Мен - Қазақстанның патриотымын

 Мен - Қазақстанның патриотымын

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылы
Ғали Орманов атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығы мен
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
7 а сынып оқушысы Әділбек Мина

Қазақстан көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың әрқайсысы қазақ тілін және мәдениетін жақсы меңгерген. Қазақстанда еркін, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Оның бәрі ұлан байтақ еліміз бен жерімізді аман сақтап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған ата-бабаларымыздың арқасы. Осы бейбітшілік үшін ата-бабаларымыз, сан мыңдаған батырларымыз жанын қиды.
Қазіргі таңда Қазақстан күннен-күнге көркейіп келе жатыр. Еліміздің бас қаласы – Астана. Астана жас қала болса да, ерекше көздің жауын аларлықтай керемет. Сонымен қатар көкке асқақтай көтеріліп, еліміздің айбынына айналған бәйтерек те Астана қаласында орналасқан. Бәйтерекке күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен, шет елдерден жиналған адамдар бір толастамай ағылып келіп жатады. Сондай-ақ Ханшатыр, Ақорда, «Қазақ елі» монументі сияқты ерекше көрікті жерлер аз емес.
«Қазақ елі» монументі 2009жылы 20 қазанда еліміздің басты бейнесі ретінде бой көтерді. Монументтің биіктігі 90 метр. Ал рәміздерімізге тоқталатын болсақ, олар: Әнұран, Ту, Елтаңба. Біздің еліміздің туы көк түсті. Ортасында күн мен қыранның суреті бейнеленген. Күн еліміздің болашағы жарқын, жолы ашық ел екенімізді білдірсе, қыран құс еркін, азат, тәуелсіз мемлекет екенімізді білдіреді. Туымыздың шеткі жағында алтын түстес бояумен боялған ұлттық оюымыздың бірі болып табылатын қошқар мүйіз бейнеленген. Ал Елтаңбамызда бидай қанатты пырақ, жұлдыз, шаңырақ орналасқан. Бидай еліміздің молшылығын білдіреді және қасиетті де, қадірлі нанымыз осы бидайдан алынады. Жұлдыз ол әрқашан кеңпейіл болашағымыз жарқын ел екеніміздің символы. Бұрындары адамдар жұлдыздарға қарап, ауа райын, жұлдыздардың бағыт-бағдарын анықтаған. Демек, жұлдыз біздің жұлдыздай жарқырап, әлі талай асуларды бағытдыратынымыздың нышаны.
Қанатты пырақ қанатын кеңге жайып, даламыздың шексіз байтақ екенін білдіреді және тұлпардай жүйрік екеніміздің бірден-бір белгісі.
Шаңырақ ол татулық пен бірліктің, ынтымақ пен күш-қуаттың белгісі ретінде алынып отыр. Шаңырақ біздің ата қонысымыз, көшпелі қазақ халқының жайлы баспанасы бола білген, қазақ үйдің төбесінде тұратын бір бөлігі.Қазақ халқы шаңырақты киелі деп санаған.
Қазақстаным – Отаным гүлдей жайнаған,
Төсінде оның тасқындап еңбек қайнаған.
Төскейі малға, астыққа толып қамбасы,
Еліміз дамып, жылжыды өрге арбасы- деп, Н.Манабаева
жырлағандай, туған жердің қадірі әркімге-ақ белгілі шығар. Ия, расымен туған жердің, Отанның алдындағы махаббат ыстық, әрқашан мен үшін қымбат. Ал, бұл тәуелсіз Қазақстан атты мемлекет жеке дара қалыптасуы үшін де ата-бабам талай қиыншылықты бастан кешкені бізге мәлім. Халық жоңғарлардың толассыз шабуылынан қорлық көріп, ақырында тепсе темір үзетіндей батырлардың ерлігінің арқасында азат болды. Ашаршылық зардабын тартып, халықтың сан мыңдаған боздақтары қырылды. Патша өкіметінің қатал саясатының арқасында қаншама жерлерінен шектеніліп, тіпті мал жайылатын жайылымдарынан да айрылып қала бергені де белгілі. Ұлы Отан соғысы да қазақ еліне өз кесірін тигізбей қоймады. Осы уақытта талай елдің от тілді ақындары, жау жүрек жауынгерлері, аяулы әке, үкілеген үмітті аналар, өрімдей жас жігіттер мен қыздар майданға аттанды. Олар Отан үшін, ел үшін қасық қаны қалғанша аянбай ерлік көрсетіп, осы жолда құрбан болды. Ал, бұлардың барлығы осы қазіргі біздің, жас ұрпақтың, игілігі үшін жасалған ерлік емей немене? Мен осы ата-бабамның рухына тағзым ете отырып, оларды әрқашан құрметтеймін, мақтан етемін. Желтоқсанның ызғары да қазақ халқының болашағы, келер келешегі үшін болып өтті. Бұл оқиға аясында да талай жас буын жазықсыздан-жазықсыз қамауға алынып, ешбір аяушылық көрмей, мерт болды. Мұны да елімнің келешегіне бола жасалған ұлы әрекет деп білемін.
«Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.Ал, қазіргі таңда Қазақстан осы қиындықтарды жеңе білген тәуелсіз мемлекет.
Патриотизм - ұғымының түп тамыры гректің «патрис» деген сөзінен шыққан. Ол қазақ тілінде – «Отан», «Атамекен» - деген мағынаны береді.
Патриот болу ол қиын нәрсе емес, өзіңнің тіліңмен, еліңмен мақтансаң, міне сен патриотсың. Патриот болу тек қана ұлттық киім киіп немесе халық әндерін тыңдау емес, тіпті бұларды істемеуге де болады. Ең бастысы сен отанға адал қызмет етіп, еліңмен мақтанып жүрсең, бұның өзі отанға деген махаббатты білдіреді.
Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын.
Кез - келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата - ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді - өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өзімізді патриот болуға тәрбиелей аламыз.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады.
Біз тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Бұл – біздің туған ел алдындағы перзенттік борышымыз. Көгілдір аспанымыздың соғыстың бұлты торламай, осыдан жарты ғасыр бұрын адамзат баласына жасалған қатыгездік қайталанбай халқымыз азат, еркін, бейбіт өмір берсін. Көршілес елдердегі басына түскен ауыртпашылық, соғыс зардабы бізге келмесе екен. Біздің қазақ елі аяғынан тік тұрып, гүлденіп көркейіп, кірпіш болып өрлей қалана берсе деп армандаймын. Сол асқақ арман мені әлдилеп алға жетелеп келеді.
Отан деген – жерім, елім, байлығым,
Отан деген – халқым, жырым, елдігім.
Алтын бесік, алтын ұя еліме,
Қорғау үшін, сүю үшін жаралғам- деп, Р.Үмбетбаев жырлағандай, мен Қазақстанымды жақсы көремін, құрметтеймін. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет.Сонда ғана адам бақытты өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас.
О, қазақ елі, Отан! Сенің құдіретіне мен басымды иіп рахмет айтамын. Өйткені мен сенде туып-өстім, өндім, сенің суың мен жемісіңнен нәр алдым, хош иісті ауаңмен тыныстадым, өзіңнің арқылы махаббатты сезіндім. Өзіңе деген махаббатым шексіз теңіз іспетті. Қанша ғұмыр кешсем де, мен өзіңді құрметтеп, аялап өтуге әзірмін. Өзіңдей қуатты, бірлігі жарасқан елім бар болғанына ризамын. Отан саған бейбітшілік құсы әрдайым мекен етіп, басыңнан бақыт құсы таймағанын қалаймын. Жас ұрпақ мәңгілік өзіңді кие тұтып, қорғай білсін. Шаттықты өмір сүріп, мемлекеттер арасында беделді де, жарқын болашағы кәміл елге жоғарылай берейік. Мен өзіңнің өміршеңдігіне, шарықтап, биік деңгейден көрінетіндігіне сенімдімін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру