Қайролла Арайлым Мәңгілік Ел – 2050

  Қайролла Арайлым Мәңгілік Ел – 2050

Мәңгілік Ел – 2050 адамның өз Отаны, тілі, салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, өткені мен болашағы бар. Менің елім – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елімнің тарихы – менің халқымның өткені мен бүгіні. Егеменді елімнің әр жасы – білімді де парасатты, патриот, толлеранттылығы мықты ұл мен қыз.

Менің елім, халқым Мәңгілік Елдің іргесін қалады. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдар мен ғасырлық асыл арманы. Ол арман – тұрмысы қуатты, шаңырағы шаттық пен мейірімге толы, ұрпағы ертеңіне нық сеніммен қарайтын бақытты, азат, тәуелсіз ел болу еді. Осы арман тілектер бүгінде ақиқатқа айналды. Мағынасы терең, тағылымы зор ескерткіштің бірі- Астананың сол жағалауында биікке бой созған, сәулетті ғимараттардың ортасынан орын алған, Ақордаға бет бұрған, шуағы Бейбітшілік және келісім сарайына, «Қазақ елі» монументіне, Тәуелсіздік пен Шабыт сарайына тараған, сәулесі аспанмен теңескен алып ғимараттарға бағыт алған «Мәңгілік Ел» қақпасы. «Мәңгілік Ел» сөзінің тарихы мен тамыры тереңде және үлкен мағыналы мәні бар. Түркі шежіресінде «Мәңгі» сөзі «Тәңір», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады. Ендеше, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» деген мағынаны, ұғымды білдірсе керек. Маңайынан адам қарасы үзілмейтін бұл ескерткішке халқымның барлық бітім – болмысы, дүниетанымы, мәдениеті толықтай бір аранада тоғысқан. Егеменді ел, өр рухты халық екенімізді айқындайтын бұл қақпаның Сарыарқа төрінен нық орын алуы да тегінен тегін емес. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында ашылған сәулет нысаны 20 метр биіктікте асқақтаса, ал ескерткіштегі әр нақыш өзіндік бір ерекшілігімен көзге түседі. Мысалға қақпаның сол жақ қапталында орын алған «қария» мүсіні халықтың терең ойы мен рухани дүниетанымының көрінісі, даналықтың символы болса, «Әйел- Ананың» бейнесі халқымыз үшін Отан – Ана, Жер – Ана, Ана тілі деген киелі ұлттық ұғымды береді.

Ал осы Мәңгілік елдің жүрегі мен тынысына айналған Астанамыз бар. Мәңгілік Елімнің жиырма төрт жылдық мәңгілікке айналған тарихы бар.

Біз, бүгінгі жастар, сонау 1465 жылдан хандық құрған Керей мен Қасым, Жәнібектің ұрпағымыз. Елімнің тарихы сол кезден бастау алады. Біздер сол бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушымыз.

Ұлтымыздың, қазақ халқының, бойындағы күш-қуаты мен мықтылығы сондай, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламағаға» да төтеп бере алды. Қанша құрбан болған Желтоқсан боздақтарын айтқанда, тебіренесің, жүрегің мұздап қоя береді. Сол аға-әпкелердің ерлігі бізге үлгі, өнеге.

Елді қос өкпеден қысқан құрсау кезінде халықтың басын біріктіре білген Абылай ханның сөзі мен семсері елді бодандықтан құтқарып қалған болатын. Ал бүгінде ел тәуелсіздігінің жиырма төрт жылын артқа тастап, бірнеше биік белестерді бағындыра білген Көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаев сөзі мен ісі елімізді баршаға танытып қана қоймай, «Қазақстан» деген ұлы держава бар екенін барша Еуропаға дәлелдей білді.

Қазақ халқы үшін әрдайым жеті саны қасиетті, орны бөлек болған. Соның бірі жеті ырыс, жеті қабат көк, жеті қазына. Кезінде жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық пен қаңды ауыз қақпанды, майланғыш ауды, өткір кездікті жеті қазынаға балаған халқымның дәстүрлі дүниетанымын елбасы жаңа ғасырдың басты бағдарламасы болған «Қазақстан - 2050» стратегиясының осы жеті басымдықтан тұратынын аңғартты. Тәуелсіздікке тарту етілгендей еліміз баға жетпес жеті қазынаға ие болды. Халық ұғымындағы жеті қазынаны атай отыра, соны әрі қарай дамыта, кеңейте, байыта түсіп, биік-биік сипаттар қосты. Бірінші қазынаға Алтай мен Атырауды, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген Мәңгілік Ел екенімізді баса айтып өтті. Шекарамызды шегендеп, іргемізді бекітіп, көршімен де, алыспен де сыйлас, тату, ісі алға басқан жасампаз Ел екенімізді нықтай түсті.

Ел бірлігі – біздің екінші қазынамыз. Біздің еліміз бейбітшіліктің бесігіне айнала білді. Тынышытық пен татулық арқылы, төрімізге тұрақтылық пен тұтастық орнады. Тәуелсіздікпен бірге келген төл мәдениетіміз бен тіліміз – үшінші қазынамыз. ХХІ ғасырда барлық табысты ұлттардың жолын индустриялық – инновациялық жағдай айқындайды. Ендеше, еліміздің индустриялық – инновациялық экономикасы мықты болу керек. Олай болса, төртінші қазынамыз - индустриялық – инновациялық экономика. Бұл бағдарлама ел экономикасының болашағы.

Ұлттық байлығымыздың, әл-ауқатымыз бен әлеуетіміздің түп негізі- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Біздің бұл бесінші қазынамыз.

Сәулетті де әсем қаламыз – Астана. Ол ел жүрегі, тәуелсіздік бойтұмары. Алтыншы қазынамыз – Астана.

Жетінші қазына - қазақ елінің абыройын асқақтатып, барша әлемді мойындата білген жаһандық жауапкершілігі мен бүкіл адамзаттық бастамалар.

Қазақстан халқы Мәңгілік Елдің іргесін қалады. Мәңгілік тұрақты экономика қалыптастырып, Мәңгілік өшпес өз ұрпағына жылнама жазды. Мәңгілік болашаққа жол салды. Бұның бәрі тәуелсіздік тартуы, азаттықтың асыл қазынасы. Ендеше, Мәңгілік Елміздің жастары білімді де білікті, шығармашыл болып, еңбек етіп отырған аға буын еңбегі мәнді, жемісті, баянды болып, немере сүйіп, әр шаңырақтың қазынасы болып отырған ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз еліміздің құты болсын!

Бүгінгі күн – ата-бабаларымыздың арман-аңсары ақиқатқа айналған күн. Бүгінгі күн – тілімізді жаңғыртып, дінімізді қайтарып, оны бағалата білген ұлы күн. Бүгінгі күн – Мәңгілік елдің жаңа ғасыр төрінде жаңғырған «Қазақстан - 2050» Стратегиясы келген күн.

Әр жас – халқының ерлікке толы өткен тарихын қызықтап, қазақ хандығының 550 мерей тойының тойлануының куәгері ғана емес, «Тарих – и - Рашидиді» сүйсіне оқитын, қажет болса әлі де зерттейтін, қазақ хандарының «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» құрмет тұтатын жалынды жас. Көкірегі «елім», «жерім», «халқым» деп соқса, бойында жігер мен адамгершілік, ұлтжандылық басым болса, аға буын еш алаңсыз желбіреген көк байрағын өз ұрпағына үлкен мақтаныш, зор сеніммен табыстай алады. Білімді, жігерге толы, нағыз патриот жас қана ата-баба аруағына бас иіп, олар табыстаған бүгінгі бақытты өмірді баянды етіп әрі қарай гүлдете береді. «Адам болар бала алысқа қарайды» демекші, бүгінгі біздің мақсатымыз айқын, болашағымыз нұрлы, қадамымыз нық.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру