауға тура келді. Менің ойымда тек “Не болсада ҚазҰУ-ға түсу” деген ой болды. 2022 жылдың тамыз айының 10 жұлдызында грант нәтижесі шығып , қаншама жылдан бері арманымның орындалғанын көргенімде қуанышым жүрегіме сыймай кеткендей сезімде болдым.
Қазірде мен ҚазҰУ-дың студенті ретінде студенттік өмірім өте белсенді, әрі қызықты өтуде. Университет табалдырығын аттай сала, мен өзіме таныс емес , бұрын соңды естімеген “Құқықтық Тәртіп Сақтау Жасағы” ұйымының мүшесі болдым. Мен бұл жақтан жаныма жылу сыйлаған жақын адамдарды кездестірдім. Аз уақыт өтсе, бұл ұйым маған жаңа мүмкіндіктер мен жаңа табысулар сыйлады. Белгіленген бір топ мүшесі болу, әрбір студент үшін оның студенттік өмірінің қызықты өтуіне кепілдік. Сол себептен, оқырмандарға айтар кеңесім, оқуда болсын, өмірде болсын белсендірек болу.
Осылайша, менің балалық қызуғушылығым мені арман қанатын қақтырып, жастар қаласы Алматының қақ ортасындағы ҚазҰУ қалашығына әкеліп қондырды. Ешбір адам армандаудан қорықпауы тиіс. Себебі ол арман сіздің өміріңізді қалай өзгертетінін кім білсін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу