Мәңгілік ел
Қадырхан Ақерке
8 сынып, "Жас дарын" мектеп
Павлодар қаласы
8 сынып, "Жас дарын" мектеп
Павлодар қаласы
Жалғыз Отан - тәуелсіз Қазақстан.
Н. Ә. Назарбаев
Шіркін, мен қандай бақыттымын!
Елеулі елдің ерке қызы болып туғаныма... Неге маған қолыма ақ қағаз бен қалам алып көсіліп бір шаппасқа? Неге маған бақытыммен бөләспеске...?
Арайлап атқан таңдарың , әсем батқан күндерің, дариядай суларың, туған жер, әр түкпірің керемет қой біз үшін. Туған жер - кіндік қан тамған жер. Ондай жер пендеде жалғыз ғана. Адам өмірінде киелі орын алатын жер. Алғаш тәй - тәй басқан, тұңғыш "ана" деп күлім қаққан киелі жер. Нақты осы азғантай жер пендені елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан адам бойында туған жерге деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған үй, туған көше, туған қала. Осының бәрі жан иесіне жастайынан қымбат.
Бүгінде туған жеріне орала алмай жырақта жүргендер қаншама? Шетелдегі қандастарымыздың аңсағаны - туған жеріне, туған топырағына оралу. Үкімет оларға бар жағдайды жасап, елге қайтаруда. Қазақ халқының "Туған жердің түтіні түзу шықсын", "Туған жердің ауасы шипа", "Туған жер - тұғырың", "Туған жерден топырақ бұйырсын" дегендей көп мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер бар. Осы айтылғандарға терең үңілсек, туған жердің қадірі, түпкі мағынасы Отанды сүю екенін түсінесіз.
Қазақстан - көп ұлтты, кең байтақ, ұлан - ғайыр жер. 130 - дан астам ұлт өкілі өмір сүріп жатқан ел. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштық, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай "бақ атамыз" барда біз бақыттымыз, тату - тәттіміз.
Нұраға, өзіңсің ғой елбасымыз,
Әрқайсысын ойлаған қамқоршымыз.
Саясатың салиқалы, білеміз біз,
Сол үшін әрдайым қол ұшын береміз біз.
Қазақстан болашағы - біз, жастармыз,
Сенеміз, үмітіңді біз ақтармыз.
Осынау байтақ елді көтердің,
Біз - сенің қуанышты балаңбыз.
Қазақстан - дамыған шет елдермен терезесін теңестіру жолындаға держава. "Бұл әлемде ең бастысы - біздің қай жерде тұрғанымыз емес, қай бағытта жылжып бара жатқанымыз" - деп Холмз айтқандай, Қазақстан Республикасы дұрыс жолда жылжып бара жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы жақында ғана "Қазақстан - 2050" Стратегиясын ұсынған болатын. Осы аталмыш стратегия көптеген мәселелерді қамтиды. Қазақстанның көркеюіне үлес қосатынына кәміл сенімдемін.
Егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік міртебесін алды. " Ана тілі - ұлтымыздың айнасы". Тіл - құдірет. Тіл - қасиет. Тіл - мақтаныш. Ана тілді қастерлеп, қадірлеу - адамзаттың борышы. Ана тілі әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады . Туған тілді сүйген адам - туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі - адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер ана тілі. Тіл - қай ұлттың болмасын тағдыры мен тарихы, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қарым - қатынас құралы. Тіл болмаса, сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тірлігінде мән - маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Тіл - халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Тіл - атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра.
Мен "Отаным" деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, зор асқақтықпен айта аламын. Себебі бұл күн - талай күрестердің жеңісі. Бұл атқан таң - қуанудың белгісі. Осы тірі жүрген заманның артында қанша еңбек, қанша тер төгілгенін өздеріңіз де білесіз. Енді, осы елімізді көркейту біздің, келер ұрпақтың, қолында.
Біз - ұрпағы кемелденген қазақтың, Әр күн болғай қазақтыққа азат күн. Бейбіт өмір тілеймін мен ұрпаққа Білмесін деп не екенін азаптың. Асқақ туды биік ұстау парыз шын, Мен мәңгілік туған елге қарызбын. Өтеу парыз ел алдында борышты, Болсаң егер адам өсер нар мүсін.
Мен болашақта Қазақстанның "Азия Барысы" атанатынына сенемін. Оған көптеген үміт арта тұра, оның үмітін ақтауға тырысамын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мына өлең жолдарымен сабақтағым келеді:
Ұзақ күндер ұзартады таңдарын,
Сендік бақыт менің - дағы жанғаным.
Жігеріммен бар күшімді әрқашан
Қазақстан, бір өзіңе арнадым!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма "Мәңгілік ел" туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение "Мәңгілік ел" на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, "Мәңгілік ел"