Жалмады талай арысты

 Жалмады талай арысты

Ержанғалиев Ерғанат
8 сынып, Н.Тілендиев атындағы
Кіші өнер академиясы, Атырау қаласы
Жетекшісі: Темірғалиева Ақтоты Болатқызы

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75жыл өтті. Сол кездегі қазақ халқының төзімділіктері мен ержүректілігің көрсететін,тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы отаны мен өз жері үшін , келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды шайқаста қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік көрсеткен қайсар жауынгерлеріміздің біріБауыржан Момышұлы еді.« Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам–опасыз, оңбаған адам», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай ,Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өзінің келешек ұрпақтарының өз халқының намысын қорғаны,халқын шын сүйетіндігіннің дәлелі болса керек.Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін оятады. «Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде: «Мен – өзге ұлттарды құрметтеушi, өз ұлтын сүюшi адаммын»,- дейдi. Батырдың әр қазақтың жүрегiнде сақталуының себебi де, ұлтын сүйгендiгiнен шығар.
Ерліктің қос қанаты деп білемін Аяулы Әлия мен Мәншүгімді, - деп есімдерін жырға тірек еткен шығыстың қос жанары Әлия мен Мәншүк есімі бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп айтсам қателеспеймін. «Майданға жіберетін ешкімім жоқ, апам да, ағам да жоқ»сондықтан менің өзімді жіберуді өтінемін» деп жас түлек Мәншүк Мәметова Отан қорғаушылар тізіміне өз еркімен қосылғысы келетінін білдірген болатын. Жас қыздың қайтпас қасарлығы мен ержүректілігі таң қалдырмай қоймайды. Сол секілді мергендігімен,көрегендігімен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі тарих беттерінде алтын әріппен жазылып қалды. Мәншүк пен Әлиядан басқа халқының абыройын асырып, елінің атағын шығарған, от пен оқтың арасында жүріп, жаралыларды өлімнен құтқарған, көптеген Қазақ қыздары майдандағы ерліктеріне лайық орден, медальдармен, алғысхаттармен марапатталған. Сұрапыл қанды қырғында өмір мен өлімнің арасында жас өмірін сарп еткен Қазақ қыздары қаншама!? Әлеуметтік-тарихи өзгерістер мен құбылыстарға қашанда алдымен үн қатуға, өз үнін білдіруге әзір елгезек халық ақындары мен жазушыларының шығармалары бұл жылдары ерекше шабытқа толы болды. Олар жазушылар мен ақындардың туған халқына қалтықсыз қызмет етіп, соның мұңын шертіп жырын жырлауының айқын айғағы еді. Бұл шығармаларда жауға деген өшпенділік пен кек халықты ізгі күреске шақыру, үндеу сарыны көрінді. Әсіресе, Отанға төнген қауіп 96 жастағы суырып-салма ақын Жамбылды тыныш жатқызып қоймады. Майданның алғашқы төрт жылында ол үш мың жолдай жыр жазды. Олардың ішіндегі ең көркемі,құндысы «Ленинградтық өренім» өлеңі еді. Бұл өлең 1941 жылы 900 күн, 900 түн қоршауда қалып, елден бөлініп, қиын кезді басынан өткізген қаһарман ленинградтықтарға арналған өлең болатын. Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің. Нева өзені сүйкімді Бұлағындай көремін, - деп басталатын өлең жолдары қалада радиолардан жіберіліп , әр көшеде, алаңда плакат ретінде жазылап, қала халқына, Ленинградты қорғаушыларға ерекше күш берді, орталық газеттерде және майдан газеттерінде басылып жатты. Майдандағы әскерлер де, тылдағы жұмысшылар да, аналар мен әжелер де, тіпті жас балалар да Жамбыл өлеңін сүйсініп оқыды және сол өлеңді өздеріне ұран етіп те алды. Жауынгерлер ақынның жалынды,жігерлі сөздерінен керемет рухтанып, арыстандай арпалысты, мыңдаған адамдар көздеріне жас алып, жігерленді. Себебі, Жамбыл бұл өлеңінде әскердің қайсарлығын,жауға деген кегі мен өшпенділігін айтады. Сұрапыл жылдары бір қолына қару, бір қолына қалам ұстаған өршіл рухты, сыршыл батырымыз, жан дүниесі шымырлатқан шерге толы ақынымыз Қасым Аманжолов болды. Буырқанған була күшке, екпінді еркелікке толы, шиыршық атып, бұлқына ойнап тұрған айбынды, қайраты, тепсініп темір үзердей ішкі қуаты сапырылыса, шайқала шапшыған ақын өлеңдерінде Отанға деген шексіз махаббатын керемет суреттейді. Ақынның осындай отты, өршіл шығармаларының бірі - «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы. Басқыншы зұлым жауға ең соңғы демі қалғанша берілмей соғысып, өмір мен өлімнің арасында тұрған,ерлікпен қаза тапқан жауынгер ақын Абдолланың батырлығын, ерлігін, суреттейтін бұл шығарма керемет ерекше айбындылықпен ұлтжандылықпен, жазылған. Шынымен де, елін, жерін тебірене сүйген адам ғана батырға айналады!
Жеңіс талай адамдардың тағдырын күрт өзгертті, талай жанның өмірін үзді. Жеңіс мейраммың бүгінгі майдангерлер – соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгілерін көрсеткендер тойлайды.Бір сөзбен айтқанда барлық қазақ халқы тойлайды. Осынау Ұлы Жеңіс күнінде Отанымыз үшін өзінің жанын пида еткен, туғантуысқандарына, жақын-жарандарына, тамыр-таныстарына қайтып оралмай қалған қаһарман ерлерді ел болып еске түсіреміз. 9 мамыр – фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік. Дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы - тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды ойлары, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру