Еліміздің мемлекеттік рәміздері

 Еліміздің мемлекеттік рәміздері

Сейтбаттал Сұңқар
1 сынып, №76 Ә.Бөкейхан атындағы орта мектеп

Жұмыр жердегі әрбір тәуелсіз елдің қастерлеп, құрметтейтін, мақтан етіп, асқақтата ұстайтын рәміздері бар.Мұндай рәміздер тек бертін ғана пайда болған жоқ, адамзат баласының ертедегі дүние тарихында да әр тайпа, әр ұлыстың өз таңбасының, белгісінің болғанын археологиялық қазбалардан жақсы білеміз.
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа рухтағы рәміздерін қалыптастыруға, дайындап жасауға шын мәнісінде әр қазақстандық үн қостық десек, асыра айтқандық болмайды. Мемлекеттік тудың үздік жобасына бәйге барысында 600-ге тарта ұсыныс жасалынған. Солардың ішінде суретші Шәкен Ниязбековтың жобасы лайық деп танылды. Ту жобасының түпкі ойы негізінде жалпы адамзат қазыналары, Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықта атқаратын қызметі мен алатын орынын бейнелеп жатқандығы атап көрсетілді. Сондықтан әлем халықтары ұнатып, мойындаған зеңгір көк түсті таңдап алған. Бұл түс баянды бейбітшілікті, бірлікті, салауаттылықты аңғартатын мөлдір аспанды бейнелейді. Мемлекеттік жалаудың ортасында шұғылалы күн және қыран бейнесі-алтын түсті. Матаның сол жағында қызыл түсті ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан.Жалаудың ені мен ұзындығының қатынасы -1:2.
Егемен елдің Елтаңбасы қандай болу қажет дегенге үн қосқандарда аз болған жоқ. Байқауға 245 жоба ұсынылған. Солардың ішінен белгілі суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалихановтың жобасы таңдалып алынды. Оның көркемдік шешімі негізінде шаңырақ, жұлдыз, сондай-ақ аңызға айналған пырақ және «Қазақстан» деген жазу бар. Мұндағы дәстүрлі қанатты тұлпарпырақ бейнесі биік самғауды, болашақ жайлы арманды білдіреді. Тұлпардың көкке самғаған қанаттары біздің ортақ отауымыз- шаңырағымыздың қорғап тұр, ширатылған мүйіз-қайсарлық, қайраттылық әрі көне тарихымызбен сабақтастық мәнісін береді.
Жаңа Әнұранның өлеңі мен сазы туралы айта кететін болсақ, 750-ге тарта жобаның М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т Молдағалиев тәрізді сөз зергерлерінің өлең сөзі лайық деп танылды.
Кейінірек Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны 2006 жылы қайта қабылданды. "Менің Қазақстаным" әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың иннаугурациясы кезінде орындалды. Әнұранның әуені 1950 жылдардан бері Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әні болса, мәтіні аз кем өзгертілді.Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру