Біз- әлем балаларымыз
Иванқызы Шұғыла
11 сынып, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Түпқараған ауданы

Ана- алтын тамырымыз,
Бала- балғын бақытымыз.
Балалар... Не деген керемет ұғым, керемет атау! Бала дегеніміз- балғын бақытымыз.Болашақтың тірегі де осы балалар. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, елдің ел болып қалыптасып дамуы осы ұрпақтарға, балаларға байланысты. Сол себепті,баланы бақытқа теңеп, Ғалым Әріпов сияқты ұлы тұлғаларымыздың айшықтауы бекерден-бекер емес-ті. Біздер- асау ұғым бақытқа теңдес болсақ, онда болашақ біздің қолымызда екендігі ғой.
Біз - әлем балаларымыз. Осы әлемнің бір бөлшегі іспеттеспіз. Қандай керемет?! Мынау бір шексіз әлемнің тірегіміз. Бұл да бір бақыт емес пе?!Біз бейбіт те шексіз әлемнің ұландарымыз. Бала болған керемет сезімге бөлемей ме? Әрине, арқа сүйер тірек-панаң , саған, болашағыңа үміт артар елің мен ата-анаң бар. Еліміздің , халқымыздың ұландары деп еліміз бізге арқа сүйер болса, біз де өз еліміздің тірегі боламыз. Сүрінсе арқасынан сүйер , жығылса нық тұрғызар - біздер боламыз. Себебі біз - әлемнің бақытымыз. Оған әрдайым шаттық сыйлар қуанышымыз. Біз тұрғанда елдің де, әлемнің де тұғыры берік болмақ.
Біз- бақытты баламыз. Себебі ерін сүйер елі бар, таңғажайып әлемі бар, біз-бақытты жандармыз.Осы бақыттан асқан не керек? Бейбіт әлемде өмір сүреміз, барлық жағдай қамтулы, егеменді «Қазақстан» атты еліміз бар. Біреулер бақытқа теңесе, біреулер нәзік гүлге теңер дана халқымыз бар. Аша берсең сыр сандығы қазынаға толы бүкіл адамзат сүйер әдебиетіміз бар. Ең бастысы- ана тіліміз, туған тіліміз бар. Бұл- осы әлемнің жас ұрпақтары үшін үлкен мәртебе . Осы бақытты сезінсек , қиялымыз сансыз ойға шомып, дәптеріміз, көк сиямыз да өзімізбен бірге ойланғандай үнсіздікке ұшырайды.
Біз әрдайым бейбіт әлемде өмір сүргенімізді қалаймыз. Ешқашан соғыс өрті төнбесе екен дейміз. Мына әлемді, әлем ғажайыптарын Аллам соғыс өртінен аман сақтасын!
Мен - балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белін буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған,-деп сұңқар жүрек ақын Сұлтанмахмұт атамыз жырлағандай, біз де жарық әлемде сәуле қуған қырандармыз. Ата-бабаларымыз, аға-апаларымыз қорғап, дүниеден өткен асыл да қымбатты мұра- егемендігіміздің ұзақ сақталғанын қалаймыз. Елімізде ешқашан да бұлт төнбей, күн сөнбей әрдайым көгімізде қыранымыз қалықтап, күніміз жарқырап тұрса, міне, нағыз бақыт осы бломақ. Біздер де, өскелең ұрпақ та осы егемендіктің қанатында өмір сүрсе, қандай тамаша болар еді?! Әрине, осы әлемнің түкпірінде егемендікке қолы жетпеген елдер де бар. Міне, біз сол елдердің алдындамыз деп қуанышпен айта аламын.
Біз- әлем балаларымыз. Айтуға оңай болғанымен, түпкі сырларын саралай келгенде мені қатты ойландырды. Саралап келсем, бұл тақырыптың түкпірінде бақыт та, ата-бабалар мұрасы да жатыр екен. Ал енді тағы бір түкпірдегі ой-қазіргі балалардың патриоттық сана сезімі. Елімізде бірі елім деп күйіп-жанса, біреулерінің жүрегінде «Отан» деген ұғым да болмайды. Менің көкейімдегі түйткілім- осы. Неге олар елін сүймейді, неге егемендікті ақтамайды, неге туған тілді қастерлемейді? Осы сұраққа қаншама рет ойлансам да жауабын таба алмадым. Менің көңілімді осы жайттар қуантпайды. Ал бірақ, «Елім!» деп жүрегі дүрсіл қағатын балалар барда мен көңілімді түсіре алмаймын. Себебі...
Мен елімді сүйемін! Мен де әлемнің баласымын. Мен де әлемнің тірегімін. Бұл тақырыпта қиял шәрбатынан сусын ішіп, өзімді бір әлемдегі бақытты жан сезінгендей болдым. Расында да, мен- бақытты жан екенмін. Еліммен мақтанамын, еліммен қуанамынң Байтақ елім мен егемендігіміз барда мен еш нәрседен қысылмаймын. Тек бір тілерім- ешқашан «Соғыс» атты зұлымдық болмасын. Менің балалық тілегім- осы.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Біз- әлем балаларымыз туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Біз- әлем балаларымыз на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Біз- әлем балаларымыз