Жігіт сұлтаны (7-9 сынып)
7-9 сыныптар арасындағы «Мичурин орта мектеп директорының» кубогына өткізілетін мектепаралық
«Жігіт сұлтаны» байқауының СЦЕНАРИЙІ
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
(фанфары – выход ведущих)
(фон – домбыра, звук тихий)
1 жүргізуші: Армысыздар, халқым менің,
(Аида) Армысыздар, салты елдің.
Жаңғыртпақ «ата-баба» салтын бүгін,
«Қырағы жігіттері», мектебімнің.
2 жүргізуші: Армысыздар, ұстаздарым,
(Асыл) Армысыздар, құрдастарым.
Қазақтың салт–дәстүрін қадірлейтін,
Үкілі жүргізуші - қос –қыздарың.
1 жүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды.
2 жүргізуші: Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
1 жүргізуші: Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар,- деп
жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі - қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне, ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
2 жүргізуші: «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Олай болса, жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз алғашқы рет үш мектепке ортақ «Жігіт сұлтаны» байқауын ұйымдастырып отырмыз.
1 жүргізуші: Осыған орай, Мичурин орта мектеп директорының жүлдесін ұсынып отырған, құттықтау сөзді Ақсаутова Ажар Жансұлтановнаға береміз!
1 жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді шақырайық! Қарсы алыңыздар!
(«Бәйге» әні қосылады, барлық жігіттер сахнаға шығып болған соң өшіріледі)
(Таныстырған соң сайыскер жігіт басын иеді)
2 жүргізуші: Жігіттің дара туған ірісіндей,
Жүрісі батырлардың жүрісіндей.
Келбетті батыр тұлға,
Сом білек Фархат Қажымұқанның інісіндей.
1 жүргізуші: Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған,
Келесі біздің Рамазан
Көрінген күштің басынан.
Ибраев Рамазан, Алтынсарин орта мектебі!
2 жүргізуші: Спортпенен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талантпенен табысқан.
Қараңыздар, Алинұр алдымызда,
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан.
1 жүргізуші: Біледі ол жақсы менен жаманды,
Өнерімен тамсандырған адамды,
Қошеметпен шақыралық ортаға
Абильмажинов Арсен атты сарбазды.
Садовый орта мектебі!
2 жүргізуші: Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау бар ойында.
Баймаганов Ризадай жігітті,
Шақырайық қошеметпен ортаға.
1 жүргізуші: Қуантады білімімен бізді Досым
Қол соғып қарсы алайық оны біз.
Білімің серік болсын талабына,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз!
Тулебаев Досым, Алтынсарин орта мектебі!
2 жүргізуші: Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
Тоғызыншы сыныптың ер жігіті,
Шақырайық ортамызға Мырзахметті.
1 жүргізуші: Арман бар биік шыңға шықсам деген,
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген,
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып,
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген.
Алтынсарин орта мектебінің оқушысы –
Мурзабеков Кеншілік!
(30 сек. пауза, жігіттер сахнадан кетеді)
1 жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті ,
Әдеппен, ізетпен табысуға.
2 жүргізуші: Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік. Байқау 5 кезеңнен тұрады:
1 жүргізуші: Бірінші кезең - «Тегімді менің сұрасаң...» - сайыскер жігіттеріміз өздерімен таныстырады.
2 жүргізуші: Екінші кезең - «Көңілі ояу, көзі ашық» - жігіттерге халқымыздың салт-дәстүріне, дүниетанымына, тарихына қатысты сұрақтар қойылады.
1 жүргізуші: Үшінші кезең - «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» - өзінің бойына дарыған өнерлерін көрсету, олар, мысалы, қолөнер, ән-би, өз шығармашылығы, аспапта ойнау, спорт түрлерінен көрініс. Осы кезеңде сайыскеріміз ата-анасымен жұптасып өнерін көрсететін болса 5 балл қосылады.
2 жүргізуші: Төртінші кезең - «Мақал – сөздің атасы» - «Отан, отбасы, білім, оқу» жалпы тақырыпқа сайыскерлеріміз мақал- мәтелдерді кезектесіп бір-бірден айтады. Кім тоқтап қалса сайыстан шығады.
1 жүргізуші: Бесінші кезең - «Күш атасын танымас» - сайыскерлеріміз қол күрестіреді және кеудені жерден көтереді, яғни, отжимание. Әр кезең аяқталған соң әділқазылар алқасы қойылған бағаларын көрсетіп отырады.
2 жүргізуші: Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын байқауымыздың әділқазылар алқасы:
1 жүргізуші: сыйлы қонақтарымыз, зейнеткер ұстаздарымыз Мукашева Нұржамал Галимжановна
2 жүргізуші: және Тищенко Раиса Сергеевна;
1 жүргізуші: тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Щеглова Наталья Михайловна;
2 жүргізуші: Алтынсарин орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Умурзакова Сауле Жакановна;
1 жүргізуші: Садовый орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндер мұғалімі Абишева Жұмакүл Амировна.
1 жүргізуші: Сап түзеді жігіттің сұлтандары
Үш мектептің «мен-мен» деген ұландары
Қоржыннан бір –бір асық алса екен
Сахнаға- шығатұғын тұмарлары.
(«Бәйге» әні қосылады. Жігіттер дорбадан бір-бір асықтан алады).
2 жүргізуші: Жігіттер асықтағы сандарды атап шығыңыздар!
(Жігіттер атап шығады.)
1 жүргізуші: Енді сахна төріне аталған сандар бойынша шығасыздар! Алғашқы сайысқа дайындық жасауларыңызға РҰҚСАТ!
1 жүргізуші: Жігіттер дайындалғанша, сахна төрінде Қосанова Асыл «Көроғлы» күйімен!
I АЙНАЛЫМ:
1 жүргізуші: Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
(Өздерін таныстыру кезеңі)
1 жүргізуші: Әділқазылар алқасы бағаларын беріңіздер.
(Аида -қорытындылайды)
(« » әні – Алтынсарин орта мектебінің оқушысы
)
II АЙНАЛЫМ:
2 жүргізуші: Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең,-дей отырып, әділқазылар алқасы, жігіттеріміздің бағаларын қойып отырыңыздар.
1 жүргізуші: Қазақтың түрлі — түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.
Жауаптарын табар мекен бұл жігіттер,
Сондықтан қойылатын сұрақтар бар!
2 жүргізуші: Ал, жігіттер, алдарыңызда жатқан бір-бір билеттен алып, қойылған сұрақтарды дауыстап оқып, жауап берулеріңіз қажет. Сәттілік тілеймін!
2 жүргізуші: Сайыскерлеріміздің бағаларын беріңіз.
(Асыл -қорытындылайды)
1 жүргізуші: Сахнаға 3-ші сыныптың ұлдарын «Қазақ жігіттері» әнімен шақырайық!
III АЙНАЛЫМ:
2 жүргізуші: Өнер де, Отан да отбасынан басталады. Ананың ақ сүтімен, әкенің ақылымен өскен «сегіз қырлы – бір сырлы» жігіттеріміздің өнерлерін тамашалайық!
1 жүргізуші: «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» айналымын бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, біреуі сурет салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.
Жігіттер реттік номерлеріңіз бойынша сахнаға шығасыздар.
1 жүргізуші: Кәнекей, жігіттеріміздің бағаларын көрейік!
(Аида -қорытындылайды)
2 жүргізуші: Сайыскер-жігіттеріміздің құрметіне Беркімбай Руслан «Туған жер» әнімен!
IV АЙНАЛЫМ:
2 жүргізуші: Қазақ халқы сөзге шешен және дана халық. Халқымыздың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті. Келесі айналымның атауы «Мақал – сөздің атасы».
(сайыскерлер мақалдар айналымынан өтеді)
2 жүргізуші: Әділқазылар алқасы жігіттерге берген бағаларды көрейік!
(Асыл -қорытындылайды)
2 жүргізуші: Әділқазылар алқасы жігіттерімізге баға қойыңыздар. Жігіттер спорт жарысына дайын болғанша, сахна ортасына ару қыздарымызды шақырамын!
(би)
V АЙНАЛЫМ:
2 жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші,
енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік: білек күшін сынау және кеудені жерден көтеру, яғни отжимание.
1 жүргізуші: Бірінші білек күшін сынап көреміз. Осы кезеңде төрелік жасайтын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аубакиров Бауыржан Сүйіндікович. Жарысқа жұптары сыныптар бойынша құрылады:
Баймаганов Риза – Мурзабеков Кеншілік
Сейдагалиев Фархат – Ибраев Рамазан
Құдайбергенов Алинур – Тулебаев Досым
Смагул Мырзахмет – Абильмажинов Арсен
2 жүргізуші: Енді, кеудені жерден көтеру – кезеңнің екінші сынағына көшеміз!
(сайыскерлер сынақтардан өтеді)
2 жүргізуші: Әділқазы алқасы «Күш атасын танымас» шартының қорытындысын шығара беріңіздер!
(Аида -қорытындылайды)
1 жүргізуші: Әділқазылар алқасы байқау нәтижесін шығарғанша, кезекті әндерге берейік.
(«Қазақ жастары» әні- Испергенова Жұлдызай
« » әні Алтынсарин ОМ
2 жүргізуші: Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады»,- демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділқазыларға берейік.
1 жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп сыныптың жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші!
(«марапаттау» музыкасы қосылады – ақырын дауыспен)
(Марапаттау: бас жүлде «Жігіт сұлтаны» - кубок, 1-3 орындар – бағалы сыйлық және мадақтамамен және номинация бойынша – мадақтамамен марапатталады).
1 жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
2 жүргізуші: Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жигит султаны сценарий казакша, Қазақша сценарий: Жігіт сұлтаны, Қазақша сценарий, Жігіт сұлтаны казакша сценарий, жигит султаны сайыс сценарий, жігіт сұлтаны сайысы сценарий, жігіт сұлтаны сайысы таныстыру