Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Ғылыми жобаның тақырыбы: Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Зерттеу мақсаты:
1. Ертегілердің бала тәрбиесіндегі ролін ашып көрсету.
2. Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.
3. Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолдану жандандыру.
4. Ертегілерді насихаттау жолдарын көрсету;
Зерттеу болжамы:
Ертегілердің маңызын зерттеу, ертегілерді күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Зерттеу жаңалығы:
1. Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.
2. Аудиодискілер шығару, күнделікті қолданылатын қағаз, полиэтилен пакеттер сыртына ертегі кейіпкерлері суреттерін шығарса.
3. Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып, кейіпкерлерінің суретін салса.
4. Дәптер, күнделік, қойын дәптер сыртында насихатталса.
5. Шоколад қораптары сыртына суреттерін салу.
6. Компьютер, ұялы телефон беттеріне қазақ ертегілерінің суреттері шықса.
7. Қазақ ертегілерін дәріптеп, насихаттау туралы арнайы заң немесе ереже қабылдау керек.
Зерттеу нәтижесі:
1. Зерттеу жаңалығын дәптер, күнделік шығаратын баспаханаларда қолдануға болады.
2. Пакеттер шығаратын шағын кәсіпорындар жүзеге асыруына болады.
3. Аудиодискілер шығарып балабақшаларда, үйде ұйықтар алдында тыңдауға болады.
4. Қазақ ертегілерін дәріптеу және насихаттау туралы заң немесе ереже керек деген ұсыныс заңдастырылса, онда бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешіледі.
АННОТАЦИЯ
Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні» деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады.
Ертегілері. Әлемде ертегісі жоқ ел жоқ. Бірақ әр елдің, әр халықтың сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы.
Әрі ертегі арқылы біз өткен ата - бабаларымыздың ой - қиялдарын, тұрмыс - салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өкінішке орай қазіргі кезде радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер - су аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады. Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі әлдеқайда тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін зерттеп, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім. Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді.
КІРІСПЕ
Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу - сызу болмаған кездің өзінде - ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан - ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой - өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс - салты, іс - әрекеті басты орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой - өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т. б. халық ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама - қарсы қояды да, үлгі етеді.
Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Әсіресе адам өміріне байланысты іс - әрекеттер өткір сықақ - мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тазша бала туралыертегілердегі әке - шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді. «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял - ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады. Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.
Қазақ халық ертегілері — ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән — мағынасының артып отырғандығында. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет - ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой - санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқаның байқаймыз.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру