Мақсат

 Мақсат

Мақсат. Қыран құс ұшар шыңының ең биігіне жеткенде қанатын айқара жаяды. Қасқыр отарға шапқанда, бүкіл қойдың біразын бауыздап, айналаны қызыл қан қылып, қырып салып, ішінен біреуін таңдап жейді. Ал, адам ше? Адам мақсатқа жеткенде қалай рақаттанады? Мақсатқа жеткендегі жеңіс дәмі қаншалықты тәтті? Неліктен қиналып қол жеткізген табыс жаныңа жақынырақ, басқа жетістіктерден маңыздырақ болады? Мысалы, мен биыл тоғызыншы оқу жылын бастадым. Биылғы оқу жылын байқаумен бастау менің қысқа мерзімді мақсатым немесе қысқа дистанциядағы марафоным. Өмір адамды жарыста ғана өсіре ме? Әлде табысқа жету деген - күштілігіңді, ептілігіңді, қабілет - дарыныңды, тіпті мүмкіндігіңді көрсететін меже ме? Дәл солай сияқты көремін.

Ендеше, әр мақсаттың өз шыңы, оған жетудің өз жолы болатыны анық. Еңбекпен жеткен жеңіс – Хан Тәңірі де, көмекпен, демеумен, итермелеумен қолға жүсірген табыс – жай ғана қоңыр төбе. Менің осы жылдарда тындырған істерім – өзім үшін, еңбек етіп жүрген ортам үшін қандай да бір табысқа қол жеткізгендігімнің нәтижесі. Мен бұдан қандай ләззат алдым? Өстім, бұл – анық. Бірақ адам қалпымды қаншалықты сақтай аламын? Енді «бәрін білдім, үйрендім, толдым»,- демеймін бе? Жеңістің тәтті дәміне масайрап кеткен адамдар жайында естіп, кинодан көріп, ғаламтордан танып жүрмін. Бұл байқау мұғалімге не үшін керек дерсіз? Өзім үшін! Не істеп жүргенімді өзім білмейтін, құр статистика құрбаны болып жүрген уақыттарда болды. Уақыттан да ұялу қажет. Менің қазіргі мақсатым – өзімді-өзім жетілдіріп, алдымда отырған Қазақстанның болашақ жастарын адами қасиеттерге ие азамат(ша) қылып тәрбиелеп шығару.

Әр жиырма төрт сағатының он сағаты ұйқыға кетсе, сегіз сағаты, яғни уақытының көп бөлігі менің жанымда жүретін жандар үшін жауапкершіліктен неге қашамын? Өзгені тәрбиелеп, оқыту үшін мен өзімді танып, өз мақсатым айқын болуы қажет. Сонда ғана нақты жетістікке жетемін. Мақсаты айқын шәкірт тәрбиелей аламын. Өзім жаңашыл болсам ғана жаңартылған білім бере аламын. Кешегі ән кешінде Ұлықпан Жолдасовтың «Сүюді білмейтін адамдар осын-ау өмірде несі бар» деген ән жолдарына елең ете қалдым. Иә, мен Өмірді сүйемін, өзімді де, өзгені де сүйемін, жұмысты да сүйемін және содан рақат табамын. Өтірік емес. Мен осыдан 5-6 жыл бұрын өмірді мен жұмысты сүю туралы мүлде басқаша ойлайтынмын, өзім де басқа едім. Қәзір мақсатыма жетіп, шабыттанып, одан әрі рақаттанамын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру