Рефераттар


Қазақ тілі | Морфологиялық тұлғалардың жеке стилъ түрлеріне қатысы

Тіліміздегі сөздердің кейбір топтары белгілі бір стильдік салаға (мейлі ол жазба стиль болсын, әлде сөйлеу стилі формасы болсын) тән болып, қалыптасқан жүйеде ғана қолданылатыны тәрізді, кейбір морфологиялық тұлғалардың да бір жүйеде ғана, бір ыңғайда ғана қолдануға бейімділігі көзге түседі. Әрине, морфологиялық тұлғаның.....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Экспрессивті – эмоционалъдық лексика жасайтын кейбір морфологиялың тұлғалар

Кейбір жекелеген морфологиялық тұлғалар өз мәніне орай бел-гілі бір сөз қолданыс ыңғайында қалыптасады да, белгілі бір сөйлеу стиліне сіңісіп кетеді. Ондай морфологиялық тұлғалар көп емес.
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Есімдіктердің қолданылуы

Есімдіктердің қолданылу аясы кең. Бұл ерекшелік ең алдымен олардың лексика-грамматикалық табиғатьша байланысты. Өйткені олар басқа сөздердің, әсіресе зат пен онын, сынын білдіретін сөз-дердің орнына айтылып, солардың “орынбасарлары” есебінде жұм-салады. Сондықтан есімдіктер жеке айтылғанда нақты мағына бере алмайды. Есімдікті өзі қолданылып отырған текстен бөліп алып, жеке қарастырсақ, затты, не оның сынын, немесе сөйлеушіні білді-ретінін айыру қиын. Олардың нақты мағынасы контексті түтас алып салыстырғанда ғана айқын көрінеді. Ал контекстегі есімдіктердің мәні бір ғана сөйлем құрамындағы сөздердің өз ара қатысынан айқындалса, кейде екі, не үш сөйлем жігінен, кейде тұтас абзац бойынан бір-ақ айқындалады.
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Етістік тұлғаларының қолданылуы

Айтылып, хабарланып отырған іс-әрекеттің иесі етістіктің жақ-тық қосымшалары арқылы көрінетіні мәлім. Кейде текстің, сөздін, ерекшелігіне, алдына қояр мақсатына лайық бірінші жақтың ор-нына екінші жақтық, әлде III жақтық қосымша қолданылуы мүмкін. Грамматикалық тұрғыдан мұндай қолданыстың ешбір өзгешелігі болмағанмен, мағыналық жағынан, сөз стилі тұрғысынан аса бір ден қоярлык құбылыс.
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Етістіктің шақтық тұлғалары

Әдетте шақтық тұлғалардың жүмсалу тәсіліне қарай сөйлем мағынасы әр түрлі ұғынылады. Сол себептен де шақтық тұлғаларды дұрыс қолдану сөз сындарлығының басты бір белгісі болып отырады. Нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп аталатын тұл-ғалар мән-мәнері тұрғысынан да бір-бірінен ерекше. Нақ осы шақ сөйлеуші сөйлеп тұрған сәттегі іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Сөй-леп тұрған сәттегі іс-әрекет отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері ар-қылы беріледі: Мақсұт кітап оқып отыр. Совет үкіметі дүние жү-зінде бейбітшілікті сақтауға бар күшін салып отыр. Егер сөйлеуші енді ғана басталып отырған не енді анық басталатын іс-әрекет жайында хабарлағысы келсе, жоғарғы тұлғаның орнына -а, -е, -й тұлғалы көсемшелердің жіктелген түрін, ауыспалы осы шақ тұлғасын қолданады, Мысалы: Әуелі ол жанжалдың алдындағы өз жайым мен жер астының кейбір жайларын айтайын
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Синтаксистің стилистикалық қызметі

Синтаксис — сөз тіркесінің, сөйлемнің құрылысын зерттейтін грамматиканың бір бөлімі. Бұл бөлімде сөздердід тіркесу қабілет-тілігі, байланысы, сөз тіркестері мен сөйлемдердің түр-түрі, құрамы қарастырылады. Сонымен қоса тілдін, синтаксистік ережелері мен синтаксистік заңдылықтарын айқындау мақсаты көзделеді, тілдің синтаксистік тұлғалары мен синтаксистік құбылыстарын айқындау мен олардың мағыналық ерекшеліктері де сөз болады.
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Синтаксистік құрылыс жәнө стидьдер жүйесі

Мақсатты ойды дәлме-дәл айтуға жарамды тілдік тәсілдер жүйесі стильдер тобын құрайды. Әдеби тілдің ондай жүйелік қа-сиеті оның қоғамдық қызметі арту нәтижесінде, халық тілінің байлықтарын сұрыптап, талғап пайдалану нәтижесінде қалыпта-сады. Әдеби тіл қарым-қатынас қызмет бабына лайық түрлі стиль-дердің дамуына ұйтқы болса, керісінше, стильдер салаларының жетіліп кемелдене түсуі әдеби тілдің дамуына зор үлес қосады. Өйткені әр алуан әдебиет, мысалы, көркем әдебиет, ғылыми ең-бектер әдебиеті, публицистика өсіп-өркендеген сайын әрбір стильге тән тіл байлықтары сол топқа ойысады да, олар әдебитілдің байлығына айналады. Тілдік тәсілдердің жеке стильдерге тиімділік орайында саралану барысында әрбір стиль тілде бұрын бардың негізінде және өзге тілдің игілікті ықпалымен кемелденеді, әдеби тіл жаңа сөз, жаңа орамдар тудырды, грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік құрылыстардың тілдегі бұрынғы қызметтерін жандандырып, молайтып, оларға ерекше мағына үстейді.
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Синтаксистік синонимдер

Жақсы стилист болу — сөз зергері болу деген сөз. Сөз зергері мақсатты ойдың тек түсінікті болуын ғана емес, көркем, әсерлі бо-луын да көздейді. Ол үшін сөз орамын түрлендіріп, нақыштап, ба-рынша жатық етіп құруға тырысады. Мысалы, жазушы М. Әуезов “Абай жолы” романында алыс жолдан келе жатқан Әбішті қарсы алып, алдынан шыққандар......
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Эксирессивтікті білдірудің синтаксистік тәсілдері

Ойды жай хабар ретінде де, кісіге әсер ететіндей мәнерлі түрде де айтуға болады. Мысалы, Енді оны көрмеймін дсгенді күшейтіп: Ендігәрі оны көрсем, көзім шықсын! деуге болады. Немесе: Оның қылмысын. жасырмаймын деген ойды күшейтіп: Оның қылмысын жасыра алмаймын деуге болады.
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер

Кісінің басқаға айтатын ойы әр уақытта мақсатты болады: кейде бір істің, бірдеңенің жайын хабарлауды мақсат етсек, кейде басқадан бірдеңені сұрап білуді мақсат етеміз. Немесе біреуге бірдеңе істетуді көздесек, кейде айтылған ойға айтушының көңіл күйін білдіруді көздеп сөйлейміз. Сол мақсаттарға лайық сөйлемдер түрі, құрылысы, негізінде, төрт түрлі болатыны белгілі: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті.
Рефераттар
Толық