Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер

 Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Бұл атаулы мереке Шұға ауылындағы Балдырған атты жазғы демалыс лагерінде тәрбиешілер Айман Қабдікарімқызы, Іңкар Келденқызының басшылығымен жоспарланып, мерекеленді.


«Мақтанышым - мемлекеттік рәміздер» - деген іс-шара Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту мақсатында өткізілді.


Мерекені «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленетінін айта келе мектеп директоры Бағадат Мұғаммарұлы барлығын: Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! деген құттықтаусөзімен аяқтады.


Соңынан демалушылар патриоттық әндер айтып, түрлі викториналық сұрақтарға жауап беріп, интер тақтадан слайдтар көріп Қазақстанның әнұранымен аяқталды.


Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру