Ақтайлақ би Байғараұлы (XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басы)

 Ақтайлақ би Байғараұлы (XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басы)

Ақтайлақ би Байғараұлы 1720–1816 жылдар аралығында ғұмыр сүрген, қазақ халқының атақты би шешен биі, әрі төкпе ақыны. Ақтайлақ бидің туған ауылы, шыққан ата-тегі жөнінде оның бүгінгі ұрпақтарының бірі әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабаев өзінің Ақтайлақ биге арнаған кітабында былай деп жазады:

Ақтайлақ би Байғараұлы (XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басы)… Семей облысының Жарма, Аякөз, Таскескен аудандарын мекендеп отырған найман ішіндегі Сыбан руының Жантөбек тармағынан шыққан Нарынбай сөзге шешен, әділ би болған екен. Оның жалғыз баласы Құттыбай қазақ шежіресінде асқан шешендігіне орай «Қу дауысты Құттыбай» деген атпен белгілі болған. Құттыбайдан Байқара, Боран, Ботақара Сейтен тарайды. Шетінен сөзге жүйрік, шешен болғандықтан бұл төртеуін ел арасында «бес ауыл» деп атаған. Сол төрт Құттыбайдың Байғарасынан туған Ақтайлақ би заманында алдына жан салмайтын, үлкен рулардың шешендерімен бас қосқан алқалы жиындарда сөйлесіп қағысқанда бір ауыз мақалмен немесе толғау -жырлармен ел тоқтататындықтан қазақтың қара тілі атаныпты. Ақтайлақ би шамамен 1720 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай, Жарма аудандары ортасындағы Құндызды өңірінде туып, жүзге қараған шағында дүниеден өткен екен. Зираты Аякөз ауданының «Ақши» совхозының жерінде. Ақиық ақынның ғасыр жасағанына оның:

Екі қырық, бір он бестен асып тұрмын,
Аяқты апыл-тапыл басып тұрмын, -
дейтін өлең жолдары куә болады.

Ақтайлақ биден тарайтын Әкімбай, Кеңсебай, Жарасбай, Сабырбай ұрпақтары бүгінде өсіп өнген. Семей, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында еңбек етеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру