Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Эксирессивтікті білдірудің синтаксистік тәсілдері


Ойды жай хабар ретінде де, кісіге әсер ететіндей мәнерлі түрде де айтуға болады. Мысалы, Енді оны көрмеймін дсгенді күшейтіп: Ендігәрі оны көрсем, көзім шықсын! деуге болады. Немесе: Оның қылмысын. жасырмаймын деген ойды күшейтіп: Оның қылмысын жасыра алмаймын деуге болады.



Осындай, ойдын, күшейтіліп, мәнерлі түрде айтылуын с ө й л е м- н і ң э к с п р е с с и в т і л і г і дейміз.



Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері әр түрлі бо-лады, олардың бастылары мыналар:



1. Сөйлеу тілінде және жазғанды оқығанда, дауыс ырғағын құ-былту арқылы сөйлемге экспрессивтік мағына енгізуге болады, мысалы: “Абай жолы” романында кітапханаға кірген Абайды түйе-ге теңеп бір чиновниктің мысқылдап күлгенін естіп Абай:



Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, мұнда ол түгіл есек те отырыпты ғой!— дейді. Бұл сөйлемдеп есек те отырыпты ғой! сөз-дерін күмілжіп ақырын айтсақ, Абай мысқылының мәні онша ай-қын болмай шығар еді, ал сол сөздерді сөйлемдегі басқа сөздерден гөрі көтеріңкі, ойнақы дауыспен айтсақ, онда сөйлемнщ экспрес-сивті мағынасы тайға таңба басқандай болады.



Сол сияқты, Білмеймін дейсің бе, әй’ Көріңде өкіргір! Ақ дегені — алғыс, қара дегені — қарғыс сөйлемдерін өршелене көтеріңкі, мәнерлі дауыспен айтса, олардың экспрессивті бояуы айқын сөй-лемдер болып ұғынылады.



2. Бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына болымсыз сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті мағына қосуға болады. Мысалға мына сөйлемдерді салыстырыңыздар: Мен шындықты айтамын — Мен шындықты айтпай тұра алмаймын.



Мен университетті бітіремін — Мен университетті бітірмей қой-маймын. Әрбір жұмысшы күнделікті жоспарын орындайды — Әр-бір жұмысшы күнделікті жоспарын орьмдамаса, көңілі көншімейді.



3. Баяндауыштың I жақтық жіктік жалғауын -мен, -бен, -пен түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағынасын экспрессивті етуге болады. Ондай болымсыз сөйлемдер қайсарлықпен үзілді-кесілді айтылған ойды білдіреді, мысалы:



Алдыңа келіп тұрмын деп,

Ар-намысымды қашырман!

Бұлтқа жетпей шарт сынбан, •

Айта келген сөзім бар,

Не қылсаң да жасырман! (Махамбет).

Өлеңім — оқ, ол алдымда

Мен де жаудан шегінбен! (Жамбыл).

Тәуекелге келгенде, алдымда тау түрса да, тайынбан! (Ғ. Мұс-тафин).



4. Сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес басқа сөздермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту арқылы да оған экспрессивті мағына үстеуге болады. Мына сөйлемдерді са-лыстырыңыздар:



Мен бармаймын — Мен бармасам болмайды. Мен мұныңа көн-беймін — Мен мұныңа көне алмаймын. Техниканың тетігін білген жақсы — Техниканың тетігін. білгенге не жетсін!

Мұндай экспрессивті мәні бар сөйлемдерге әдебиеттен мысалдар келтірейік-



Жақып сөйлей жөнелді (Ғ. Мұстафин). Мұны — Жақып сөйледі дегенмен салыстырыңыздар. Жарқыраған май күні тамылжып тұр (М. Әуезов). Оны —Жарқыраған май күні ыстық дегенмен салыстырыңыздар. Жақсылық күлімдей түсті (¥. Сланов).— Жақ-сылық күлді дегенмен салыстырыңыздар. Күн көптен бері жылын-бай қойды (М. Әуезов). Күн көптен бері жылынбады дегенмен са-лыстырыңыздар.



5. Сөйлемнің етістік баяндауышын қайталап екі рет айту да немесе есім, етістік баяндауыштардың алды-артына олардың ма-ғыналарын күшейтетін сөз қою да экспрессивтікті білдірудің син-таксистік амалы болады. Мысалы:



Жапан далада жан-жағына алақтап жалғыз әйел жортып барады, жортып барады. Кең далада жалғыз адам жүзіп келеді, жүзіп келеді. Өзгеше бір күй кең даланы күңірене шайқай береді, шайқай береді (Ғ. Мұстафин). Зытып келем, зытып келем (Ғ. Мусірепов). Кейінгі кезде сирек, жоғалып бара жатқаи қазак, қолөнерінің ең жақсы үлгілері осы үйде қалыпты. Қай заманда жасалды екен? Сонау адалбақаннық төрдегі кебеже, жүкаяқтың бет-теріне ойып салған өрнектер, қондырған сүйектер сонша нәзік, сон-ша әдемі, қолдан жасады дегенге нану қиын (Ғ. Мұстафин).



Япырмай, мына жерге ауыл орнап, дүкен құрылғаны жақсы болды-ау! (С. Мұқанов).



Жоғарыда айтылғандардан, келтірілген мысалдардан экспрес-сивтікті білдірудің синтаіксистік тәсілдері қалай болатынын бай-қауға болар. Экспрессивтіктің басқа да толып жатқан синтаксистік тәсілдері бар. Олардың бірқатары бұдан былайғы талдауларымызда айтылады.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу