Ел басына күн туса ер етікпен су кешер

 Ел басына күн туса ер етікпен су кешер

Қайратқызы Алтынай
9-сынып оқушысы І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»КММ
Алматы қаласы
Жетекшісі : Жаксымбетова Алма Алимбаевна

Ежелден ер тілегі-ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса-ел тірегі.
Біздің Отанымыздың тарихында ұмытылмайтын 4 жыл бар.Бұл -19411945 жылдар.Бұл- фашизммен бетпе-бет келген сұрапыл шайқастар.Осы жылдар Отанын қорғап,жер бетіне бейбітшілік орнату үшін,болашақ ұрпақтың бақыты үшін күрескен батырлар,майданда қаза болған жауынгерлер туралы көп кітаптар жазылды. Таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталады.Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ,зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді.Бала әкесімен, ана баласымен қоштасты.Қырда қойшы қойын тастады,қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады.Ойда диханшы трактордан түсіп,танкіге отырды.Ол кезде бүкіл ел солдат болды.Сол жылдардың бозбала,бойжеткендері ақын болуды ,инженер болуды,оқымысты болуды армндаған еді...
Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз.Өйткені соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған.Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан.Соғыстың алғашқы күндері алдын-ала дайындалған жау ұшақтары мен танктері,әскерлері кеңес елінің жеріне өтіп жатты.Фашстерде «кеңес елін тез арада жаулап алу» жоспары болды.Олар 1941 жылдың қарашасында Москваны жаулап алып жеңіс шеруін өткізбекші болды.Бірақ фашистердің өктемдік көрсетуі,жаулап алуы соғыстың алғашқы айларында ғана болды.Фашистердің жоспары іске аспады.Кеңес жауынгерлері әрбір шаршы жер үшін қасық қандары қалғанша шайқасты.Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін прақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді.Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды.Майдан даласынан 394 мың қазақ жауынгерлері қайтпай қалды.Бұл соғыс қайғы қасірет әкелмеген бірден-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі,бірінің ағасы қаза тапты.Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да,әншісі де бар еді.Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде әттең, дариға-ай,қанша Абай,қанша Шоқан кетті екен...
Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен,аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Қазақстан жерінде жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия Москваны қорғауда тарихта болып көремеген теңдесіз ерліктің үлгісін танытты.Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік пен ер жүректілік көрсеткен,өз заманында аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы да бар еді. Өжеттік пен ерлікке бару кездейсоқтық емес.Отаны мен артында қалған елінің алдында жауынгерлік борышты өтеуде болаттай берік тәртіпке бойұсыну еді.Алматыда жасақталған генерал-майор И.Панфилов атындағы сегізінші қазақстандық гвардияшы атқыштар дивизиясы Кеңес Одағының астансы Москваны қорғау күндерінде Ұлы Отан соғысының тарихына мәңгі өшпейтін ерлік беттерін жазды.
Қазақстандық жауынгерлер Рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты,оның шаңырағына Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев тікті. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың , Мәлік Ғабдуллиннің ,Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигельдиновтың және көптеген жерлестеріміздің атттары алтын әріптерімен жазылды. Соғыстың қысылтаяң кезеңінде емшектегі баласын жөргекке орай салып, кәсіпорың, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп,түн ортасында қайтқан олардың жарлары мен аяулы ата-анасын,туыстарын, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін,бәрі де солар үшін,бәрі де майдан үшін ,жеңіс үшін болсын!» деген игі ниетті асыл сезімін кім есінен шығара алады? Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында майданда да,тылда да есі жаңа кіріп келе жатқан жас баладан бастап,жасы жүзге келген Жамбылға дейін отандастарымыз жауға қарсы майданға жаппай қатысты.
От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын азая түсуде.Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес.Зұлым жаумен шайқаста әке, аталарымыз қанын төгіп,қолымыз жеткен Жеңіс шапағы біздерге жетті. Әлі де келешек үшін,дүниежүзілік жаңа жойқын соғысқа жол бермеу үшін бұл туралы ұмытуға болмайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру