Тарихта мәңгі қалатын күн

 Тарихта мәңгі қалатын күн

Болат Балғын
10 сынып оқушысы,
№1 гимназия Сарқан қ.
Жетекшісі: Қажиева А.М.

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Отан соғысының басталғанына міне, 75 жыл. Осыдан 75 жыл бұрын, 22 маусым күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандықшекарашылар болды. Соғыс кенеттен басталғанымен, бүкіл Кеңес Одағы алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінен әскери қатарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім. Фашистер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін, Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады. Жеңіске ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз майданға астық, картоп және көкөніс, ет, сүт, жүн беріп отырды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. Соғыс жылдары Қазақстанға балқар, қарашай, ингуш, шешен халқы, немістер мен поляктар, түрік-месхетиндер, қырым татарлары күшпен жер аударылды. Оған қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген пойыздар ағылып жатты. Мұның бәрі қазақ халқы үшін өте ауыр кезең болды. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Адамзат тарихындағы бұл ең зұлым соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. Көптеген қалалар мен ауылдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, темір жол, теміржол стансасы, пошта-телеграф мекемесі, телефон стансасы және басқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болған немесе жартылай қираған. Аурухана немесе басқа да емдеу мекемелері, мектеп, техникум, жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары, кітапхана және басқа да көптеген нысандар жойып жіберілген, тоналған. Алайда халықтың төзімділігінің, күш-қуаты мен ерік-жігерінің арқасында жеңістің туы желбіреді. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді. Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы еді.
Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай атабабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз. Қазір Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарында көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері беріліп жатыр. Биыл жеңістің 71 жылдығына орай еліміздің әрбір жерінде әртүрлі ісшаралар, мерекелік кештер өткізілуде. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, қошемет жасалуда. Әрине, олардың орасан зор еңбегін еш уақытта өтеу мүмкін емес. Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі жақсы болса екен деп тілеймін. Әрбір қазақ баласы өз Отанын анасындай сүюі қажет. Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін. Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін!
Жеңіс үшін жетім қалды жас балалар,
Жеңіс үшін жесір қалды жас аналар.
Күлкі кетті адамдарда ұйқы кетті,
Жеңіс үшін күресті жас ағалар.
Қаншама адам кеудесін оққа тосты,
Қаншама адам осынша отты басты .
XX ғасырда болған соғыс –
Сондағы көргендері ұлы соғыс.
Соғыстан кім қасірет шекпеген,
Соғыстан кім көз жасын төкпеген.
Сонда да кеудесінде үміт оты алаулап,
Жеңіске деген құштарлықпен, еппенен.
Жеңіс, жеңіс, ал міне жеңіс деген,
Көшелерді тоғытқан тегіс өлең.
Би толқиды дүниенің алаңында
Мол күлкі, мол қуаныш бөліспеген.
Мұны естіп тере жүріп масақты,
Көздерінен тамшылап бір жас ақты.
Батыр халық сол жылдарды өткерді,
Оларда қолдан келгенді жасапты.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру