Қазақ жері


Туған жер. Бұл құлаққа жағымды сөзді естігеңізде ойыңызға не келеді? Мен бірден қазақ халқының ұлан-байтақ даласын, сылдырлап аққан өзендерін көз алдыма елестетемін. Жайлаудың жасыл кілемі, күнге қарай өскен бәйшешектер жүрегіме жылу беріп тұрғандай. Алайда қазақ жері өз реңкін жоғалтып, күннен-күнге сұрғылт тартып келеді. Зауыттар мен фабрикалар ата-бабамыздан қалған мұраны ластауда, ал олар бұл аумақ жанын қиған еді. Бұған себеп не болып отыр?
Тарихқа шолу жасап өтсек, көптеген қазақ батырлары мен зиялылары өз жері үшін өлім мен өмір арасындағы көпірде тұрған. Абылай хан, Кенесары хан, Алашордашылар барлығы Қазақстан территориясының қалыптасуына үлкен үлес қосқан. Әсіресе, қазақ зиялыларының 1925 жылдарда Солтүстік Қазақстан аумағын КСРО құрамына қосылудан сақтап қалуы.
Қазақ жері көптеген аянышты замандардан өтті. Оған қарамастан әлі де өз халқына қызмет атқарып келе жатыр. Семей атом полигоны мен Байқоңыр ғарыш айлағы жерге миллиардтаған тонна қоқыс төкті. Бұл жер,су, ауа эрозиясына әкелді. Жаңа технологиялар кезінде туған жерімізге түсетін зардап одан сайын үлкейе түсті. Химия, машина жасау, ағаш өңдеу және басқа да өнеркәсіптер жерміздегі шикізатты пайдаланып қана қоймай, қалдықтарды сол жерге құяды. Соның әсерінен ұлан ғасыр уақытта қалыптасқан табиғатымыз жойылу алдында тұр. Бұл адами тұрғыдан дұрыс па? Осы үшін көптеген адамдар жанын берді ме? Менің ойымша, жоқ.
Ендеше біз бұл мәселелерді шешуіміз керек. Біріншіден, кәсіпорындардан шығатын қалдық санын мүмкіншілікше азайту керек. Ол үшін қалдықтарды қайта қолдану арқылы оларды тиімді іске пайдалануға болады. Сонымен қатар, жаңа техника қолданып, лас заттардың шығу ықтималдылығын азйатуға болады. Екіншіден, экологияға бағытталған жұмыстар өткізу. Мысалы, оқушыларды, студенттерді жалпы қоқыс жинау жұмыстарына кірістіру. Бұл қала ішіндегі тұрғындар үшін өте маңызды, себебі, сіз таңертең оянғанда таза ауланы көргеніңіз жақсы емес пе? Осылайша бұл мәселеге балалар да өз қол ұшын бере алады.
Көріп отырғандарыңыздай, қазақтың жері мүшкіл жағдайда. Бұл біз үшін де, табиғат үшін де қасірет. Сондықтан Қазақстан тұрғындарын бірге өз Отанымыз үшін атсалысуға шақырамын. Біздің болашағымыз өз қолымызда.

 

 Асылхан Онбаев


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: қазақ, жер, шығарма, эссе