Жастарды қолдау – болашақтың іргетасын қалау

 Жастарды қолдау – болашақтың іргетасын қалау

«Жастар – біздің болашағымыз.
Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету – біздің міндетіміз.»
Н.Ә.Назарбаев

Еліміздің алға қадам басуының негізгі тұлғалары, қараңғы түнекте күн тауып берер жұлдыздары, келер болашаққа ел мәдениетін жеткізушілер – олар әрине жастар. Еліміздің басты байлығы да, болашағы да жастардың қолында. «Жігітті ер қылатын да әйел, жер қылатын да әйел» деген секілді, туған жердің гүл боп өсіп дамуыда, күл боп солып қалуыда жастардың санасынан қорытыла шыққан ой мен істе. Ал сол жастардың гүл болуына үлкен септігін тигізетін халықтың ауызбіршілігі. Бір қара шаңырақ астында жұмыла түйінделген шешімнің асар асуы, жетер белесі де жеткілікті. Ел болашақтарына қол ұшын тигізбеген халықтың жағдайы мұхитқа батқан кемедей. Осы орында жастар, қазіргінің ертеңге бастаған көпірі болса, қолдаудың не қажеті бар? Оқу – білімін жетілдіріп, ешкімнің көмегінсіз – ақ жете алмай ма? Сан түрлі сұраққа, менде сан түрлі етіп жауап беруге тырысайын. Сіз алдымен қолдау сөзінің қандай мағынада қолданып тұрғанын анықтап алғаныңыз дұрыс. Енді бірі қолдауды моралді түрде қажет етсе, енді бірі физикалық сипаттан қажет етеді. Оқу – білімді жетілдіруге үлес қосапайтын болса, көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ қайдан шығады? Сол себептен, әрбір ел, мемлекет, халық өз алдына жарқын мақсат қою керек секілді. Ол мақсат – жастардың білім қиырына жету жолын салуға қол ұшын созу, ата – баба салып берген түзу жолмен жүруіне, ақыл ой – санасында басты тізгінді нық ұстауға бағыттау. Саналы да, ойшыл жасы болмаса, қандай елдің іргесі нық болады? Жастарға сенім артудың түпкі тамыры ол осы ата – баба заманынан басталған болатын. Оған дәлел Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» туындысы.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты, –

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!

Сенім ұғымы өз орнын жоғалтпай келуінің арқасында қазақтардың іргетасы құламайтын қамалдай берік ұстанып келеді.

Болашақ – адамның нақты мақсаты орындалатын уақыт. Дегенмен де оған апаратын көпірдің өзі ойлы – қырлы болып келеді. Ал соған жетер жолда төзімділік сіздің серігіңіз болады. Қазіргі таңда болашақтың іргетасы қалануда. Ол тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен басталған болатын: «Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш – жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай – ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр». Бұл бір – екі ауыз сөз әрбір жасты жігерлендірері сөзсіз. Тау шыңына жетер жолдағы алғашқы қадам осылай басталса, соңы қуанышпен аяқталатынына сенеміз. Себебі, жастарға барлық жағдай жасалған. Оқу мазмұнымен келе жатқан мектептер, білімді жетілдіре түсетін қосымша курстар, мамандық иесі болуына үлкен септігін тигізетін ЖОО. Жалпақ тілмен айтқанда, «жегенім алдымда, жемегенім артымда» деген өскелең ұрпақ. Яғни жастарға қолдау толығымен қамтылған. Сол қолдауды дұрыс қабылдап, мерзімге сай қабылдаса, «Қазақ елі» атты мұнараның қабырғасы қаланады. Жаңа айтып кеткендей, халық, ел жастарға сенеді.Осы тұрғыда әрбір адамзат баласының санасында сұрақ туындайды. Сол сенімді қазіргі жастар сақтай ала ма? Әрине, көпке топырақ шашпаймыз, дегенменде таза ой мен ізгілікті іс толық жетіспейтін секілді. Соған қарамастан, барлық жағдайды жасауда. Сол жолдан маймақша таймау – біздің міндетіміз. Мемлекеттің негізгі көзі – мәдениет. Мәдениетті, рухани рухты осы бастан сіңірмесек, болашағымыз бұлыңғыр болуы ғажап емес. Өйткені, ұлттың қасықтап жиған мұрасы бізге аманат етіледі. Сол арқылы біз өзімізден кейінгілерге оны тапсырып, ұлттың атауын шарықтатып, мұнарамыздың мерейін асырамыз. Жастарды қолдау керек деп, биліктегілерге және халыққа сеніп алудың ешқандай қажеті жоқ. Себебі, «қарт – оймен, жас – ісімен» демекші, сөздің төркінін түсініп алып, ол іспен дәлелденбесе, оның көк тиынға да құны жоқ. Сол себептен, санадан шыққан ойды қорытындылап, өз ісіңмен барынша дәлелдегін дұрыс.

Осы ойларды саралай келе мынадай ойларды түйіндеуге болады:

Ендігі уақытта тәуелсіздіктің тамырын тереңдетіп, Қазақ елін іргелі мемлекетке айналдыру – жастардың жауапкершілігінде.

Өмір деген соқпақ жолғой, ұзын болып жайылған,

Ондағы мақсатың бар сынақтан қалмай дайындалған.

Жығылсаң, тұра жүгір, құқығың бар жүріге

Себебі, ғұмыр деген жолдас болмас өтіп кетер жаныңнан.

деген өз шығармашылығымдағы өлең шумақтарын кірістіру себебім, жастар өмір қиындығына қарамастан сергек, бәсекеге қабілетті болуға тиіс.
Жастарды қолдау ешқашан артық болмайды. Себебі, олар болашаққа енді қадам басуда. Түзу жолды көрсетсеңіз, сол жолдан таймай келешекке ұмтыла береді. «Өмір өтер,

Болашақ жетер.

Кәрі кетер,

Жас келер» -

депте бекер айтпайды. Кәрінің жолын жалғастыратын да, оны өзгертетінде – жастар, жастар, жастар. Қайынның қырық бұтағы болады. Бірақ оның бірнешеуі ғана түзі, әдемі болып өседі. Ал қалғандары қисық болып келеді. Бұл жерде мен айтқым келейін деп тұрған ой: мыңнан біреу болсада қазақ елінің тұғырын ұстайды. Жанындағылар сол тұғырды нық ұстауға көмектесіп тұратын тіреуіштер.

Қорыта келе, жастар – ел болашағы, байлығы, кіршіксіз жанды бейнесі. Әрбір өскелең ұрпақтың еш алаңсыз білім нәрімен сусындауына, көгілдір аспан астында бейбітшілік заманда өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Нұрлы да жарық болашақтың шегіне жетер жолда қайыспаған шабысы қатты тұлпардай жастардың – Қазақстанда әрбір атқан таңы мен батқан түніне куәгер бола алатын, егеменді ел тарихының көк туын желбірететіне барлық ел, жұрт сенеді, қолдау көрсетеді. Ал сол сенімді ертеде ата – баба ақтаса, қазірде жастар сол жолды жалғастыру арқылы кейіннен тізгін басын бізге тапсырады. Енді бұл тұнық ойды Н.Ә.Нзарбаевтың айтқан сөзімен аяқтасамын деймін: «Ұлт болашағы – білімді ұрпақ қолында!»


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру