Рефераттар


Эстетикалық тәрбие әдістемесі

Жаратылысында өнерге бай, әдебиеті мен мәдениетін тең өрбіткен қазақ халқы сонау VІІ-VІII ғасырлардағы Қорқыт атаның қобыз үндерінен өмір нәрін танып, өркендеп, қаншама қиын замандарда да өшпей, өзгермей сақталып, қайта заман ағымымен астасып өсіп келеді.
Қазақ тарихындағы улы ойшыл тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) әйгілі шығармаларының бірі "Музыканың үлкен кітабы" атты еңбегінің мәдениет өркениетіне айқын жол салғанын аңғарамыз. Ғұлама ғалым бұл еңбегінде математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспейміз. Күні бүгін Отырар музейінде осы домбыраның жұрнағы сақтаулы. Ал, бұған дейін қазақ халқында домбыраға ұқсаған екі ішекті аспап болуы мүмкін. Толық музыкалық дыбыс беретін домбыра әл-Фараби қолымен жасалған.
Әл-Фараби бұл кітабында музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байпанысына дейінгі музыкалық ғылымның мәселелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған.
Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде әл-Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Әл-Фарабидің бұл еңбегі ХV ғасырда латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. ....
Рефераттар
Толық

Эрих Фромның махаббат теориясы

Эрих Фромм 1900 жылы Германияда, Франкфуртта дүниеге келді.
Фромм жанұясының жағдайы керемет емес еді, ол өзінің ата-анасын "өте тынымсыз", ал өзін "сондай шыдамсыз бала" деп суреттейді. Еуропада бірінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтанғанда, Э.Фромм он төрт жаста болатын. Ол қару алып, соғысуға әлі жас болса да, өзін қоршаған катыгездік пен иррационалдык мінез-құлқына таң қалды.
Кейіннен ол: "Мен осы соғыстың қалай басталғанын, адамдар
тобырының иррационалдық мінез-құлқын және әлемнің астаң кестең күйін, ұлттар арасындағы түсіністікті білуге құмарткан жас адам едім", деп жазды. Осы сұрақтардьң жауабына З.Фрейд пен К.Маркстың қосқан үлесі көп екені байқалады. З.Фрейдтің еңбектері оған адамдардың оз мінез-құлқының себебін сезінбейтіндігін көрсетіп көмектесті. К.Марксты оқып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне қатты әсер ететіндігін түсінді. З.Фрейдтен, К.Юнгтен, А.Адлерден айырмашылығы, Э.Фромның медициналы білімі болмаған. Ол психологияны, философияны, әлеуметтануды зерттеді. Гайдельберг университетінде 1922 жылы философия докторы деген дәрежеге ие болды. Ол өзінің психоаналитикалық білімін кейіннен Берлиндегі психоаналитикалық институтта жалғастырды. 1934 жылы Э.Фромм ұлтшылдық қауіп-катерден қашуға тырысып, Американың орталық штатына көшеді. Ол жеке іс жүзіндегі жүмыстарын Нью-Йоркта жүргізе бастады. Өзінің ең алғашқы Бостандықтан қашу деп аталатын еңбегін 1941 жарыкқа шығарды. Ол осы еңбегінде қоғамдық күштер мен идеология индивидиумның мінез-құлқы мен құрылымына қалай әсер етіп, калай қалыптастыратындығын көрсетгі. Келесі еңбектерінің көптеп таралуына себеп болған осы бағыт Э.Фромның дүниежүзілік психоаналитиктер ассоциациясына қосылуына мүмкіндік берді.....
Рефераттар
Толық

Эпидемиялық процестің көрінуін сипаттайтын терминдер

Эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғыш пен ие арасындағы әрекеттестік неше түрлі сыртқы көрінісімен сипатталады. Оған тікелей ішкі реттелу механизмдерінің ықпалымен қатар әлеуметтік-табиғи факторлардың әсері өте мол болады. Эпидемиялық процестің осы қырына Л.В. Громашевский көп көңіл бөлген.
Эпидемиялық процестің көріністерін сипаттайтын әр түрлі терминдер мен түсініктер бар. Олар осы процестің қалай білінуін, оның сандық жағынан таралу ерекшеліктерін (аумақтық, маусымдық, циклділік, халық топтары, жылдық, көп жылдық, т.б.) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмдерін түсінуге көмектесед
Осы келтірілген дәстүрлі терминдердің қысқаша анықтамасын былай айтуға болады: эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады. Экзотикалық сыртқаттанушылық деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде, осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтады. Осының салдарынан эндемиялық, ал малдарға тән аурулар әкелінсе, энзоотиялық сырқаттанушылық қалыптасуы ықтимал. Мұндай аурулардың мөлшері және ұзақ түрде болуы қоздырғыштарының жаңа жағдайға (жерге) икемделуімен анықталады. Мысалы, Марбург және Эбола қызбаларының қоздырғыштарын тасушы маса біздің аумақтарда кездеседі, сондықтан осы вирусты аурулардың қыздырғыштары әйтеуір бір жағдайда бізге жеткізілсе, бұл аса қатерлі аурулардың эпидемиясының болуы қауіпі сақталады.
Эпидемия спорадиялық, эпидемиялық, пандемиялық сырқаттанушылық түрлерімен сипатталады. Эпидемиялық сырқаттанушылықты кең және тар мағынада пайдалануға болады: кең мағынада осы науқастың жалпы болуын айтады, тар мағынада оның сырқаттанушылықтың белгілі деңгейден артық болуын немесе оның бұрын осы жерде болмай, жаңадан пайда болуын айтады. ....
Рефераттар
Толық

Энергия беретін органоид митохондрия

Митохондрияның құрылысы. Митохондрияның (грекше: mitos-жіп) және chondrion — дән, түйіршік) жасушадағы саны бірден 100 мыңға дейін ауытқып отырады. Митохондрияның пішіндері, негізінен, таяқша және дән тәрізді болып келеді.
Олар кейбір жасушаларда пішінін өзгертіп, үнемі қозғалып жүреді. Орташа ұзындығы —10 мкм, ал диаметрі — 0,2—1,0 мкм. Жасушаның белсенділігіне байланысты митохондрияның саны өзгеріп отырады.
Митохондрия: 1) жарғақшамен қапталған түпнегізден, 2) жарғақша аралық кеңістіктен (ішкі жарғақшасы қыртысты болып келеді) және 3) сыртқы жарғақшадан тұрады 20. Түпнегізде сақина тәрізді митохондрияның ДНҚ-сы мен РНҚ-лар және рибосома болады. Онда кальций және магний тұздары да кездеседі. Сол сияқты түпнегізде митохондрия жарғақшасының ішкі қабатын құрайтын ақуыздың синтезі және май қышқылы тотығып, синтезделеді. Ішкі жарғақша негізінен 70% ақуыздан, 10% фосфолипидтен және т. б. тұрады. Сонымен қатар ішкі жарғақша белсенді тасымалдау жүйесін қамтамасыз ететін і\ импелер мен тарамдардан тұрады.
Сыртқы жарғақша жұмсақ, қалыңдығы 6—7 нм, оның құрамында 15% ақуыз, ал 85% фосфолипидтер болады.
Митохондрияның қызметтері. Митохондрияда, негізінен, энергия қоры АТФ түзіледі. Жануарлар жасушалары митохондриядан энергияның 95%-ін, өсімдіктер мен саңырауқұлақтар одан азырақ бөлігін алады. Энергия қорының алғашқы пішіні — ішкі жарғақшада пайда болатын электрохимиялық потенциал түріндс сақталып, оның негізгі бөлігі АТФ синтезіне жұмсалады, қалғандары кальций, калий, магний иондары, т. б. жарғақша арқылы белсенді тасымалдауға және жасушаны жылытуға жұмсалады.
АТФ-барлық тірі ағзалардың митохондрияларында синтезделетін, тіршілік үшін маңызы бар энергия көзі. Сондықтан митохондрияны жасушаның «күш беретін станциясы» деп атайды. Митохондриядағы энергия көзі — пирожүзім қышқылының гликолизді кезіндегі тотығуынан басталып, СС2 және Н2О пайда болуымен аяқталатын биологиялық (ұлпалық немесе жасушалық дем алу) тотығу әрекеті.....
Рефераттар
Толық

Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірістерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері

Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына (белгісіне) байланысты топтастырылады (1-ші кесте).
1-ші кесте. Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы
Бастапқы қоры Екінші қоры
Сарқылатын (көмір, мұнай, тақтатас, табиғи газ, жанғыш заттар)
Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына келетін (ағаш, гидроэнергия, жел және күн энергиясы, геотермальдық энергия, жертезек, термоядерлық энергия) Көмірді іріктегенде және байытқанда шыққан қосымша өнімдер; гудрон, мазут және мұнай өңдегенде шыққан қалдық өнімдер; ағаш дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар, бұталар.

Жанғыш газдар (домна, кокс); тастанды газдардың жылуы; салқындату жүйесінен шыққан ыстық су; күш беретін тастанды буы

Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде.
Жер қойнауындағы отын қоры болып, көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. тонна (шартты отын түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн. т) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.тонна....
Рефераттар
Толық

Эндоскопиялық тәсілдер

Бронхоскопия. Бронхыларды тексеріп қарау әрқашанда да кеңірдекті қараумен қатар жүргізіледі, яғни трахеобронхоскопия жасалынады. Егер рентгентелекөріністік және рентгенологиялық бақылаудың қажеттігі байқалса, бронхоскопияны рентген-эндоскопиялық кабинетте жасайды (рентген-бронхологиялық тексеріс).
Бронхоскопия жасауға қатты (металл) немесе иілгіш шыны талшықты оптикалы бронхоскоп (фибробронхоскоп) қолданылады. Қатты бронхоскоптың негізі металдан жасалған қуысты тубус болып табылады, оның диаметрі 12 мм-ге дейін; сондай-ақ оның жарық беруге, өкпені жасанды желдетуге, телескопты әртүрлі көру бұрышымен бағыттауға, сонымен қатар үлкейткіш шыныны фотоқондырғыға қосатын тетігі бар. Металды бронхоскоппен бронхоскопия жасағанда науқасты шалқасынан жатқызып, өкпені жасанды желдетіп, наркоз береді. Тубусты ауыз, көмекей және дауыс саңылаулары жолдары арқылы кеңірдекке, содан кейін бронхыларға, сегментарлы бронхтар сағасына дейін жылжытады. Тубус арқылы өтетін оптикалық телескопты қолдану бронхыны тексеріп қарауды жеңілдетеді.
Бронхофиброскоптың диаметрі кішкентай (5—6 мм және одан да кіші), ол жақсы иіледі. Оның үш жағындағы иілу бұрышын өзгертуге, реттеп отыруға болады. Фибробронхоскоптың диаметрінің кішілігі және жақсы басқарылуы арқасында негізгі бөлікті, сегментарлы бронхыларды ғана емес, субсегментарлы бронхыларды да тексеріп қарауға болады. Бронхофиброскоптардың барлық үлгісінде бронхы ішіндегі сұйықты сорып алуға, әртүрлі құралдарды, оның ішінде биопсия алатын аспаптарды өткізуге арналған түтіктер болады. Бронхофиброскопты түрлі-түсті эндоскопиялық көріністі телекөрініс экранына беретін қондырғыға қосуға және көріністі бейнепленкаға жазуға болады.
Науқасты басына жастықша қоятыны бар ыңғайлы орынтаққа отырғызып, жергілікті жансыздандыру жасағаннан кейін бронхо-фиброскопия жасайды, тыныс жолдарын жансыздандыру үшін лидокаин, тремекаин, дикаин, новокаин ертінділері қолданылады. Бронхофиброскопты теменгі мұрын жолымен кеңірдекке енгізеді. Бронхофиброскопты ауыз қуысы арқылы енгізуге болады, бұл — аса ыңғайсыз тәсіл; оны негізінде мұрын жолдарының патологиясында қолданады. Наркоз жасап тексерген жағдайда бронхофиброскоп интубациялық түтік немесе қатты бронхоскоптың тубусы арқылы енгізіледі (біріктірілген бронхоскопия).
Ересек адамдар үшін негізінен бронхофиброскопия әдісін пайдаланған жен. Қатты бронхоскопия жасаудың ерекше көрсеткіштері бар, олар — өкпеден қан кетуді анықтау және оны тоқтату, бөтен заттардың болуын, кеуде қуысы лимфа түйіндерінің туберкулезіндегі бронхолиттерді (бронхы тастарын) анықтау және оны алып тастау, бронхылардағы мол іріңді сорып алу.....
Рефераттар
Толық

Эндокриндік бездер

Эндокриндік бездердің (гректің endon - ішкі, сrіnео - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А.Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.
Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің физологиясы мен патологиясы бойынша көптеген тәжірибелік және клиникалық мағлұматгар жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық табиғаты анықталып, әсер ету тетіктері ашылды.
Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын шектен тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге жатқызған. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде қарастырған.
Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге қарағанда, ішкі сөлініс бездерімен олардың әртүрлі гормондарының әсері организмнің қызметін жүйелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір ғана бөлімі болып шықты. Бұл реттеу жолының негізгісі - жүйке жүйесі. Өйткені ол көп тарапты, арнайы маманданған және әр бөлімінің өз орны, маңызы бар жүйеге жатады. Оның рефлекстік доғасының барлық бөлімдерінің жоғары дәрежедегі қозғыштығы, жүйке серпіністерінің жылдамдығы мен анық бағытталуы т. б. морфоәрекеттік ерекшеліктері бұған дәлел.
Көмірсу алмасуының салыстырмалы ұзақ әрекеттік ауытқуын қамтамасыз ететін реттеуші механизмге гормондардың қатысуы, спорт жанкүйерлері мен емтихан тапсырушы студенттердің эмоциялық күйзелісі кезінде жақсы көрінеді. Түрлі эмоция кезінде қобалжығанда, қорыққанда, қуанғанда т.б. жағдайларда ылғи да гипергликемия – қандағы қанттың көбеюі байқалады, ал кейде тіпті глюкозурия - несепте қант пайда болады. Түрлі эмоция кезінде көмірсу алмасуының аталған өзгерістерінің пайда болуы норадреналин мен адреналиннің әсерінен бауырда гликогенолиздің күшеюіне байланысты ....
Рефераттар
Толық

Энгль жіктемесі

Энгль (1898ж) тіс қатарларының түйісу түрлерін өз жіктемесінде ұсынды.
Бұл жіктеменің негізінде бірінші үлкен азу тістердің түйісуі жатады.
Энгль жоғарғы жақ қозғалмайтын жақ сүйек болғандықтан, жоғарғы бірінші үлкен азу тістерді окклюзияның кілті деп атады. Энгль барлық өзгерістер қозғалмалы төменгі жақ сүйектің әсерінен болады деп тұжырымдады.
Үлкен азу тістердің түйісуін үш классқа бөлді.
Бірінші класс қалыпты жағдайдағы бірінші (үлкен азу тіс) молярлардың сагиттальды жазықтықта түйісуі көрсетілген. Жоғарғы жақтың бірінші молярдың мезиальды ұрттық төмпешігі төменгі жақтың бірінші үлкен молярдың төмпешік аралық сайында жатады.
Бұл жағдайда өзгерістер алдыңғы топ тістерінде болу мүмкін. Мысалы, алдыңғы топ тістердің тығыз орналасуы немесе олардың түйісудің бұзылыстары.
Екінші класс молярлардың түйісу бұзылыстарын сипаттайды. Бұл кезде төменгі жақ бірінші молярдың төмпешік аралық сайы жоғарғы жақтың бірінші молярдың мезиальды ұрттық төмпешіктің артында орналасады.
Бұл класс екі подклассқа бөлінеді:
бірінші подкласс – жоғарғы күрек тістері ерін жаққа қарай еңкейген (протрузия);
екінші подкласс: жоғарғы күрек тістер таңдай жаққа қарай еңкейген (ретрузия).
....
Рефераттар
Толық

Эмоция жөнінде түсінік

Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағытипке оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда сезімдік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоцияға арналған тақырыптар , психологияның өзге тақырыптарында арнайы мәселе ретіде сөз болмаған, таза натурализм үстемдігі туралы мәселеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияның енуімен , психологиядағы бихевеаризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядағы эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жғдайда бихевеаризммен типтес. Өйткені психологидағы бихевеаристік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияға тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен натуралистік бағытта баяндалып, өзге тақырыптармен салыстырғанда өз алдына ерекшеленіп, арпа дәнідегі бидай дәніндей болып көрінеді.
Бұлай деп анықтаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің «Адамның жарасындағы қозғалғыштың пайда болуы деген» еңбегінде бұрынғы биология ғылымының дәстүрін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы Хайуаннаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффектік серпілістермен тығыз түрде дамып жетті дейді. Оның жақында орыс тілінде аударылған мақаласында адам бойындағы жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімнің пайда болуы адамның өзі сияқты, жануар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазды. Мәселен, шындығына үңілетін болсақ , Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды.....
Рефераттар
Толық

Эмбриология пәні және түсінігі

Эмбриология (грекше embryon-ұрық,logos-ілім) -ұрықтың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым,Сүтқоректілер мен адамның эмбриональдық дамуын зерттеу, бұлардағы жалпы ұқсастықтарды байқауға,сонымен қатар адам ұрығының даму ерекшеліктерін анықтауға жол ашады.Ұрықтану,бөлшектену,имплантация,гаструляция процестерін,сондай-ақ планцентаның,ұрықтың тыс мүшелердің және ұрықтың ішкі мүшелерінің даму ерекшеліктерін білудің медицинада маңызы зор.Бұл жүктіліктің барысы мен ұрықтың дамуымен қатар жүретін биологиялық құбылыстардың бүкіл циклдерін ұғынуға және баға беруге мүмкіндік туғызады.Акушерлік және гинекология саласында жүкті әйелдерді тиімді бақылау,оларды босандыру,көптеген емдеу және профилактикалық шараларды жүзеге асыру эмбриологиядан терең білім ала алмаса,мүмкін емес.Эмбриология – биология ғылымының бір саласы.Баласын ішінен тірідей туатындарды ұрықтану кезеңінен бастап туу мерзіміне дейін,а жұмыртқадағы ұрықтың дамып,жарып шығуына дейінгі мезгілді зертейтін ғылым.Ұрықтың дамуын – эмбриогенез дейді.Ол онтогенездің алғашқы кезеңі.Жалпы эмбриология жануарлардың жалпы даму негіздерінің сатыларын зерттесе,ал жеке эмбриология – жануарлардың жеке түрлерінің дамуын зерттейді.Жеке эмбриологияның негізгі бөлігінің бірі- адам эмбриалогиясы.Жаңа организм үнемі жетілген өзіне ұксас жаннан паида болады,яғни сол түрге тән алдынғы ұрпақты ата-анадан дамиды.Жоғарғы типті жануарлар жыныстық жолмен көбейеді,олардың жыныс жасушалары жоғары дамыған.Ұрықтану процесінен соң зигота күрделі даму процессінен өтеді,бір жасушалы ұрық көп жасушалы ұрыққа айналады.
Медициналық эмбриология адам ұрығының даму заңдылыктарын зертеиді.Гисталогиялық эмбриология бөлімінде тіндердің дамуы мен шығутегіне,ана-плацента-ұрық жүиесінің метобалистік және функциональдық ерекшеліктеріне баса назар аударылған ,себебі қалыпты жағдайдан ауытқу себептерін анықтауға мүмкіндік береді және медицина практикасында маңызды рол атқарады.
Адам эмбриологиясын білу барлық дәрігерлерге,әсіресе акушерлік салада істейтіндерге аса қажет.Себебі бүл ана-ұрық жүйесі бұзылғанда диагноз қоюға,туа біткен кемтарлық пен балалардын туғаннан кейін ауру себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде адам эмбралогиясы жөніндегі білім- бедеулікті жою, «пробиркалық» балалардың туу себептерін анықтау және фетальдық мүшелерді трансплантациялау,ұрықтандырмайтын құралдар жасау және оны қолдану үшін пайдаланылады. Атап айтқанда,аналық жасушаларды егу, экстракорпоральдық ұрықтандыру және ұрықты жатырға қондыру проблемалары өзекті мәселелер болып отыр.....
Рефераттар
Толық