Қазақстандағы еңбек қызметіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың түсінігі мен мазмұны
Еңбекке байланысты түрлі ойшылдардың цитаталары:
«Адам баласы еңбексіз өлікке айналады.» Шоу Джордж Бернард
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық айрылмас азап.» Абай Құнанбаев
«Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны өндіру жолындағы еңбек қана.» Махатма Ганди
Конституцияға сәйкес, әркім қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайларына, ешқандай кемсітусіз еңбегі үшін сыйақыға, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға құқылы.
Еңбек және олармен тікелей байланысты қатынастарды құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік деңгейде заңнаманың сақталуын бақылауды Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Бұдан басқа, әрбір азаматтың өз құқықтары мен мүдделерін сот және соттан тыс (келісім комиссиясы, кәсіподақтар деңгейінде және өзге де нысанда) қорғау мүмкіндігі бар.
Дегенмен, жұмысшылардың құқықтары жиі бұзылады. Бұған соттар қарайтын еңбек даулары бойынша талап-арыздардың көбеюі дәлел бола алады. Әрине, талап-арыздар әрдайым заңды бола бермейді, бірақ жұмыс берушілер тарапынан құқық бұзушылық фактілері жиі кездеседі.
Еңбек саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарының негізгі себептер ретінде мыналарды атауға болады:
жекелеген басшылардың белгіленген нормативтік талаптарды сақтағысы келмеуі немесе елемеуі;
басшылар тарапынан да, қызметкерлер тарапынан да құқықтық сауатсыздық;
азаматтардың өз құқықтарын қорғай алмауы немесе қаламауы;
экономикалық факторлар (мысалы, банкроттық, кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, салық төлеуден жалтару ниеті).
Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін материалдық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Бұл мақалада "әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасының кодексімен реттелетін әкімшілік жауапкершілік туралы айтылады.
Жұмыс берушінің еңбек саласындағы негізгі міндеттері
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс берушілер :
қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасу;
төлем кешіктірілген жағдайда қызметкерлерге жалақы мен өсімпұлды уақтылы және толық көлемде төлеу;
қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру;
жұмыс уақытының нормасын сақтау, нормативтен тыс қайта өңдеуге жол бермеу;
барлық қызметкерлерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді, сондай-ақ қандай да бір кемсітусіз, оның ішінде шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері, жасы немесе дене кемістігі себептері бойынша тең өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету;
заңнамада белгіленген тәртіппен салықтар мен аударымдарды ұстап қалу (есептеу) және аудару;
халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы сақтау;
мүгедектігі бар қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі міндеттерді сақтау;
қызметкерлердің талабы бойынша Ұжымдық шарт жасасу, Ұжымдық шарттың талаптарын сақтау;
қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету.
Жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар үшін айыппұл немесе ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделеді.
Қазақстанда еңбек заңнамасы жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейді. Еңбек заңнамасының нормаларын сақтамау әкімшілік құқық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін.
Еңбек қызметіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 86 -99 баптарында сипатталады. Ол келесі бұзушылықтарды қамтиды:
• Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу ;
• Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу ;
• Демалыс бермеу ;
• Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру ;
• Еңбек саласындағы кемсітушілікке жол беру ;
• Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу ;
• Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу ;
• Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп -тексеруді қамтамасыз етпеу ;
• Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау ;
• Ұжымдық шарт, келісім жасасу жөнінде заңнама талаптарын бұзу ;
• Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзу .
Осы тармақтардың әрқайсысында әкімшілік жазаға, айыппұл салуға алып келеді . Еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда қызметкер мемлекеттік еңбек инспекторынан немесе соттан көмек сұрауға құқылы.
Қазіргі қоғамдағы еңбек заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі өте өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген нормаларды орындамау тиісінше еңбек құқық бұзушылықтарының туындауына әкеп соғады және
белгіленген кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Еңбек саласындағы әкімшілік жауапкершілікке тарту тәжірибесін талдау нормаларды қолдану кезінде, сондай-ақ әкімшілік жазаны таңдауда проблемалар бар екенін көрсетеді. Осылайша, әкімшілік жазаны тағайындау жүйесін жазаның түрі мен мөлшерін өзгерту түрінде жетілдіру қажет екенін көрсетеді.
Әкімшілік жауаптылық Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау үшін негізгі шаралардың бірі болып табылады . Әкімшілік жауапкершілік азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі.
Қолданыстағы заңнаманың белгіленген нормаларына сәйкес әкімшілік жауаптылық 16 жастан басталады. Заңды тұлға да, лауазымды тұлға да әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу, еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу, демалыс бермеу бұл істер сотта әрдайым өзекті мәселе, жұмысшылардың құқықтары жылдан жылға бұзылады, алайда жаңа жұмыс берушілер пайда болып, заңнамада жаңа ережелер мен нормалар енгізілуде, олар орнында тұрмайды, бірақ өзгертулер жүріп жатса да , жұмыскерлердің құқықтары бұзылуда.
Еңбек қызметіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды түсіну Қазақстандағы заңнаманы сақтау үшін маңызды болып табылады. Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау экономиканың тұрақты дамуы мен қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың басты шарты болып табылады.
Әдебиеттер тізімі :
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ (ең соңғы өзгертулер енгізілді ҚР 11.07.2022 № 137-VII)
3. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы, 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ ( ең соңғы өзгертулер енгізілді ҚР 01.07.2021 № 61-VII )
4. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті https://qamqor.gov.kz
5. Административные правонарушения в сфере труда , Епифанов А.Е ,Братановский С.Н 2019г.
6. Административная ответственность работодателя за нарушение трудогого законодательства, Шапкенов С.Ж ,2022 г
Кенжеғали Сағадиев атындағы
Халықаралық Бизнес Университетінің
2-курс студенті Құрманали Жанерке
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру