Батырларымыздың тарих төрінен алатыны орны

 Батырларымыздың тарих төрінен алатыны орны

Нұрманғали Гүлнұр
6 - сынып, Меңгесер орта мектебі,
Солтүстік Қазақстан облысы
Жетекші: Есенбаева Самал Боташқызы

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9- мамыры күні дәл осы шаттық хабарды ес тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары бес жыл бойы күндей күркіреген соғыста- 1418 күн мен түндерде,бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси- кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын тігіп, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.Ер есімі – ел есінде мәңгі сақталады.Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады.
Менің атам Қожахметов Нұрманғали Қожахметұлы 1916 жылы 14 наурызда Солтүстік Қазақстан Облысы, сол кездегі Преснов ауданы, қазіргі Мамлют ауданы Ленин ауылында дүниеге келген.Отбасындағы жалғыз бала. Мектепте 7 сыныпқа дейін оқыған. Соғысқа дейін әр түрлі жұмыста істеген.1941 жылы 4 қаңтарда отбасын құрған.Сол сұрапыл, сұм соғысқа менің атам 1941 жылы 22 маусымда Преснов әскери комиссиариат арқылы әскерге аттанды. Ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін, Кеңес Одағының Бас қолбасшысы маршал жолдас Сталин Нұрманғали атайға көптеген алғыс хаттармен алғысын білдірген. Нұрманғали атай Германияға дейін жеткен. Будапештта, Венада, Германияда тағыда басқа, қалаларда ұрыстарға қатысқан үшін ордендермен марапатталған.Соғыстан 1946 жылы 20 маусымда оралып, үй іші қуанышқа кенеліпті. Соғыстан кейін Ленин совхозында мал шаруашылығында еңбек етіп,жұмыс істепті. 1955 жылы 6 наурызда депутат болып сайланған. 1970 жылы КСРО Жоғары Кеңесінің Төралқасының жарлығы бойынша ұрыстардағы ерлігі мен қаһармандығы үшін медальмен марапатталған. “Тың жерді игерген” үшін 13 желтоқсан 1957 ж медаль берілген.
Бұл жеңістің басты себебі , әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі , қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден , ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы.
Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып, Отанын қорғады. «Ел үмітін ел ақтар,ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай ата- бабаларымыздың рухына тағызым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, бұл сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен алатыны және ұрпақтары мәңі жеңіс алуын сөндірмей, Отан үшін от кешкендері әрқашанда жүрек түкпірімізде ұстаймыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру