О,туған жер! О, атамекен!


Қайролла Алуа
7 сынып, «Жас дарын» мектебі
Павлодар қаласы
Жетекшісі: Әбдіжүсіпова Б.Х.


Кеңсің дала,
Туған ана.
Көйлегің кең көк ала.
Жан беретін,
Тән беретін,
Мірімді ана, сен ғана!
С.Сейфуллин.
О, қазақтың қасиетті қара топырағы! Менің ата-бабамның асылы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы, баға жетпес байлығым. Атамекен, Отан, туған жер... Бұл сөздер - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер қасиетті сөздер.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің кіндік тамған жерім- Павлодар өңірі.
Павлодар дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.
Павлодар – солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Біз, павлодарлықтар, өз халқымыздың тарихын мен мәдени ескеркіштерін қасиеттеп қорғаймыз. Мұражайлар, көрмелер, мәдениет жетістіктерінің тұсаукесерлері мұнда өте танымал және келушілерге бай. Қаламның тарихы бай және оның ертеден келе жатқан мәдени дәстүрлері бар. Павлодар Ертіс өңірі - атақты ғылым, мәдениет және өнер қызметкерлерінің Отаны болып табылады.
Мен өз туған өлкемді мақтаныш ете аламын. Жасыбай, Ақбет сияқты асқардай биік таулары, Ертістей айдын өзен- көлдері. Ақ шарбы бұлттары көздін жауын алады. Табиғатты біз әрқашан көздің қара шығындай сақтауымыз керек. Сабебі, табиғат – біздің алтын қазынамыз. Біздің Кереку облысында жер жаннаты саналатын Баянауыл өңірі асқан сұлулығымен адамды өзіне тартады.
Тағы да біздің мақтанышымыз – белгілі Қаныш Сәтбаев, Григорий Потанин, Әлкей Марғұлан, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шапық Шөкин, Жұмат Шанин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Дихан Әбілев, Шәкен Айманов, Жарылғапберді, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, Сәбит Дөнентаев, Павел
Васильев сияқты белгілі ақын – жазушылар, ғұламалар. Олар өздерінің туындыларымен, өздерінің атымен Павлодар жерін бүкіл Қазақстанға таныта білді. Әрқашан оларды ұмытпай, мақтанып жүруіміз керек. Себебі, бұл – біздің парызымыз.
Туған жердің қадірі - өзге елге кеткенде ерекше білінеді . «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп бекер айтпаған ғой. Расымен де, басқа елде адамның орны басқа, ал өз елінде адамның рөлі басқа. Адамзаттың туған жеріне деген сезімі ешқашан өшпейді. Әр перзенттің жүрегінде туған жер ерекше орын алады. Өз елінен жырақта жүрген, сағынышын білдірген ақынның мына өлең шумақтарымен шығармамды аяқтағым келеді:
Армысыңдар, туған жер, туғандарым,
Кезіп жердің тау-тасын, нулы орманын
Келіп тұрмын, безгем жоқ өздеріңнен
Мені алысқа сендерден қуды арманым.

Қажетті сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: атамекен, шығарма