12 сәуір - Ғарышкерлер күні (Ғарыш)

 12 сәуір - Ғарышкерлер күні (Ғарыш)

ҒАРЫШ— Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш "Жер төңірегіндегі" кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.
ҒАРЫШ АЛАҢЫ, космодром — ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешен-дері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан күрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңының жабдыктары арнайы технологиялық және жалпы технологиялық жабдықтарға ажыратылады. Ракета тасыгыш (РТ) пен ғарыштык аппаратты (ҒА) тасымалдауға, күрастыруға, сынауға, үшыру жүйесіне орнатуға, жанар май қүйып, үшұға дайындайтын және үшұды басқаратын жабдықтар арнайы технологиялық жабдықтарға жатады. Ал электр энергиясын беретін, жарықгандыру, жылыту, желдету, өрт сөндіру, гермети-каландыру, байланыс жүйесі, сумен жабдықтау, лифт, қашықтан автоматты басқару жүйелері жалпы техникалық жабдықтар тобына енеді. Техникалық позиция жалпы техника арнайы технологиялық жабдықтар орналасқан және РТ мен ҒА-ны тасымаддап әкелуге арналған жолы бар алаңнан, оларды қабылдауға, сақтауға, құрастыруға, сынауға арналған кешеннен түрады. Сонымен қатар қүрастыру-сынау корпусы, қосалқы трансформатор стансасы, қызмет үйлері, т.б. болады. Старттық кешен ҒА-ны старттық алаңға жеткізуге, үшырғыш жүйеге орнату, сынау, жанар май қүю, үшатын бағытқа бағдарлау және үшыру процестерін іске асыратын арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтар орналасқан кешеннен және алаңнан қүралады. Старттық кешендегі арнайы технологиялық жабдықтар жылжымалы немесе орнықты болып бөлінеді. Орнықты старттық кешен қүрамында үшыру қүрылыстары, жайқайтарғыш жүйе, жылжымалы мүнара қозғалатын рельстік жол, командалық пункт, РТ-ға жанар май қүю жабдықтары, трансформатор стансасы., тоңазытқыш қондырғысы, градирня және бүркуіш бассейн, өрт сөндіруге арналған су резервуары, әкімшілік және қызмет үйлері, т.б. болады.
Командалық өлшеу кешені РТ-ның траекториясын аныктау, ҒА бортындағы қызмет жүйелерін іске қосу бүйрыкгарын беру, телеметриялык. ақпарат қабылдау, ғарышкерлермен байланыс жасау, теледидарлық кескін кабылдау және оны теледидарлық жүйемен тарату жұмыстарын орындайды.Сонымен катар ол траекториялық өлшеулерді үйлестіру-есептеу орталығына беріп отырады. Командалық өлшеу кешенінің күрамында радио-телеметриялық стансасы, радиоқабылдағыш және таратқыш кұрылғылар, антенналык. қондырғылар, кабыдданған ақпараттарды автоматты түрде өңдейтін компьютерлер, уақыт қызметі, байланыс қүралдары, т.б. болады. Дүние жүзіндегі аса ірі ғарыш алаңдары Қазакстанда (Байқоңыр) және АҚШ-та (Шығыс сынақ полигоны, Флорида штаты) орналасқан. Байқоңыр Ғарыштардың ең алғашқысы. Оның жасанды серігі (4.10. 1957) және дүние жүзіндегі түнғыш ғарышкер Ю.А. Гагарин (12.4.1961) ғарышқа үшты. Ғарыштық аппараттар, сондай-ақ Капустин Яр, Плесецк (Ресей), Батыс сы-нақ полигоны, Уоллопс, Атлантис (АҚШ), Куру (Франция), Утиноура, Танегасима (Жапония), Чанчэнцзе (ҚХР), Сан-Марко (Италия), Шри-харикота (Үндістан) Ғ. а-тарынан да үшырылады.С. Сүйменбаев ғарышкер, астронавт, космонавт ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан еткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы Ғарышкелер әскери үшкыштар мен ұшқыш-сынактар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға кажетті қасиеттер (үшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа үшырау жағдайында жылдам шешім кдбылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жүмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандықка лайықты еді. Кейінірек КСРО-да да, АК-та да ғарыштык кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі КСРО-да 1960 ж., АКДІ-та "Меркурий" ғарыштық кемесінде үшуға арналып 1959 ж., ал "Джемини" мен "Аполло" ғарыштык, кемелеріне арналып 1962 ж. жүргізіле басталды. Түңғыш ғарышкер Ю.А. Гагариннен (1961) бастап ға-рышқа 300-ден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазак, Ғарышкерлері де Т.О. Әубөкіров (1991), Т.А. Мүсабаев та бар (1994, 1998, 2001).


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру