Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Құдабай Қаламқас
11-сынып,№8 жалпы орта білім беретін мектеп
Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
Жетекшісі:Мәмбетова Злиха Нұрадинқызы

Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қасым Аманжолов
Мен әр таңды қуана қарсы аламын, әр таң сайын бақытқа бөленіп оянамын, әр атқан таң мені асқақ армандарға бөлейді, өйткені мен - тәуелсіздіктің ақ таңын, нұрлы таңын қарсы алып отырған бақытты жас ұрпақпын, батыр бабаларымның бақытты ұрпағымын.
Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді жатармын мен қырда қымтап, - деп Қасым Аманжолов атамыз бұл өлең жолдарын бізге,дәлірек айтсақ, бейбіт заманның жастарына арнаған секілді. Кең байтақ жеріміз бар, атамекеніміз,адал ниетті, ақ жүректі еліміз бар біздер -расымен де, бақыттымыз. «Ұлтарақтай болса да, ата-қоныс жер қымбат, ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат», демекші ұлы даламыздың қадірін ерекше түсінген ата-бабаларымыз туған жер тарландарының бақытты таңы үшін ерен ерлік көрсетті. Осылайша сан ғасырлық тарихты бастан кешірген халқымыз тәуелсіздікке қол жеткізді.
Жері-байтақ,елі-адал,ғажап-ақ,
Кім десеңіз,қазақ дер ем саралап.
Қасиетті қазақ қаны бұйырған,
Нұрсұлтандай билік еткен азамат.
Қазіргі бейбіт еліміздің көреген көшбасшысы - Нұрсұлтандай қазақтың бағына бұйырған азаматы. Президентіміздің саналы саясатының нәтижесінде еліміз талай асулардан асты, небір белестерді бағындырды. «Өткенді білмей, болашақты болжау қиын» демекші, тарихымызды ұлықтадық,алға нық қадам бастық. Тәуелсіздіктің шежіресіне үңілдік.
Әрине, тәуелсіздік біздің қолға оңайлықпен келмеді.Түрлі сатылардан тұратын қиын кезеңдерді бастан кешірген еліміз өз кезегінде Ұлы Отан соғысының дауылына да қарсы тұра білді.
Нева алабын қорғаңдар,
Ленинградтың ерлері.
Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі.
Жыр алыбы Жамбыл атамыздың осынау өлең жолдары қан майдандағы өр рухты жауынгерлердің ұранына айналды.Тарихымыздан ерекше орын алатын соғыс шарпуы еліміздің бетін қайтара алмады. Кеңес Одағына қарсы Неміс фашистерінің соғыс ашуы Ұлы Отан соғысының басталуына түрткі болды. Халқымыздың ол кезеңдегі төзімділігі, қайтпас қайсарлығы, өр рухы батырларымызды жеңіске жетеледі Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Ұлы даланың ұлы жеңісіне батыр бабаларымыз өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
Жеңеміз! Жеңіс - совет адамы аты.
Біздерміз азат етер адамзатты.
Сенемін Партияма, ер халқыма,
Қандай күш бұл дүниеде одан артты?! -деп Сырбай Мәуленов жырлағанындай ақыр соңында жеңіс туын желбіретті. Қан төгіс майдандағы Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Абдолла Жұмағалиев, Рақымжан Қошқарбаев сынды қазақтың маңдайына біткен батырлары мұнымен тоқтамайды. Әлия мен Мәншүк қыздарымыз майдан төрінде кеудесін оққа тосу арқылы қазақ қыздарының керемет өжеттілігін күллі әлемге әйгілі етті,біздерге үлгі ете білді.Аты аталмаса да, жеңіске үшін жанын пида еткен қас батырларымыз жетерлік.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар...
Әрине,Ұлы Отан соғысының ауыр зардабын тартқан майдангер қарияларымыз мен ардаерлерімізге менің алғысым - шексіз.Күллі қазақ жастары ерлеріміздің алдында басын иеді.Ерлердің ерен ерлігі-халық жүрегінде.Себебі,ер есімі ел есінде мәңгі болмақ!
Ержүрек бабаларымыз бізге өз істері арқылы мәңгілік мұра қалдырды, қымбат сый жасады және оны бізге аманаттады. «Өзін-өзі білген ер бақытты,өзін-өзі билеген ел бақытты», дегендей бізге елдігімізді тарту етті. Соның нәтижесінде біз ұлы жеңісіміздің жетпіс бір жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз. Иә, мен - бақыттымын, тәуелсіз қазақ елінің азаматымын, туған елімнің патриотымын. Мен де бабаларым әкелген жеңісті қорғай білуім керек. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан» деп Абай атам айтқандай, мен де елімнің көркеюіне, дамуына үлес қосуды мақсат етемін, міндетім деп есептеймін. Қазақстанның бар жастары жеңісімізді, елдігімізді, тәуелсіздігімізді қадірлесе екен деймін.
Не істемекпін алтын,гаухар,жақұтты,
Оларды іздеп өткізбеймін уақытты.
Мен бақытсыз бола қойман сірә да,
Туған елім болса екен бақытты.
Мұқағали Мақатаевтың осы өлеңін ұран етсе екен деймін. Сонда ғана біздің жеңісіміз мәңгі, тәуелсіздігіміздің әр таңы мәнді болмақ. Қасым Аманжолов сияқты барша қазақ жылап келіп уанған, алғаш көріп қуанған, аналар жаспен суарған, аталар қолға ту алған қасиетті даламыздың қадірі арта түспек!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Бұл даланы көріп алғаш қуанғам туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Бул даланы корип алгаш куангам на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам