Ғасыр қасіреті. Тірідей тозақ отына қақталғандар...
Сүлеймен Баязитов
Кешкі түгендеуден кейін рота командирі: «Ертең, яғни жексенбі күні театрға барамыз», –дей келіп рота старшинасына театрға баратын әр жауынгерден билетке қанша ақша алатынын айтып пысықтаған. Қойылым атауы «Куба, любовь моя!» екендігі оны сахналайтын Одаққа, тіпті әлемге белгілі Ленинградтың Опера және балет театры екенін еске салуды ұмытпаған.
Таңғы астан кейін театрға баруға әзірлік басталып кеткен еді. Әр жауынгер каптеркадағы парадтық киімдерін алып үтіктеп, түйме тағып, ақ жағасын ауыстырып, қарбалас үстінде. Қалтамдағы азғантай тиын- тебенім театрға билет алуға жетпейтінін байқаған мен кереуетімнің қасындағы тумбочканың жанында кітап оқып отырдым. Кенет аты-жөнімді атаған рота командирінің дауысын естіп, орнымнан апалақтап атып тұрдым. Ол маған:
- Қатардағы жауынгер, Баязитов! Жұрттың бәрі театрға жиналып жатқанда, сіздің жайбырақат отырғаныңызға жол болсын!.. Осы арада мен қысыла -қымтырыла тұрып, билет алуға ақшам жетпейтінін айттым. Ол старшинаға: «Менің есебімнен билеттердің бірін Баязитовқа беріңіз»,- деп бұйырды. «Айында, жылында бір келетін үлкен өнер ордасының концертіне командирі қатардағы жауынгеріне билет алып берсе, оның артықшылығы бола қоймас»,- деп осы жайдың еріксіз куәсі болып тұрған менің қарулас достарымды күлкіге қарық қылды.
Қақпа сыртында полк командирі бастаған командирлер бізді сапқа тұрғызып, Отан алдында азаматтық парызын өтеп жүрген біздер сияқты жүздеген, мыңдаған совет жауынгерлерін өскелең заман талабына сай білімге, өнерге бейім, Отансүйгіш етіп рухани құндылыққа тәрбиелеу коммунистік партияның әкелік қамқорлығы екеніне тоқтала келіп, жол бойы , қалада әскери тәртіпті қатаң сақтау керектігін қадап айтты.
Біздің бірінші рота алда. Қалғандары да қатар сандарына сәйкес белгілі бір ара қашықтықты сақтап жүріп келеміз. Енді біраздан соң өзіміз күнде қасынан өтіп жүретін қаланың да қарасы көрінбек. Тек кенет қарсы жолыққан офицер сапты тоқтатып, оған әп-сәтте жинала қалған басқа да рота командирлеріне әлденелерді айтып жатты.
Әлден соң рота командирінің бұйрығымен кері шегініп, аздан соң сүрлеу жолға шықтық. Бұл жолмен көптен бері ешкім жүрмегені бірден байқалды. Шіріп құлаған ағаштар да алынбаған. Шөп өсіп кеткен, үш төрт шақырым жүргеннен соң бұл өңірде кездесе бермейтін ашық алаңқайға тап болдық. Әр жерде сақталып қалған шала жанған ағаштардың адырайып жер бетіне шығып қалған тамырлары мұнда өрт болғанын айғақтайтындай.
Ойыма рота командирінің бірде көктем шығар тұста сап түзеген жауынгерлерге қарата: «Енді бірер күнде қыс бойы біз тұрып жатқан ағаштары көкпен таласқан ит тұмсығы батпайтын қалың орман қардан арылып көктем де келіп жетеді. Айнала құлпырып сала береді. Көзге қуаныш, көңілге шаттық сыйлайтын көктем жазға ұласады. Міне осы шақ сіздер мен біздерден ерекше мұқияттылықты талап етеді. Әсіресе орман ортасында келе жатып, темекі тартып, оның шоғын сөндірмей тастай салудың соңы өртке соқтыруы мүмкін. Ал өрт бола қалған жағдайда бұл арадан тірі шығу екіталай»,- деген сөзі түскен. -Апыр-ау, сонда мына байтақ алқапта өрт болғанда жауынгерлер, қала тұрғындары... Ойымды әлдекімнің: «Ана көлді қараңдар... Мынандай ыстық күнде бір сүңгіп шықса...» – деген даусы бөлген. Тіпті кейбіреулер:
- Жолдас командир, біз сол концертті қайтеміз? Барамын дегендер барсын. Бізді көл жағасына...
Оларды командирдің: «Отставить!» - деген қатқыл үні сабаларына түсірді.
- Сендер,- деді командир әлден соң,- көл жағасындағы корабльді, одан әріректе тұрған шіркеуді көріп тұрсыңдар... Адам қарасы көздеріңе шалына ма? Жоқ, айнадай жарқырап жатқан айдын көлдің жағасы неге бос? Күн көзінен қорғанатын қалқандар неге жоқ? Жағажайдың құмы қайда кеткен? деген сауалдар мазаламай ма? Біз аңтарылып бір-бірімізге қарастық. Осы сәтте екінші ротаның қарасы көрінген. Сондықтан да болар командир сөзін келте қайырып: «Бұл арада жарылыс болып, ондаған тіпті жүздеген адамдардың өмірін жалмаған. Тірі қалған мыңдаған адамдардың мәңгілік қасіретіне айналған. Атом жарылысы болған»,- деді баяу үн қатып.
Жүріп келеміз. Біздің көңілімізде бұл қалай болғаны? Атомды кім жарған? Мұнда атом қайдан келген? - деген сауалдар көлденеңдеген. Көбіміз сәт санап, артымызда қалып бара жатқан көл жаққа жалтақтап қарап келе жатқанымызды байқаған командир:
- Сендер «Челябинск -40» дегенді естіп пе едіңдер?
-Естігенбіз. Әсіресе карантинде болғанда сержанттар: « Тәртіпке көнбесеңдер алдағы қызметтеріңді Челябинск -40-та атқаратын боласыңдар!» - деп қорқытатын. Айтыстарына қарағанда, онда тап болған адам аз уақытта-ақ шашы түсіп, ақ қан ауруына шалдығады. Ұрпақсыз өтеді екен.
-Радиация дей ме?..
-Жеткілікті!- деді командир. - Хабарларың бар екен. Сол «Челябинск-40» осы жер. Ал апат қалай болғанға келсек, ғалымдардың ба, жоқ әлде қосалқы қызметшілердің салғырттығынан болғанға ұқсайды. Алғашқыда апаттан мерт болған адамдарды жерлеуге дайындық, жаралыларды орналастыру әуре- сарсаңына берілген жұрт орман алаулап жана бастағанда ғана жарылыс ұшқыны тіпті әріге түскенін бір-ақ байқаған.
Бірақ кеш еді. Енді бәрін қоя тұрып, барлық күш өртті сөндіруге жұмылдырылған. Көпке дейін жергілікті жердегі партия, кеңес органдары әскери басшылық: «Москваны дүрліктіру ретсіз, өз күшімізбен талқан-табыры шыққан зерттеу орталығын бірте-бірте қалпына келтіреміз»,- деп шешкен болуы керек.
Тек радиация алған адамдар лек-легімен жергілікті ауруханаға, әскери госпитальдерге ағылып келе бастады. Олардың сандарының күннен-күнге арта түсуі, радиациялық фонның өте жоғары болуы дәрігерлер мен мұндағы ғалымдарды, жергілікті партия кеңес органдары мен әскери басшылықтың ұйғарымымен кешігіп болсын дабыл қағуға мәжбүр еткен еді. Тек шетелдік саясаткерлердің дабылынан, әлем жұрты алдыңдағы Совет елі сынды ұлы державаның абыройына нұқсан келуіне сескенген болар. Москва жарылыс болғандығы жайлы жария етуге тыйым салды. Күні кеше ғана жабық зона аталып келген аймақтың арнайы статусын алып тастады. Сөйтіп, бір-ақ сәтте жабық қала, ашық қалаға айналды.
Бірақ бұл тұста оның айнала төңірегіндегі елді мекендерге «иісі» әбден-ақ шығып үлгерген. Мұнда көшіп келіп қоныстануға талаптанушылар жоқтың қасы еді. Ал қала маңындағы деревнялардың тұрғындарының көпшілігі бұл тұста әр түрлі дертке ұшырап, ауруханалардың пациентіне айналған.
Міне, сондықтан да мұндағы жағдайдан кең байтақ кеңес елін құлағдар ету жоғары басшылыққа тиімсіз көрінген болар. Сол құпия бүгінге дейін сақталып келеді. Бізді кері бұрудың сыры сол құпияда жатыр. Артистер әскери жабық аймақта орналасқан қаланы көруге тиісті емес. Көрсе елге жаяды...
Аурулардың барлық жағдайын жасауға тырысты. Тек... сырқаттардың көбі бұл дерттен айығу мүмкін емес екендігін басқа жерлерде тап мұндағыдай аздап болсын маманданған, тәжірибе жинаған дәрігерлердің жоқ екенін жақсы білетін. Сондықтан да тағдырдың басқа салғанын осы жерде күтуге мәжбүр еді. Әйтеуір... Өмірден жастай озушылар, дімкәстігіне байланысты мүгедек атанғандар көп еді. Өңірде тұрғындардың арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылар да аз болмағанға ұқсайды. Бұл жайларды кейінірек өзіміздің бөлімге жақын орналасқан жабық қала тұрғындарынан там-тұмдап сұрастырып білген едім.
Қалаға еніп келеміз. Көше жым-жырт, ерсіл-қарсыл сапырылысып жатқан жұрт көзге шалынбайды. Осы мүлгіген тыныштықты: «Вот дает, голые женшины!»- деген әлдекімнің даусы бөлген еді. Бәріміз әлгі нұсқаған жаққа жалт қарастық. Бес қабатты үйдің балкондарында тұрған тыр жалаңаш әйелдерді көргенде, өзгелерді білмеймін өз басым қатты сасып қалған едім. Саптағылар у да шу, тіпті кейбірі саптан шығып, әйелдерге қарай жүгіре беріп, тек командирдің: «Отставить!»- деген қаһарлы әмірінен кейін іркілген.
Осы сәт тыр-жалаңаш арықтықтан адырайған сүйектері терілеріне ілініп тұрғанына қарамастан бірін-бірі сүйемелдеп, сүйретіліп балкондарға шыққан бейшаралар ән сала бастады. Олардың әндері әннен гөрі кімнің болсын жан дүниесін күйзелтіп күңірентер зарға толы еді. Әлден соң ән сөздері пақырлардың егіле жылаған ащы айғайларымен астасып кете барған. Лек-легімен мәдениет сарайы алаңына келіп жеткен рота командирлері сарайдың есігін аштыра алмай әлек еді.
Бір ғажабы, әйелдердің әндерінде советтік қоғамның кереғарлығына , өздерінің ауыр тағдырларын шағыну, қорғау, балағаттаудан ада еді. Есесіне әйелдің еркекке, еркектің әйелге анайы махаббаты, тұрпайы сүйіспеншілігі небір қисынсыз қырынан суреттеліп, адам мүшелерінің аттары өз атауларымен аталып, өзін адам ретінде сыйлайтын жанның құлағына түрпідей тиетін дүниелер болатын.
Бұл тұста полк командирі де келіп жеткен еді. Тек соның араласуымен ғана мәдениет сарайының есігі ашылды. «Бірінші рота !» -деген тұста біз есікке жақындай бердік. Міне, осы сәт қайдан шыққаны белгісіз милиция формасындағы бірнеше сержант қыздар орналасқан жаңағы жатақханаға қарай құстай ұшып келе жатқанын көзім шалды. Бізді ішке тізім бойынша бір-бірлеп кіргізе бастады. Соңғы боп кірген рота жігіттерінің көбінің өңі қашып, мейлінше абыржулы еді.
Солардың бірі маған: «Жаңағы ән милиционерлердің қолынан майып болғанын кім білсін?! Милиционерлер оларды балконнан ішке желкелеп кіргізді»,- деп сыбырлады. Концерт уақытылы бастала қоймады. Әртістерді жатақханадағы у-шу басылғанша қала шетінде ұстағаны соңынан белгілі болды. Жолда келеміз. Көңіл күй астан-кестен. Таңертең сапқа тұрып жатқанда кезекшінің: «Рядовой Баязитов, командиру роты!»-деген пәрмені естілді. Есіктен кіре берген маған:
- Сіз бүгін өндіріс алаңына бармайсыз. Сағат онда ерекше бөлімге баруыңыз керек, - деді.
-Құп болады!
- Сіз сәл-пәл қызбалаусыз. Байқаңыз!- деді. -Күйіп кетіп жүрмеңіз! Сағат онға бір минут қалған тұста ерекше бөлімнің есігін аша беріп едім:
-Кіріңіз,- деді әлдекім. Шағын бөлменің төрінде отырған подполковник көзіме түсті. Қолымды күнқағарыма жақындатып:
-Товарищ... - дей беріп ем.
-Отыр!- деді ол қатқыл үнмен алдындағы орындықты нұсқап. Сол сәт оның маған көзінің астымен тұнжырай, әр қимылымды жіті бақылап отырғанын аңғардым. Ұзақ уақыт тіл қатпауы менің мысымды баса бастағанын аңғарған мен үнсіздікті үзу қажет екенін іштей ұғындым.
- Мен сізді тыңдап тұрмын.
- Сол сәт ол ұшып көкке, ұшып жерге түсті.
- Сен, сен... Не дедің? - деп тұтыға айғайлады. -Бұл мені тыңдап отыр. Сен өзіңді кіммін деп ойлайсың, ә? Жауап бер кәне! - деді түтігіп.
- Мен бе? М-мен қатардағы жауынгермін.
- Солай де, мұның ұмытпағаныңа да рахмет!- деді ол. - Онда әңгімемізді бастайық. Солай десе де ол тағы да әлдебір ойға беріліп кеткендей еді. Әлден соң:
- Сен кеше тірі өліктердің концертін көрдің бе?
-Түсінбедім сіздің тірі өліктеріңіз...
- Әрине, ленинградтық әртістер емес, әңгіме тыр- жалаңаш ән салып, би билеген өзіміздің провокатор бикештер туралы.
- Көрдім, тек мен оларды провокатор дей алмас едім.
- Қызық екен. Мен бүгін сағат жетіден сол коңцертті көрген бірталай адамдармен сөйлестім. Олардың арасында өзге оқу орындарын былай қойғанда, академия бітіргендері бар. Олар бір ауыздан әншілерді: « Аранда-тушылар, Советтік өмір шындығына жала жабушылар!»- деп қатаң жазалауды талап етті. Ал сіз... Айта беріңіз.
-Өйткені олар әндерінде совет, партия дегенді ауыздарына да алған емес. Еңселерін езген қасіретке берілмей, соңғы рет болсын тағдырларына күле қарағандарын ащы әжуамен мүмкіндіктерінше өзгелерге әйгілеу ғана. Бір ғажабы, ол менің сөзімді бөлмей тыңдап отырды. Әлден соң:
- Сен ақынсың ғой!- деді жымиып. Оның осы жымиысында қошемметен гөрі ызаға толы кермек кекесін басым сияқты көрінді.
-Ал ақындар адамдардың қаны түгіл көз жасының төгілгенін қаламайды. Солай емес пе?
-Солайы солай да шығар,- деп ойладым мен. Тек мұның маған қаншалықты қатысы бар. Тіпті бар болғаны газет бетінде екі-үш өлеңі басылған мені ақын деу ақылға қонбайтынын былай қойғанда күлкілі емес пе? Ал бұл айтқандай ана пақырларға ара түсіп отырсам, ол бар болғаны есім кірген тұстан әке- шешемнің, ауылдастарымның «обал –сауап» атты ұғымдарды құлағына талмай құюының нәтижесі болар.
-Тек саған мұнда көргендеріңді ұмытуға тура келеді!- деген оның үні ойымды бөлген. Жариялатпақ түгіл қағазға түсірсең, әлдекімдерге әңгімелесең, түп-тұқияныңмен құрисың. Мына қағазға қолыңды қой!- деді ол қатқыл үнмен. Сол сәт ішімнің удай ашығаны соншалық – бұл шектеудің неше жылға созылатынын ұқпай да қалдым.
Кейінірек сол жай есіме оралғанда: « Совет үкіметі мәңгілік қой, демек шектеу де мәңгілік, оған бас қатыратын не бар?!»- деп ойлайтынмын.
1989 жылы 25 ақпанда КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа кандидат қазақтың аса көрнекті ақыны Олжас Сүлейменов Қазақстан телеарнасынан Семей сынақ полигонының бұған дейін тұмшаланып келген ащы шындығын айдай әлемге паш етті. Іле «Невада-Семей» қозғалысы құрылды. Оны әлем мойындады.
... Ақыры, 25763 «Челябинск- 40» әскери бөлімшенің басты парағына да қол жетті-ау. 1957 жылы 29 қыркүйегінде радиоактив қалдығы сақталған ыдыстың бірінде салқындату жүйесінің бұзылуынан жарылыс болған.
Жарылыс тот баспайтын құрыштан жасалып, 8,2 м тереңдіктегі бетон каньонда сақталған ыдысты талқандап, каньонды жапқан 25 м бетон плитаны жұлып, радиоактивті заттекті 1-2 км биіктікке көтерді. Сұйық және қатты аэрозолдан тұратын радиоактивті бұлтты құрады. 20 миллионға тарта радио активтік зарарлы заттек ауаға тарады.
Челябинск, Свердловск және Тюмень облыстары радиациялық ластану аймағында қалды. Ал бұл облыстарда 272 мың адам, 217 елді мекенде тұрып жатқан. Жел бағыты селолық жерлерге қарай болғандықтан, 23 селолық елді мекен жер бетінен жойылып кетті. Мал басын қырып, киім- кешекті өртеп, қираған құрылыстар жерге көмілді. Он мыңдаған адамдар бір сағаттың ішінде қолда бар жиған- тергенінен айрылып, құлазыған далада қала берді.
Экологиялық босқынға айналды. Осыдан 29 жыл өткенде «Чернобыль» апат аймағында да осындай жағдай қалыптасты. Көптеген ғалымдар «Маякта» ядролық жарылыс болды деп есептейді. 50 жыл өтсе де апаттың техникалық және химиялық есебі шығарылған жоқ. 7-13 жастағы балалар радиоактивті егінді көмуге жұмылдырған. «Маяк» комбинаты апатты жою үшін тіпті екіқабат әйелдерді де пайдаланды.
Челябинск облысында атомшылардың қаласында апаттан соң өлім-жітім көбейді. Адамдар тура жұмыс басында өлді, кемтар балалар өмірге келді, тұтастай жанұялар көз жұмды. Енді сол апатты көзімен көргендердің жазбаларына назар аударалық, Ф. Байрамованың «Ядерный архипелаг, қазан 205» кітабынан: Гүльнар Исмагулова, татар, Қарабелка селосы. «Мен 9 жаста едім, мектепте оқитынмын. Бірде бізді жиып алып: «Егін жинайсыңдар!»- деді. Тек бізге егін жинатудың орнына оны көмдіргендері бір түрлі түсініксіз еді.
Айнала төңірегімізде біздердің қашып кетпеуімізді бақылап милиционерлер тұрды. Кейін біздің сыныптағы оқушылардың көпшілігі қатерлі ісіктен қаза тапты.
Тірі қалғандары дауасыз сырқатқа шалдықты, әйелдер бедеуге шалдықты»,- десе, П. Усатый: « Челябинск- 40» жабық аймағында әскери қызмет атқардым. Әскерге бірге алынған жерлесім үшінші ауысымда ауырып қалды. Қызметтен келген соң, ол жан тапсырды. Жүк тасыған вагондарда сағаттар бойы мұрнымыздан қан кеткенге дейін поста тұратын едік. Обьектілерде 2 метрлік қорғасын қабырғалардың сыртында тұрдық.
Тіпті ол да қорған бола алмады. Әскерден қайтарда әскери құпияны сақтау жөнінде бізге қол қойдыртып алды. Барлық әскерге шақырылғандардан біз үшеуміз қалдық. Барлығымыз да мүгедекпіз». Ризван Хаттаулин, Земфира Абдуллина бірі – мектеп оқушысы, екіншісі – колхоз жұмысшысы. Екеуі де радиациямен уланған егіс алқабында жұмыс істеген. Бірі көзінен айрылса, екіншісі қатерлі ісікке шалдыққан.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Өткен XX ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды...»- деп атап көрсетті. Өзгесін былай қойғанда, 1949 жылы 29 тамызда, таңғы сағат жетіде Семей сынақ алаңындағы алғашқы жарылыс. 1957 жылдың 25 қыркүйегінде Челябинск облысының «Маяк» комбинатында болған ірі радиациялық апат, Чернобльде ядролық энергетикалық реактор апаты өздерін Совет Одағының азаматтары деп білетін қаншама жүздеген, мыңдаған, жазықсыз адамдарды «атом» атты тозақ отына қақтады десеңші.
Семей полигонын былай қойғанда, «Челябинск -40», «Чернобыль» апатында қаншама қазақстандықтар қыршынынан қиылды десеңші. 1991 жылдың 29 тамызында Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Семей Сынақ алаңын жабу туралы» жарлыққа қол қоюы БҰҰ-ның шешімі бойынша бұл күн «Ядролық қаруды сынауға қарсы күрес күні» болып жариялануы айымызды оңынан тудырған, мәңгілік елмен бірге жасайтын, қасиетті, қастерлі күн болып қала бермек.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Ғасыр қасіреті. Тірідей тозақ отына қақталғандар... туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Ғасыр қасіреті. Тірідей тозақ отына қақталғандар... на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма Ғасыр қасіреті. Тірідей тозақ отына қақталғандар... жоспар, Ғасыр қасіреті. Тірідей тозақ отына қақталғандар...