Қасіретті жылдар
Сәнтаева Фариза
7 сынып, №152 орта мектеп
Шиелі ауданы, Жөлек ауылы
Жетекшісі: Әлихан Г.Ә.
7 сынып, №152 орта мектеп
Шиелі ауданы, Жөлек ауылы
Жетекшісі: Әлихан Г.Ә.
Тарихты таразылап отырсақ, қазақтың басынан өткен қиыншылықтар аз емес. Соның бірі – 1941-1945 жылдар арасындағы Ұлы Отан соғысы.
Соғыс... Мен үшін бұл өте қорқынышты сөз, өйткені елімізге көп қасірет алып келген азапты жылдар. Әрине, біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ ол туралы естідік, кітаптардан оқып, фильмдерден білеміз. Бұл сұм соғыс әр отбасын шарпып өтті десек қателеспеспіз, сірә. Өйткені біздің кішкентай аулымыздың өзінде талай ана жолдасын, бауырын немесе баласын соғыс кезінде жер қойнауына тапсырғанын ауыл ақсақалдары талай әңгімелеген. Бізді қуантатыны – соғыстан аман қайтқан аталарымыз. Біздің ауылда соғыстан қайтқан ардагерлер көп еді. Қазір тек біреуі ғана арамызда. Ол - Мырзабаев Шәмші атамыз. Енді біз тек ол кісілердің айтқан әңгімелерін есте сақтап, жасаған істерін үлгі тұтудамыз.
Ардагер аталарымыз жайлы бірнеше таң асыра әңгімелеуге болады, олар туралы көптеген мәліметтер газет-журналдарда жазылды. Мен өз ойыммен бөлісіп, өзіме таныс жайларды ортаға салуды жөн көрдім. «Асылдың сынығы» дегендей, олардың әрқайсысының орны бөлек. Мен танитын Қалжанов Сарыбай атамыз соғыс жайлы айтуды ұнатпаушы еді. Көп сөйлемейтін, томаға-тұйық кісі болатын. Алайда ол кісінің бағбандығы өзінше бір керемет болды. Еккен ағаштарының бірі қалмай көктеп, жайқалып шыға келетін. Ауыл тұрғындары өтініш айтып, бақшаларына жеміс ағаштарын ектіретін. Ойлап отырсам, мұның сыры, бәлкім, бейнеткештігі мен жасаған ісіне деген жауапкершілігінде ме екен? Кім біледі, бірақ ол кісідей жүрген жерін көктетіп, гүлге орап жүру көп адамның қолынан келмеді.
«Барлығы жетіп, артылып тұрса да атамыз: «Үнемшіл болыңдар, нанның қиқымын тастамаңдар!» - дегенді көп айтатын. Өйткені соғыс жылдары тартқан азабы, аш қалған кездері есіне түсетін шығар», - дейді балалары. Сарыбай ата сөздің емес, істің адамы еді: артында ұрпағымен қатар, еккен ағаштары көздің нұрындай болып, мәңгі есте сақтасын дегендей, жайқалып қала берді. Әбдіреев Әлиакбар ата тоқсанға келіп, өткен жылы ғана өмірден озды. Әлиакбар ата өзінің өрлігімен, шыншылдығымен есте қалды. Жыл сайынғы кездесуде атамыздың айтқан әңгімелерін ұйып тыңдайтынбыз, ол кісіге қосылып ән айтатынбыз. Орысша қосып сөйлейтін атамыздың сол әңгімелері әлі біздің есімізде: «Мен соғысқа ерте аттандым. Стройда жүргенде әнді мен бастайтынмын, запевала болдым», - дегенді көп айтатын еді. Айтқандай-ақ, ауылға келген соң да әскери әндер орындайтын топ құрып, көпке дейін ән айтып жүрді. Бейбіт өмірде қаза тапқан атамыз Жеңістің 70 жылдығы парадына да қатысып келген еді. Әлиакбар ата өрлік пен ерліктің белгісіндей есімізден еш кетпес, сірә. Қайсар, турашыл атамыздың бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталып қалғандай. Сүйірбаев Нәби ата жапырағын кең жайған бәйтеректей ұрпағымен мың жасайды деп ойлаймын. Неге десеңіз, атамыздың балалары мен немерелері өте көп. Нәбиевтер десеңіз болды, бәрі тани кетеді. Балалары атамыздың атын өшпестей етіп көбейіп, көктеп отыр.
Мырзабаев Шәмші ата соғыста бір аяғын тізесіне дейін алдырып келді. Біз көргелі жасанды аяқпен ақсаңдап жүретін. Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында балаларының қолында тұрады. Ардагер аталар жайлы толғанғанда: Ақиқатты айқындап жариялар, Бара жатыр азайып қариялар. Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын, Бара жатыр сарқылып дариялар, - деген Мұқағали Мақатаевтың өлеңі ойға оралады. Бұл шумақтар дәл осы біздің қарияларға қарап айтылғандай. Иә, аталарымыз бар ақиқатты бір емес, бірнеше қайтара айтты. Азапты жылдар сынағынан өтті, дүлей дауылға қарсы тұра білді, бейбіт өмірде де өз орындарын айқындап, ұрпағына өмір сүрудің үлгісін көрсетті. Енді олар аққан судай жылжып барады, азайып барады. Әрине, ещнәрсе мәңгі емес, жақсының аты, ғалымның хаты өлмейтіні де белгілі, сондықтан аталарымыз ұрпағымен мың жасайды, жасай береді.
Иә, соғыс туралы жазу өте ауыр, кісінің көңіліне кірбің ұялайды. Бірақ сол азапты, қасіретті жылдардың болғанын, оның зардабының ұзаққа созылатынын және ондай сұмдықтың қайталануына жол бермеу керектігін біз білуіміз керек. Соғыс даласында болашақ үшін, біз үшін аянбай соғысқан әрбір азаматқа шексіз алғыс айта білуіміз қажет. Менің айтарым - аталарымыздың жүрегін қан жылатқан соғыс өрті мәңгі өшсін! Талай боздақтар осы бейбіт күннің орнауы үшін жанын пида етті. Ұрыс даласында бір үйдің баласындай бауыр болып, қан кешіп жүріп, қиындықта бірін-бірі тастамай, асқан бауырмалдықтың үлгісін көрсеткен аталар үмітін ақтау – біздің міндетіміз. Ұлы Жеңіске жеткен ардагерлеріміздің аманаты – елімізде бейбіт өмірді сақтау. Егер осы жүкті арқалап жүре білсек, аталарымыздың үмітін ақтағанымыз. Лайым, әрдайым солай болғай!
Қазіргі таңда елбасының сындарлы саясатының арқасында бақытты өмір кешіп, алаңсыз өмір сүрудеміз. Болашағымызды осы кезден ойлап, білімнің шыңына шығып, дамыған елдермен теңессек, соғыс өртін өршітпеуге шамамыз жетері анық. Мен осыған сенемін!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Қасіретті жылдар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Касиретти жылдар на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Қасіретті жылдар