Ұстаздар (мұғалімдер) күні (Менің сүйікті ұстазым)
Ұстаз… Ұстаз бейнесі- шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны -әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі. Ол-сезім мен нұр шашар сәуле. Келешек үшін тырмысып,жан аямай күрескен, өз бойындағы пенделігін жоя білген жан. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз- өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан,қандай сұлу десеңізші?! Сол періштелердің бірі қазір менің бала жүрегімде нық орын алған. Ол-қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ибраева Жанар Ғилманқызы. Жанар апай әр шығарманы сыңғырлаған үнімен оқи отырып, асыл ойды санамызға берік,нық етіп құюға бар күшін жұмылдыратын жан
Мұғалім-ардақты жан,ұмытылмас,
Өзіме бала күннен үні сырлас,
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан
Арманның асқарына ұмтылған жас,-деп Н.Әлімқұлов айтқандай, біз әр жыл сайын санамыз өсіп,азамат болуға ұмтыламыз.Сол кездегі бала қиял кей кезде қол жетпес арманға қанат сермейді. Осы жолдағы алдымыздан шығатын кедергілерден сүрінбей өтуге,алға қойған мақсатымызға жету үшін күресуге де үйрететін бұл- ұстаз. Айналадағы адамдарға қарасам өмірі шежіреге толы, әр күні кейінгі жастарға үлгі болар қаншама жылы жүректі ұстаздар бар.Өнеге тұтар қаншама жақсылар жүр.Солардың бірі, алғашқы ұстазым — Ділмұханова Назира Қабекенқызы. Алғашқы ұстазым мектеп табалдырығын қорқынышпен аттаған кезде сол бала жүректегі қорқынышты сейілтіп,өз мейірімділігін танытып, ең алғаш қолымызға қалам ұстатып мектепке тарыдай болып кірген біздерді таудай қылып шығаруға бар ықыласын танытты.
Әлі есімде ұстазымды көргенім,
Өз анамдай болған еді ол менің.
Содан бері мұғалімімді қадірлеп,
Білім деген асқар тауға өрледім
Мына өлең жолдары Назира апайымды суреттегендей. Қазіргі кезде дәл осы мектеп менің сүйікті мектебіме, ұстаздарыма , сүйікті ортама айналды. Мектеп бөлмелеріндегі өсімдіктер де сан рет оқылған жыр мен сабақта шертілген сырдың, балалыққа толы шытырман оқиғаның куәсі секілді. Тағы да естуге құмартып жайқалып тұрғандай. Ұстазымызбен талай түйінді күрделі мәселелерді шешіп, талай нәрсеге көз жеткізіп, өзімізге таңдау жасап, өмірлік кеңес алған қасиетті орнымыз. Дәл осы сәтте ақын Ғафу Қайырбеков атамыздың мына өлең жолдары еске түседі
Ұстаз болу-жүректің батырлығы.
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.,
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Бірақта қызықты ертегі іспетті, бұндай балалық сәттер мәңгі жасай ма? Біздерде күндердің күні мектебімізді аяқтап, өз жолымызды тауып, қарлығаш болып алтын ұя мектебімізбен қоштасамыз. Алайда бұл орын біз үшін қасиетін ешқашан жоғалтқан емес.Өйткені ұстазымыздың , мектебіміздің бейнесі мәңгі санамызда сақталмақ.
Білмей қалсам кешірген,
Балалық деп түсінген,
Қандай адам болса да
Алдыңызда бас иген, -деп өлең жолдарыммен қорытындылағым келеді.

Атырау қаласы,
Амангелді орта мектебінің
7 б сынып оқушысы
Есенаманова Аяулым
Амангелді орта мектебінің
7 б сынып оқушысы
Есенаманова Аяулым
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сочинение на казахском языке про учителя, мұғалім туралы шығарма, Қазақша шығарма: 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні, Қазақша шығарма, 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні, устаз туралы шыгарма казакша, ұстаз туралы шығарма қазақша, мугалим туралы шыгарма, ұстаздар күні, устаздар куни шыгарма, мугалимдер куни шыгарма, мұғалімдер күні арналған шығарма, мұғалімдер күніне арналған шығарма, ұстаздар күніне арналған шығарма, sochinenie na kazahskom yazyke pro uchitelya, mұғalim turaly shyғarma, Қazaқsha shyғarma: 5 Қazan - Ұstazdar (Mұғalimder) kүni, Қazaқsha shyғarma, 5 Қazan - Ұstazdar (Mұғalimder) kүni, ustaz turaly shygarma kazaksha, ұstaz turaly shyғarma қazaқsha, mugalim turaly shygarma, ұstazdar kүni, ustazdar kuni shygarma, mugalimder kuni shygarma, mұғalimder kүni arnalғan shyғarma, mұғalimder kүnine arnalғan shyғarma, ұstazdar kүnine arnalғan shyғarma, менің сүйікті ұстазым шығарма, менің сүйікті ұстазым эссе, менин суйикти устазым шыгарма казакша, менин суйикти устазым шыгарма на казахском языке, шыгарма устаз туралы казакша, мугалим туралы шыгарма казакша