Жау таянып келгенде

 Жау таянып келгенде

Сатымова Айкөркем
9-сынып,Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі
Атырау облысы Исатай ауданы
Жетекшісі: Агисова Шынар Габбасовна

Ешкім де ,ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс –күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ етеді, тауды жер етеді. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп,елестететін газет-журнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнекей, жағада тұр,- деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқаны, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ұлы ғажап күшпен жеттік. Ол күш – әрине, “бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды . Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Москва, сенің іргеңді, Ел, ер болып сақтаймыз Сенен аяр жан да жоқ,
Барлығы да сен үшін.
Саған қауіп төнгенде,
Жау таянып келгенде,
Қамсыз тыныш жатпаймыз.
Алпыс ұлттың адамы,
Қол ұстасып үн қосып,
Қорғауға сені дайынбыз,- деп жазған Нұрпейіс Байғаниннің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ елі басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын айтсақ та жетеді. Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қиымылы қылыш Бауыржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді.
“Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толғалы отыр. 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты…Кеңес Одағының тұрғындары 4жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігермен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман мен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы аямай күреске әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір – бірін толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі айрықша болды.
Республикамыз халқы қаһарлы жылдары тас - түйіндей бекінді. Қазақстан халқының соғыс қажеттеріне жұмылдырылуы 24% жеткен. Ал екі майданда бірдей соғысқан Германия халқының соғысқа жұмылдырылуы 12% болған. Осы деректен- ақ тылдағы елімізге қандай ауыртпалық түскенін айқын көруге болады. Салмақ әйелдер мен жасөспірімдерге түскен. Өз халқының тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы төмен болса да, республикамыз соғыс жылдары орталыққа 4 829 мың тонна астық, 600 мың тонна ет тапсырды. Республика малшылары Қызыл армияға 110 мың ат берді, бұл 10 атты әскер дивизиясын құруға жетті. Соғыс өртіне шалынған аймақтардан эвакуацияланған жүздеген мың адамды, кейіннен саяси-сүргінге түсіп, депортацияға ұшыраған 1 милионға жуық әртүрлі этнос өкілдерін қабылдады. Мұның бәрі республикадағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды одан әрі күрделендірілгені белгілі.
Иә, 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Елімізде түрлі күрделі оқиғалар болды. Әлемнің саяси картасында Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті берік орын тепті. Кеңес жауынгерлерін өз туының астына топтастырған коммунистік идеология мұрағатқа кетті. Соғыстың қорытындысында қалыптасқан социалистік лагерь, әлем саяси дамуының бағытын анықтаған Ялта бейбітшілік шарты, Варшава шарты ыдырады. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты. Оған қазақстандықтар ман қазақтар қосқан қасиетті де қаһармандық ерлік үлесті біз мақтан тұтамыз.
Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін, Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті, екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достастығы еді.
Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар»-дей келе ата – бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашан жүрек түкпірімізде ұстау біздің парызымыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру