Менің Қазақстаным

 Менің Қазақстаным

Ереханова Назерке
7 сынып, № 2 жалпы орта мектебі
Кентау

Менің елім-Қазақстан.Біздің ел ордамыз-Астана.Астана -бұрынғы Ақмола.Ақмола қаласы өзінің ерліктері мен ұлы адамдарымен атағы шыққан.Қазіргі кезде тәуелсіздік егеменді Қазақстанның астанасы болу құрметіне ие болды.1995 жылы 15 қыркүйекте астанасы Ақмолаға көшіру туралы Жарлық шықты.1998 жылғы 6 мамырда Ақмоланы Астана деп қайта атау туралы Жарлық шығарылды.Қазірде Қазақстан халқының жасампаздықтың жемісі Астана қаласы әлемдегі ең көркем қалаға айналып, көркейіп келеді.
Қазақстан-қазақ халқының мекені,ежелгі қонысы, Отаны.Бұл жерде ата-бабамыз туды,тұрды, өмір сүрді.Оның кең жазира жерін ата -бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтан -ұрпаққа қалдырып келеді. Ол біздің ең қасиетті, қадірлі, асыл мұрамыз.
Қазақ халқы Атамекен мәселесіне өте терең ілтипатпен қараған халық.Жалпы "Атамекен" сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдірсе керек. "Кіндік кесіп,кір жуған","кіндік қаны тамған" деген сөздер бар қазақта.Бәрі де өзінің тұрған мекеніне жылы жүрекпен, терең ілтипатпен қарағандықтан туған сөздер. Атамекен мен ұлт, Отан ұғымдарының арасындағы тамыры терең байланыс осыдан туындайды. "Ойлап қарасаң, әр адамның өмірінің өз бастауы бар.Біреулер салқын-самал теңіз жағалауында,енді біреулер ыстық құмды алқапта,біреулер тоғайлы орман ішінде туып өмір кешеді.
Адамзатты қоршаған ортадағы дүниелердің бір-бірімен белгілі бір жаратылыс заңдылықтарына сәйкес тығыз байланыста, тепе-теңдікте болатынын,әлемде әлі ашылмаған, адамдар танып болмаған құпия сырлар көп екендігін бала кезімнен жақсы ұғындым.Мен сол шексіз әлемнің көрінер-көрінбес титтей ұнтағымын және бір бөлігімін.
Сол балғын шағымдағы менің түсінгенімде Отан деген осы бір ұшы-қиыры жоқ кеңістіктегі ұлан -байтақ ел, соның бір бұрышындағы кішкентай жерде өмір сүріп жатқан әке -шешем, ағайын -туыстарым және менің өзім деп санайтынмын.
Ал менің Отаным -қазақтың ұлан - байтақ кең даласы, жусан иісіне толы самал желі,нұр сәулелі күні, жасыл желек жамылып гүлге оранған жері,қыран бүркіт еркін самғаған көк аспаны,менің туған халқым екенін және де әр адамның туған жерінің, байтақ даласының әр тасы,өзен-көлі, самал желі,асқар тауы,өсімдігі, жан-жануары бәрі қымбат.
Туған жердің күллі сипат - сыны, құдірет-құны өзін мекен тұтқан халықтың тұрмыс-салты арқылы басқаларға құндылығын танытады.
Өзі өрбіген елге, туып-өскен жерге деген адам махаббатының,алаулаған сағынышының қаншалықты тасқынды екенін асыл қасиетін шалғай шетте, ел ішінен амалсыз шығындап, қиырға қара үзіп кеткендер ғана айрықша оның,бұлдырсыз айқын сезінеді,қадір -құнын жетік біледі.
Жерден қасиетті,жерден киелі дүние жоқ.Жер бар жерде ел бар.Ел-ер - азаматтың думанды ортасы.Жер адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.
Туған жер, ана тіл, дәстүр, салт -сана, тарих бұлардың бірі жоқ жерде екіншісінің болуы мүмкін емес.
Туған жер, ана тіл, дәстүр,салт -сана, тарихқа деген сүйіспеншілік, құрмет-нағыз азаматтықтың көрінісі.Ешкім азамат болып тумайды.Басында бұлағы өзеннің ұзақ, ағатыны секілді,өнегелі ата-ананың тәліміне сусындап - адалдық, еңбек сүйгіштік,бауырмалдық рухта ер жеткен бала, мектеп, қоғам тәрбиесін де бойына жақсы сіңіреді.Мен бауырмалдық дегенді бірнеше рет қайталадым.Оның кең мағынасы халқаралық достық -бауырмалдық. Азаматтықтың, батырлықтың бір негізі осы бауырмалдықтан шығады.Ерлік аспаннан түспейді,ол Отанды сүюден туады.Ал Отанды сүю үй ішіңнен, от басынан өседі.Ата -ананы, апа -қарындасты, аға -ініні сыйлап құрметтеген адам халқының да қадіріне жетеді.Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді.Елін сүйген -ер атанады.Өйткені ерлік білекте емес,елін сүйе білген адал жүректе...
Туған жер -тұғырың , туған ел -қыдырың, -демекші Атамекен... Ата жұрт...Туған жер... Бұл -ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі.
Атамекен- туған халқын,ұлтының мекен еткен, ата-бабасының қоныс тепкен жері.Туған жер-әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері.Адам өмірге келіп,ес жия бастаған сәттен өз болашағына да,өткені де атамекенмен тығыз байланыста болады.Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған. Жүрегімізден табылатын, алыс кетсек сағынатын атамекен.Қазақстан -керемет ғажап ел,Қазақстан ғаламға, әуелі Атамекенге шығармаған ән жоқ.Ғасырлар бойы кеудесін құшқан Қазақстан, бүгінгі ғажап үн.
"Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.Ат төбеліндей болса да, өскен ел қымбат",-демекші "Атамекен -алтын бесік" деп, ата -бабамыз тегін айтпаған. Ол өз перзентіне барып,нәрін береді.Төсінде тербетіп,аялап әлпештейді .Әр адам өз атамекенін мақтаныш етеді,қадір тұтады.Атамекенге қызмет ету -әрбір азаматтың игі арманы, мақсат -мүрдесі.
Қазақстанның жеті кереметтері: таңбалы жас суреттері, сол кезеңдегі адамдардың өзіндік дүние-танымын асқан суреткерлікпен айшықтағанын көрсетеді. Одан соң : Алтын адам-сақ тайпалары өмір сүрген кезең мен олардың әдет-ғұрып, мәдениетін айрықша көрсететін тарихи мұра.
Бүгінгі таңда қанатты барыспен үйлесімдік тапқан "Алтын адам" Қазақстанның ұлттық белгісіне айналды.Осыдан соң: домбыра -қазақ өмірінен ерекше орын алатын ұлттық дүниесі.Қазақ халқы өмір,оқиға,күрес, сезім иірімдерін домбыра үніне қосып, күмбірлете күй төгіп,әсем ән айтып, жадырата жыр жырлаған. "Нағыз қазақ -қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра" демекші,ақынжанды,әнқұмар қазақ халқы екі ішекті домбырамен үндесіп,өзінің өмір тарихы,ой-талғамы,арман-қиялы жайлы сыр шертеді.Содан соң:киіз үй-дүниетаным құралы.Киіз үй-қара шаңырақ-ұрпақ жалғастығы,дәстүр сабақтастығы,өсіп өніу,ырыс-құт ұғымдарымен тығыз байланысты.
Содан соң: Қожа Ахмет Йасауи кесенесі-сәулет өнерінің тамаша туындысы.Кесене өз уақытында киелі орынға айналып, онда Қожа Ахмет Йасауи ғұлама ел -жұртты ұйытып,имандылыққа шақырып,ақиқатқа бастайтын адамгершілік ұстанымдарын дәріптейтін уағыз-насихат жүргізілген.Кесенеде қабірхана,кіші мешіт, кіші Ақсарай,үлкен Ақсарай, асхана, кітапхана, құдықхана бар.Содан соң: Маңғыстау жер асты мешіттері-рухон байлықтың ерекше үлгісі,озық сәулеттік құрылысы .Ғимараттардың ішіндегі ең ескісі -жерді дөңгелете ойып қазып, таспен қаланған-бәйге ғибадатханасы.Шақшақ ата кесенесі саған -атам, құлпытас,сағана-қайтас секілді ескерткіштер мен жер асты мешітінен тұрады.
Жер асты мешіттерінің ішінде көбірек зерттелгені Бекет ата мешіті.Бекет атаның әулиелік дәрежесі болған.Ол бала оқытатын жер асты мешітін салған.Ақмешіт қорымы-тарахи-сәулет өнері ескерткішіне жатады.Ақмешітті Бекет ата салған.Ескі бейнеу мешіті-шатқалдың тоғысар тұсындағы ұлутас пен бар қабаттарынан тұратын төбеден үңгіп салынған.Тобықты мешіті,Оғланды мешіті де төбеден үңгіп салынған ғимараттар.Содан соң: Астана-Бәйтерек. Астананың тұмарындай болып,көк аспанға бой созып тұрған "Бәйтерек" сұлу сымбатымен көз тартады . Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол Қазақстандықтарда ерекше дамыған.
Ата -бабаларымыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру