Өнерлі өзін де, өзгені де асырайды

 Өнерлі өзін де, өзгені де асырайды

Ағатаева Балдырған
- сынып, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Түпқараған ауданы
Жетекшісі: Төлеуова А.Қ.

Шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап ана сүтімен бойға даритын ұлы қасиет бар екен. Бұл қасиеттің бір жанға бұйырары, бір жанға бұйырмасы анықты. Бойыңдағы сол туа біткен қабілетке егіз ұғым бар. Ол – қанатсызға қанат, талапсызға талап сыйлар ұлы ұғым. Ол – шуақты күндерге толы жайлы өлке. Әрине, ол – өнер өлкесі.
Өнер өлкесі... Өнер өлкесіне саяхат жасарда қалайша толқымассың?! Ол әлемге кірсең, шықпағың қиын-ау, сірә! Мінеки, мен өнер өлкесіне таяп келемін. «Өнер» атты жаз мекенге жасаған бұл саяхатымның керемет боларына сенімдімін.
Өнер – дүниедегі бар жақсылықтар қамтылған тамаша туынды. Өнер туындысы – өмірді түсінудің негізгі кілті. Өнер мен өмірдің байланысын айтсаңызшы! Өнермен өмір нұрланады, жан жадырайды. Өнерді қанатына ілген әсем құстай көк жүзінде қалықтайсың. Талантың асқан сайын одан әрмен жоғарылай бересің. Табиғат сыйлаған талантқа мықты талап қоя білу керек. «Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен»,- демей ме Мұзафар Әлімбаев ағамыз.
Өнердің саясы тарылған ба? Таусылмайды-ау, шамасы.Осы өнердің бәрі де оқуменен табылған. Білім қуған талап қана өнер өлкесіне аяқ бастырады. «Өнер тағына рұқсатсыз отырар болар»,-деген сөздерде қаншама мағына жатыр десеңізші?! Бұл қанатты сөздердің иесі – Мұзафар Әлімбаев.
Өнерлі адам саясын кеңге жайған ағаш секілді. Саясы – оның тамырлары. Осы бір тамырлар кеңге жайылған сайын ағаш аясы өсе береді. Бір күндері таумен теңдес асулы шыңға теңдес болады.Таланттылар раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады.Үлкен өнердің үлкен, таза мінезі болуға керек.
Өнер адамға әдайым нұрын шашады . Нұрынан адам бойына адамгершілік, сұлулық, ізеттілік, инабаттылық секілді ғажайып қасиеттер төгіледі. Осы қасиеттер бойыңа еніп, сені шаттыққа бөлейді.
Өнер – ұлтты танытатын негізгі белгі. Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы бола алмайды.
Әр пенденің жаны бір өнерді сүйеді ғой. Сол сияқты мен де өнерді сүйемін. Қай өнер болмасын адамды көкке жетелейді. Ал мені көкке жетелейтін өнерлер – сұлу поэзия, қаһарлы күй және әсем ән. Сұлу поэзия ақынды көрікті етеді, оқырманды да сұлуландырады.
Шын мәніндегі сұлу поэзияда өнердің басқа салаларының да элементтері қойындасып жүреді. Әсем ән болса, көңілді ажарландырады. «Ән – көңілдің ажары» демей ме дана халқымыз?
Ал күй... Күй маған шабыт сыйлайды, сарқылмас рух, мықты күш береді. Мен күймен ажарланамын, күйді ерекше сүйемін. Күй өнерін сөз еткенде ақын Гүлжауһар Сейітжан апамыздың мына бір өлеңі есіме түсіп отыр:
Екі ішек, тоғыз перне сыналаған,
Сарқырап сыр төгесің құламадан.
Сен бейне көп жүректің бар асылын,
Жинаған бір кеудеге бір-ақ адам!
Уақыттың жебеуімен ауыр сыны,
Бойыңа тұнып қапты дәуір сыры.
Заманның ақ құсы болса, о домбыра.
Сен бопсың оның алтын қауырсыны.
Мінеки, күй өнері осындай.
Өнерді сүйген адам өзін де, өмірін де сүйе алады. Мен де өзімді және өмірімді сүйемін. Адам биік көкке өнермен ғана жете алады деп ойлаймын. Өнерлі өзін де, өзгені де асырайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру