Тарих | Көшпелілер мемлекеттілігі туралы түсінік

Тарих | Көшпелілер мемлекеттілігі туралы түсінік

Көшпелілер мемлекеттілігі туралы түсінік



1. Көшпелілер мемлекеттілігі,пайда болуы.

2. Көшпелілер мемлекеттілігі дамуы туралы түсінік.

Карпат пен Хинган тауларының аралығындағы Еуразиялық құрылықта, 40-50 ендікте созылып жатқан ұлы даланы мекендеген әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың қашаннан бір тармағы болып келетін, тармағы болғанда "қазақ түрік емес, қазаксыз түрік түрік емес" деген мәтелге өзек болған түрік тектес халыктардың ең іргелісі казак халқы болып саналады. Оның тарихы да, тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты: сабақтас, салалас, аралас, ортақ. Сондықтан да қазак халкының тарихын алып даладан бөле-жара қарай алмаймыз. Сайып келгенде, егер осы үлы даланы айдынды асқар теңіз ретінде көз алдымызға елестететін болсақ, теңіздің қайнар бастауы, оныңың деңгей дәрежесінің негізі осы даланы жайлағап түрік тектес халықтар, оның ішінде қазақ халқы екенін ұмытпауымыз керек.

Қазір халқымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың тағылымымен таныстырудың, әсіресе жоғары, орта оқу орындарында оқып жүрген студенттердің тарихи санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастырудың маңызы зор. Жастар халқымыздың келешегі, заманымыздың болашағы. Бүгінгі қоғамда атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық игі істердің бәрі солар үшін, солардың берекелі бақыты үшін істелуде. Жастар жаман болмасын, ел азбасын, халық тозбасын дейтін болсақ, бүгінгі жоғары оқу орындары шаңырағының астында жүрген қыз-жігіттердің зердесін тарихи түрғыдан ұштау керек. Бұл тек ұстаздар үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл зиялы қауымның алдында түрған міндеттердің келелісі, адамгершілік парыздың өрелісі болып табылады.

Солай бола тұрса да, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында Қазақстан тарихы бойынша оны қазақ жастарының ана тілінде оқып үйренуіне мүмкіндік беретін оқулықтар жетіспейді. Көмекіш оқу кұралдары да жеткіліксіз болып жатыр. Осындай зәрулікке байланысты жастардың тарихты оқып-үйренуіне септігін тигізе ме деген үмітпен жұртшылықтың назарына осы еңбекті ұсынып отырмыз. Оқулықтың тақырыптары қазақ халқы тарихының белгілі кезеңдеріне байланыстырып алынды. Оларды жазған, баяндаған, мазмұнын ашқан кезде Қазақстан тарихы бойынша бұрын-соңды жарық көрген еңбектер кеңінен пайдаланылды. Сонымен бірге Қазақстан тарихындағы көптеген маңызды оқиғаларға соңғы кезде беріліп жатқан тың бағалар мен жалтақсыз айтылып жатқан сындар, жаңадан қалыптасып жатқан көзқарастар жан-жақты ескерілді.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:

1. Көшпелілер мемлекеттілігінің пайда болуынының маңызы.

2. Көшпелілер мемлекеттілігі пайда болуына негіхгі себептерді ата.



Ұсынылған әдебиеттер:

1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру