Туған елімнің, байтақ жерімнің патриотымын!
Нажмиден Аружан
9- сынып, Бірлік мектебі
Баянауыл ауданы
9- сынып, Бірлік мектебі
Баянауыл ауданы
Атамекен – бабаларымыздан ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан киелі мекен, «кір жуып, кіндік кескен өлке», ұлы қоныс. Қорыта айтқанда, аталарымыздың кейінгі үрім-бұтағына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы. Ата жұртын өзге елде өмір сүріп жатқан қандастарымыз сағынышпен жырлайды. Ал осындағы халқымыз қасиетті атамекені – Қазақстанды әрқашан жан-тәнімен сүйеді, мақтан тұтады. «Жайлаукөл кештері», «Сыр өңірі», «Туған жер», «Атамекен», т.б. әндерді тыңдағанда, ол әннің әдемі әсері арқылы туған елге деген мөлдір махаббатты сезінеміз. Бұл – біздің бойымыздағы туған елге, жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің белгісі деп білемін. Осы орайда мен елім үшін не істедім деген ой келеді? Мен патриот екенімді қалай дәлелдей аламын? Мен –патриотпын! Себебі, мен өз жерімді, елімді сүйемін. Бірақ патриот болу үшін менің ойымша, бұл бізге, жас өренге аздық етеді. Болашақта Президентіміздің жас ұрпаққа жасап жатқан зор еңбегін жалғастыратын, яғни ой-санамыз дамыған, болашақта кемелі толған білімді азаматша болып, жұмыс жасап, елімнің гүлденуіне үлкен үлес қоссам, сонда ғана мен патриот екенімді дәлелдей аламын!
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», - дейді қазақтың мақалында. Адам үшін туған жеріне, туған еліне жететін ешнәрсе жоқ. Сондықтан да әр адамға өз туған жері ыстық. Менің кішкентай Отаным – ол менің туған жерім. «Отан отбасынан басталады» демекші, менің туған жерім – Баянауыл ауданы, Бірлік ауылы. Иә, табиғат - ғажап мүсінші, теңдессіз архитектор, тапқыр құрылысшы. Желдің жұмсақ өтімен, күннің ыстық нұрымен мүсін сомдағанда алдына ешбір жан салмайды.Бұған ешкім сенбесе, Баянауылдың тауларын талмай аралап, жалықпай жаяу кезсін. Орманы мен қырында қасқыр, түлкі мен қоян өреді. Ақ тиіндер адамды жатырқамай, алақаннан жаңғақ шағады. Мен үшін жаратылыс жомарт Ана Баянауылдан ешбір асылын аямағандай. Баянауылдың әсем табиғатын тілмен айшықтап суреттеу мүмкін емес. Баянауыл тауында екі тас үңгір бар. Оның бірін «Қоңыр әулие», екіншісін «Әулие» деп атау әдеті де қалыптасқан. Осы бір екі үңгір жайлы ел аузында жырмен өрнектелген өлең жолдары тағы бар:
Бір тас бар әулиелер мекен еткен,
Тамаша құдіретімен ғажап еткен.
Сыртынан бәрі тұтас көрінсе де,
Ұшына төбесінің көз жетпеген.
Тұрады жоғарыдан суы ағып,
Мұқтаждар түнейді екен шырақ жағып.
Әулие бұлақ суының емдік қасиеті барын ауыл тұрғындары бұрыннан-ақ білген.Оның қасиеті сол- дертке шипа , жанға дауа бола білген. Ол асқазан, ішек ауруларына өте пайдалы. Мұның минералды заттарға бай екендігін ғалымдар да анықтады.
Отан! Ол менің осы бір ғажайып өлкем! Осы бір бар болғаны төрт әріптен құралған ұлы сөздің сарқылмас қуаты асқақ сезімге толы қуаныш шуағына кімді болсын бөлемей қоймайды. Отан жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған әңгімелер де әрбір халықтың рухани мәдениетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр ұлттың, халықтың туған жерін, Отанын ардақтап, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Иә, қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылғандығын, ел мен жер жайлы айтқан мақал-мәтелдерінен, аңыз, жыр-дастандарынан көреміз. Ел аузында: «ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне», «туған жердің ауасы да шипа», тағы да басқа әсерлі қанатты сөздеріміз жетерлік.
Туған жерін сағынғанда патшалығын тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы айтылған аңыз да жүрекке жылы тиеді . Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз. Тарихтың арғы терең сырларына үңілмей-ақ, осыдан жетпіс жылға жуық уақыт бұрын дүниені дүрліктерген сұрапыл соғыста біздің бақытымыз бен болашағымыз үшін жауға қарсы тұрған жауынгерлеріміздің көбі елі үшін ерлікпен қаза тапты. Еліміздің егемендігін алу жолында 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында қазақтың жаны қайсар, рухы биік жастары қыршын кетті. Өкініштісі , еліміздің бостандығы үшін күрескен батыр аталарымыз бен ағаларымыз бұл қуанышты көре алмай көз жұмды.
«Өткен күнге өкініш жоқ» дегендей, мына біздер сол бабаларымыздың жолын жалғастырып, тәуелсіздігімізді сақтап, көк туымыздың тұғыры әрқашан биік болу үшін бар күшімізді салуымыз қажет. Бұл - бізге жүктелген ең басты міндет. Бүгінгі күні болашағы жарқын, келешегі кемел Отанымзды, оны күллі әлемге танытып отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты әрдайым мақтан тұтамыз. Егемен еліміздің күн сайын гүлдей жайнап келе жатқанын көріп, ертеңімізге үлкен сеніммен қадам басамыз. Ендігі бар тілегіміз – ашық аспан аясында достығы жарасқан халқымыз аман болып, елімізде бейбітшілік алауы желбірей берсін дейміз. Сол үшінде барлығымыз туған Отанымыздың патриоты болып, елдегі тыныштықтың, ынтымақтың сақталуына, Қазақстанның ең мықты ел атануына бармақтай болса да өз үлесімізді қоса білгеніміз абзал. Сонда ғана біз - өз Отанымыздың нағыз патриоты бола аламыз.
Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт, егеменді ел ретінде аяқ бастық. Әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болдық. Жиырма жыл ішінде Қазақстанды дүниежүзі таныды.Мен жаңа ғасырдың жас ұрпағы, егемен елдің ертеңімін. Сондықтан, ата-бабаларымыздың ерлігі мен рухынан нәр алып, Отанымның өркендеп өсуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Ол үшін кемел де терең біліммен қаруланып, ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгеруім керек деп ойлаймын.
Біздер, жас ұрпақ, жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның мәртебесін асқақтатуға өз үлесімізді қосамыз!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Туған елімнің байтақ жерімнің патриотымын! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Туған елімнің байтақ жерімнің патриотымын! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Туған елімнің байтақ жерімнің патриотымын!