4 Маусым - Рәміздер күні (Рәміздерім - мақтанышым)

 4 Маусым - Рәміздер күні (Рәміздерім - мақтанышым)

Қайратова Ақнұр
3 сынып, №76 орта мектебі
Қарағанды қаласы Жетекшісі: Киргизалина А.С.

Қазақстан Республикасының өзіне тән мемлекеттік рәміздері бар. Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар,әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салынған.Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.

Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын қыстау кезіңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.

Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, тудың сабының үстінде ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла,қыран,өрнек бейнесі алтын түстес.

Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме келіп ілінді.

Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып,халықтар талап етіп,отбасына күн ананың жарығын шашып тұр. Көк аспан- кеншіліктің,тыныштық пен биіктің белгісі. Бидай сабақтары- молшылықтың нышаны.

Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті.Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып,көлдері көкке күміс шашып,тілінің мәртебесі биік болсын!

Өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімізді нығайта
түсуге тырысайық!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру