Мәңгілік ел - біздің ізгі мұратымыз!

 Мәңгілік ел - біздің ізгі мұратымыз!

Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте.

Отан сөзі – әр адамның жанына жақын жүрегіне жылы естілері сөз.

Менің туған жерім - Қазақстан. Қазақстан Республикасы – қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн! Тәуелсіз мемлекетіміздің бой көтеруі – алаш елі ұрпақтарының талай ғасырға созылған ұлт-азаттық және желтоқсан оқиғасының нәтижесі. Қазақ халқының көпшілігі бір жағынан патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан ауылдағы бай – шонжалардың езгісін, ауыртпалығын көтерді. Осы уақыт ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі ауыр кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас қайраттың арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді.

Тәуелсіздікке жету – қазақ алашы үшін даңғыл жол болған жоқ, әрине, халық ұлы белестерден, қиын – қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Өткенге шүкір, бүгінгіні пікір ету үшін де өткенге ой жүгіртуге тура келеді. Ол үшін ең алдымен мына сауалға «бұл тәулсіздік күнге қалай жеттік?» жауап іздеуіміз керек сияқты. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінде Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қарсы тұра білді. 20-шы жылдардағы аштық, 30-шы жылдардағы тотолитарлық жүйе, 1941жылғы Ұлы Отан соғысы, қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Кенесары жауынгерлері «Абылай» деп ұрандап, өз ерлерінің қадірін бағалай білген. Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді. Қанша қиыншылық болса да, біз оларды ұмытпаймыз. Себебі – бұл тарих.

Солар көрсеткен үлгі ұрпақтан-ұрпаққа ауыса келе, 1986 жылғы желтоқсан жаңғырығына әкелді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлмейтінін дәлелдеді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында құрбан болғандар Р.Қайрат, А.Ләззат, С.Ербол, М.Сабира аға-апаларымыз ерен ерліктерін айтпай кетуге болмас. Қазақ жастары орталықта шерулер өткізіп, алаңға шықты. Әділдік құруын сұраған бейбіт жандардың тілектеріне құлақ асқысы келмеген озбыр, қатыгез фашистер бейбіт халықты итке талатты, аяусыз жаншыды, бас – көз жоқ ұрып соқты. Желтоқсан көтерілісі Кеңес одағының керегесін шайқалтқан оқиғалардың бірі болды. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да, намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Сонымен 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды.

Өлең жолдарында айтылғандай «Желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған жоқ, жас буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруіне себеп болды.

«Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы» - деп ақын М.Шахановжырлағандай 1991 жылы 16 желтоқсан тәуелсіздік таңын тудырды.

Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі, қалың қазақ, алты алаштың меретойы. 1991 жыл-еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге танылған жылы. Әр Қазақстан азаматы мемлекеттік тілді, дәстүрін құрметтеп, дінін сақтап, Отанды қорғау керек. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз! Ұлттық мерекеміз –Тәуелсіздік күні құтты болсын, қазақ елі!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру