Әсет Найманбайұлы (1867 - 1922)
Әсет Найманбайұлы (1867–1922) — қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы. Қарқаралы уезінің Темірші болысының 8-ші ауылында, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Ол Зейнолла имамның медресьесінде оқып, арабша жетік білген. Ата-анасынан ерте жетім қалып, жоқшылықтың зардабын тартқан. Айтысқа түскен кезінде ақындар соны тілге тиек еткен. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп аныған Әсет Найманбайұлы ешкімге қара сөзден дес бермеген. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылған.
Әсет 14–15 жасында сауық кештерде, жиын — тойларда халықтың сұрауымен көңіл көтеру ретінде ән айтып өлең шығарған. Әсет әнші — ақын өз жанынан өлең шығарып айтуымен қатар, өз өлеңдеріне ән де шығара білген ақын. Әсет шығарған әндер, оның өлеңдері тәрізді халыққа кең тарап, халық жүрегінен жылы орын тауып, ел арасында көптеп сақталған. Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы-көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады.
Әсет Найманбайұлы — негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұрғыман-Нағым», «Мәлік-Дарай», «Жәмсап», «Кешубай» атты қисса дастандары бар.
Ол А. С. Пушкинның «Евгений Онегин» романын еркін аударып, оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, Семей, Тарбағатай, Алтайға дейін жеткізіп, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде («Кіші Ардақ», «Үлкен Ардақ», «Қаракөз», «Мақпал») психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. «Інжу-Маржан» әні (кейде «Әсеттің әні»деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ «Ырғақты», «Аққарагер», «Қаракөз», «Майда қоңыр», «Жалған-ай», «Сырмақ үйкер», тағы басқа әндерінің авторы. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсаған. Әсет Найманбайұлы 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болады.
1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін алғаш С. Сейфуллин (1925) бастырған. 1936 жылы Б. Ысқақовтың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б. Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әсет найманбайұлы туралы қазақша реферат, асет найманбаев туралы казакша реферат, асет найманбаев туралы казакша омирбаяны, әсет найманбайұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке асет найманбаев, биография на казахском языке асет найманбаев, биография на казахском языке, асет найманбаев, реферат на казахском языке, әсет найманбайұлы туралы, қазақша реферат, әсет найманбайұлы, әсет найманбаев туралы қазақша реферат, әсет найманбаев туралы қазақша өмірбаяны, әсет найманбаев туралы, әсет найманбаев