«Ұстазым менің ұстазым» атты эсселер байқауына! Сүйікті - ұстазыма!

 «Ұстазым менің ұстазым» атты эсселер байқауына! Сүйікті - ұстазыма!

«Ұстазым менің ұстазым» атты эсселер байқауына! Сүйікті - ұстазыма! Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана, ұстаздық кәсіптің шыңына жете алатыны сөзсіз. Осындай қасиеттерді біздердің бойымызға дарытып жүрген ұстаздарымыздың бірі туралы сыныбымыздың атынан жазуды жөн көрдім. Рыскүл апай! Біз сізді қатты жақсы көреміз. Сізге барлық жақсылықты, ешкім көрмеген бақытты тілейміз. Рыскүл апайым! Сіздің әрбір сабағыңыз түрлі ойынға, қызыққа толы. Сіз бізге неше түрлі ойындарды ойнауды үйреттіңіз. Міне, сол ойындардың ең қызықтысы «Құпия дос» - ойыны арқылы, сізге, сіздің шәкіртіңіз әрі құпия досыңыз ретінде алғысымды білдіргім келеді. Әрбір өткен қызықты сабақтарыңыз үшін көп рахмет. Көштен қалдырмай сайыстарға да қатыстырып келесіз. Сізге деген алғысымызды шын жүректен жазып отырмыз. Қаншама ашық сабақ өттік, әрбір ашық сабақ қызыққа толы болды. Біз сізді қатты-қатты жақсы көреміз. Сіздей ұстазды жарық дүниеге әкелген анаңызға мың алғыс айтамыз!!! Асыра мақтағаным емес, сіз соған лайықтысыз. Шын жүректен 6 «Б» сыныбының атынан шәкіртіңіз Избасар Ұлмира деп білерсіз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру