Қазақстан - алтын бесігім
Хабибуллаев Заманбек
10 сынып, №6 мектеп-гимназиясы
Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы
Жетекшісі: Молдабекова Ж.
10 сынып, №6 мектеп-гимназиясы
Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы
Жетекшісі: Молдабекова Ж.
Жер шарындағы кез-келген адамның Отаны, туған жері болады.Туған елге деген, жерге деген ыстық махаббат әр адам жүрегін тербейді, жүрегінде өмір бойы сақталады.Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден- ақ ру тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, ұлын құл, қызын күң еткізбеудегі батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдар мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.
Қазақта жер қалмады патша алмаған,
Елін, жерін, малын тегіс жалмаған
«Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың,
Отаршылдық кыр соңынан қалмаған...
Қара құйындай қайта-қайта соғып, халқымның ұйқы-тұйқысын шығарған жоңғар шапқыншылығы, Сыр бойының сұлу сымбатын ойрандап, баса -көктеп кірген Қоқан бектері, Цин империясының ызғарлы лебі де қазақ жеріне жеткен еді... Кім қызықпады байтақ та бай далама !?
Халық басына осындай қиын -қыстау заман зары туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалар кезеңге тірелгенде қол бастаган Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай т.б батыр ерлерінің жау жолатпас қасиетін басқарған хан Абылай сияқты данагөй бабаларым болды.
Абылай сегіз қырлы тарлан еді,
Халқымның асқар таудай арманы еді,- деген өлең жолдары Абылай ханның әділ де, ержүрек хан болғанын көрсетпей ме?
Қазақ халқы өзінің ұлттық бостандығы мен егемендігі үшін 260-тан астам ұлт- азаттық қозғалысқа, көтеріліске шыққан, соның соңғысы-1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісі. Сол көтерілістің арқасында қазақ елі үш жүз жыл бойы аңсаған тәуелсіздікке кол жеткізді !
Тәуелсіздік ! Қандай рухты, жүрекке қандай жылы, жаныңа қандай жайы ұғым. Жаста түсінен , жүрсе есінен кетпеген ата-бабалардың арманы – сол бір ғажайып тәуелсіздік емес пе ?!
Халықта мақал бар : «Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады». Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихын таспен жазып келді. Оған дәлел, «Орхон-Енисей», «Күлтегін» жазбалары.
Қазақ ұлтының тағдырына әсер етіп, үлкен үлес қосқан Жұмабай Тәшенов болды . Жұмабай Тәшенов қарсылығы қазақ ақын-жазушыларын қанаттандырып, шабыт берді. Өмірге Жұмекен Нәжімеденов пен Шәмші Қалдаяқовтың әні «Менің Қазакстаным», Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы, Ілияс Есенберлин мен Әбіш Кекілбаевтың романдары, басқа да шығармалар - ұлттық патриотизм идеясын ел санасына сіңірді. Ендігі жерде өзіміздің халықтық құндылығымыздың сақтап, сол өшпес құндылықтарды одан әрі дамытуға барлық күш-жігерімізді салуымыз қажет.
«Үш жүз жыл бойы бодандық бұғауында тұншыққан қазақ халқының қайтадан ұлттық идеяны ту етіп егемен елін, дербес мемлекетін орнатып, айналасы жиырма жылдың ішінде төрткүл дүниеге танылуына жеткізген қандай ұлы күші еді ?» - деп таңқалатындар болса, сол ұлы күш - осы ғасырлар бойы халкымыздың көкірегінен өшпеден ұлттық намыс пен азаттық рухы еді.
Жаңа дәуір 1991 жылдың желтоқсанынан басталды. Елбасымыз Тәуелсіздіктің сын сағаттарында мойымай көтеретін қажырлы қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастады.Қазақтың маңдайына біткен ұлы достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың көк туын берік ұстап, тасқа тұяғын қашаған тұлпар мінген батырларша, халқына тыныштық пен жігер беріп, шыдамдылық пен төзімділіктің шегіне жеткізіп тәрбиелеп отыр.
Менің Қазақстаным!Бұл сөзді жай ғана айта салу қиын.Тіпті мүмкін емес десе де болады.Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп,санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерғе бөленесің.
Менің Қазақстаным! «Бұл - жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөз.Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен байланыстылығын, табиғи біртұтастығын еске түсіреді. Оны айтқанда арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарыарқаның сары жазирасындай еркін, ару
Ақжайықтың суымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің .Менің туған жер жайлы толғанысымды Елбасымыздың мынау ойларымен сабақтай кетсем артық болмас деймін.Тәуелсіздің қайта оралғаны біздің ата- бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі, жаратқан иесінің жасаған әділдігі.Мұндай жер болмаса, мұндай ел де болмас еді.
Менің Қазақстаным! Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңірткен сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпардың тұяғының дүбірін, қыран құстың қанатының ғаламат суылын естігендей боласың.Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқталмас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.
Менің Қазақстаным!Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі.Біздің байтақ Қазақстанның Жер шоқтығы атанған сұлу Көкшетау жерін, сал-серілердің ұрпағы, қадірменді елін әнге, жырға қоспаған да ақын жоқ-ау, сірә!
Атыраудан Алтайға дейінгі барлық қазақ өлкесі – менің алтын бесігім.Менің ойымша, туған жер дегеніміз дүние есігін ашқан ауыл немесе қала ғана болмауы тиіс .Барша қазақ жері құмы мен тасына дейін менің Отанымның алтын бесігі.
Әрине, осы 20 жылдың ішінде егеменді еліміз өз дамуында ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ересен күш-жігері, кемел ақыл, кемеңгер саясатымен бір ғасырға бергісіз жолды еңсеріп үлгерді. Бұл жол теп-тегіс тақтайдай болған жоқ. Кешегі КСРО-дай алып державаның күйреп құлағаны, оның құрамындағы барлық елдердің есін тандырып түскенін ешкім жоққа шығара алмайды. Міне, осы бір, әсіресе әлеуметтік-әкономикалық тұрғыда қисапсыз қиындық туғызған тұста тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «тәуекел түбі – желқайық» дегендей, елдің бар құрылымын нарықтық қатынастарға бұрды. Бұл бағыт бұрынғы өмір формациясына, яғни социализм қағидасына қарама-қайшы болғанымен, дәл осы кезеңде тоқыраудан шығу үшін бұдан басқа жол да болмаған еді. Бүгінде әлем саясаткерлері еліміздің бұл даму жолын «Қазақстандық жол» деп әспеттейді.
Шынында, қандай қиындық, қандай кемшілік болса да, осы бағыт өркендеуге жол ашты . Ел жаңаша күнкөріске икемделді және жаңа заманның тірлігін игеріп әкетті. Нәтижесі – Қазақстан бүгінде әлемдік қоғамдастық үшін әкономикалық-инвестициялық тұрғыда қолайлы да тұрақты серіктестікке айналды. Сондай-ақ Қазақстан бейбітшілік елшісі ретінде танылған мемлекетке де айналып отыр. Өз еркімізбен ядролық қарусыз ел атанғанымыз бұл бүкіл әлемдік өркениетіне ерекше әсер еткені айқын . Әлемдік дін және конфессиялар басшыларының дәстүрлі сьезін өткізу, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының құрылуы Қазақстанды нағыз бейбітшіл ел екенін тағы бір қырынан танытып отырғаны даусыз. Мұның бәрі Қазақстанның өз ішіндегі қоғамдық тірліктің үлгісінен туындап жатқаны белгілі. Бұл – елдегі 140 әтностың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруінің шынайы белгісі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның ең жарқын асуы мемлекеттің Елордасын ауыстыру жобасы болғаны сөзсіз.
Бұл, енді нағыз ғасыр жаңалығы, Қазақстанның саяси-әкономикалық тұрғыдағы ең батыл әрі тәуекелді шешімі болды. Елбасының өзі бас сәулетші болып Есілдің ен бойында жаңа ел орда орнығып , Сарыарқаның төсінде Астана бой көтерді. Бүгінде тәуелсіздігімізге тірек болған Астанамыз күн санап сәулеті де, дәулеті де өркендеп келеді. Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан әлемдік саясаттың да салмақты серкесіне айналып үлгерді. Бұл ретте біз бірінші кезекте Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың табиғи талантына сүйсінуіміз керек. Қандай форумда, қандай саяси шешім қабылдауда болмасын Елбасымыз көрегендік, салқынқандылық, табандылық, шешендік, меймандостық қасиеттерімен қай ортаны болса да өзіне ұйыта алумен оқ бойы алда жүр. Осындай Қазақстан мен оның басшысына берілген әлемдік форматтағы бағалаудың бағамын біз Еуропаның Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастығы Ұйымына, яғни ОБСЕ-ге Төраға болған кезеңде, сондай-ақ ОБСЕ-нің Астана Саммитін өткізу барысында танып білдік. Ойлап қараңыз, 56 мемлекеттің басшылары мен ірі халықаралық ұйымдар өкілдерінің жетекшілерін бір арнаға тоғыстырып, бүкіләлемдік мүддені талдап, талқылаған Астана Саммиті, шын мәнінде, бүкіл Қазақстанның жұлдызды сағаты болғаны анық. Міне, осының барлығы да Елбасының кемел ақыл-парасатының арқасы екенін мойындауымыз керек. Биылғы жылдың өзі -ақ ел тарихындағы айшықты оқиғаларға толы болып отыр. Ең біріншіден, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл толады.
Біз үшін, бұл – тұғырлы белес! Екіншіден, тұңғыш рет қазақ елінде Азияданың қысқы олимпиадалық ойындарын сән -салтанат, үлкен жеңістермен өткіздік. Біз үшін, бұл – байрақты жарыс! Үшіншіден, биыл тәуелсіз Қазақстан әлемнің 57 мемлекеті мүше саналатын Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етіп, бүкіл әлемдік маңызы зор осы саяси форумды абыройлы өткізді. Біз үшін, бұл – мерейлі мәртебе! Жалпы, мұндай тәуелсіз қазақ елінің, Қазақстан халқының 20 жылдық өміріндегі мәртебелі биіктер Ұлт көшбасшысының баға жетпес жанқиярлық еңбегінің арқасында қол жеткен керемет жетістіктер болып саналады. Сонымен Қазақстан тәуелсіз ел атанып, дербес мемлекет құрғанына 20 жыл болды.
Қорыта айтқанда, тәуелсіздік жолы – касиетті жол. Оған шығар алдында адам баласы арын да, жанын да тазарту керек, рухани сілкініс керек.Қасиет тұтқан қазақтың бойтұмары секілді, қазіргі кезде біздің бойтұмарымыз - Ата Заңымыз.
Тәуелсіздікке қол жеткізген осынау жарқын күндерде менің туған өлкемде,алтын бесігім Қазақстанда, бүкіл әлемде тек бейбітшілік болса екен деймін.
Туған жерді біздер, жас ұрпақтар,сүймесек оның ертеңі не болмақ? Туған жер жайлы толғанысымды «өлеңі өртке тиген дауылдай» Қасым ақынның жырымен аяқтамақпын:
Мен де өзіңдей байтақ едімдең едім
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Менде аямай барымды саған беремін.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Қазақстан - алтын бесігім туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Қазақстан - алтын бесігім на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Қазақстан - алтын бесігім