Жігіт сұлтаны

 Жігіт сұлтаны

Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғалық.
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті Жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті Жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер Жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.

Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда Жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Олай болса Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың 110жылдық мерейтойына арналған мектепішілік «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз. Байқауымызды ашық деп жариялап, Жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
Бітіруші сыныптың ер Жігіті,
Шақырайық ортамызға Арман ұлды -
11-сынып оқушысы Иса Арман

Спортпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар Мұхамедқали ортада
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан -
10-сынып оқушысы Дүйсенбаев Мұхамедқали

Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Жарбол атты Жігіт болған сабазды -
9-сынып оқушысы Жұбайдулла Жарбол.

Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау бар ойында.
Болатұлы Мақсаттай Жігітті,
Шақыралық қошеметпен ортаға -
8-сынып оқушысы Алмас Мақсат.



Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:
«Таныстырсам өзімді» - таныстыру
«Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету
«Күш атасын танымас» - кір тасын көтеру
«Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу
Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарының шеберлігі
«Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар

Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1Тәрбие ісінің меңгерушісі Баспаев Алып ағай
2Кәсіподақ төрағасы Дүйіс Абдол
3Әлеуметтанушы педагог Кемал Роза апай

Енді сайыскерлеріміз әділ қазы алқасынан жеребе алсын.
Сәттілік тілейміз.
І.Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді» - деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.
2-ші, 3-ші, 4-ші.

ІІ. «Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды Жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта Жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем Жігіт» - ел басқаратын Жігіт,
«Шешен Жігіт» - дау шешетін Жігіт,
«Батыр Жігіт» - еліне қамқор Жігіт,
«Сері Жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі Жігіт. Олай болса сері Жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.

Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.
Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.

ІІІ. Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде Жігіттеріміз 16 кг кір тасын көтереді. Ортаға 1-ші номерлі Жігітімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.
Әділ қазы алқасы «Сегіз қырлы, бір сырлы» шартының бағасын берсеңіздер.

ІҮ.Би болатын Жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар Жігіттің,
Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті Жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз. Ортаға 1-ші номерлі Жігітімізді шақырамыз.
2-ші, 3-ші, 4-ші.
Әділ қазы алқасы «Күш атасын танымас» шартының бағасын берсеңіздер.

Ү.Жігіттің көркі өнері,
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Ортаға қатысушы талапкерлерімізді шақырамыз. Әділ қазы алқасы уақытты белгілесе.
Әділқазылар алқасы «Құралайды көзге атқан» шартының бағасын берсеңіздер.

ҮІ. Ей, Жігіттер!
Сендерге биік ата - салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Жігіттеріміздің өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз сұраққа жауап береді.

Әділқазылар алқасы «Шебердің қолы ортақ» шартының бағасын берсеңіздер.
«Ескірмейтін есті сөз» шартының бағасын берсеңіздер.
ӘН.
Ортаға Жігіттерімізді шақырамыз. Сайысымызды қорытындылау үшін тәрбие ісінің меңгерушісі Алып ағайға береміз.
Сау саламатта болыңыздар!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру