Тіс құрылысы
Тіс құрылысы
Тіс (dentes) ауыз қуысындағы үстіңгә және астынғы жақсүйектердің иектеріндегі тіс ұяларында орналасады. Тіс эмбрионының дамуы кезінде 7- аптадан бастап ауыз қуысының эпителий және дәнекер ұлпаларынан пайда болады. Тістің химиялық құрамы мен физикалық қасиеті сүйекке жақын. Тістің сүйектен айырмашылығы: тіс тозған сайын бірнеше рет ауысады (төменгі сатылы омыртқалы жануарларда – хайуанаттарда өте көп, ал адамдарда екі кейде үш рет алмасады); тіс сүйек тәрізді бұлшық етке жалғаспайды; тіс ұясына қазықша қадалып, қимылсыз орналасады.
Тістің негізгі қызметі: тістеп үзіп алу, қырқу, жырты, шайнау, езу, үгу, кеміру, сондай- ақ сөз сөйлеуге де қатынасады.
Тістердің тарихи даму (эволюция) барысында біртіндеп саны азайып бара жатқаны байқалады. Мысалы, қағанықты жануарлардың жалпы тістер саны – 44 (3,1. 4,3), кеңтанау маймылдарда – 36 (2,1. 2,2) ал адамдарда – 32 (2,1. 2,3), кейде 30 (2,1. 2,2) болып, ең соңғы “ақыл тістің” шықпай қалуы да мүмкін. Сондықтан қазаққа “Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды” деген мәтел жиі қолданылған.
Тістер сүт тісі және тұрақты тіс болып екіге бөлінеді. Тұрақты тіс (dentes permanentes) – 32, бұлардың жоғарғы жақсүйекке – 16, төменгі жақсүйекке – 16 тіс орналасады. Тіс қатарында өздерінің аттарына қарай 8 тіс орналасады, олардың 2-еуі – күрек тіс, 1-еуі – сүйір тіс,2-еуі – кіші азу тіс, 3- еуі – үлкен азу тіс деп аталады. Оның формуласы мынадай болады:
Тұрақты 32 тістердің тізбегі
деп жазылады. Оларды тұтас қарағанда сегіз күрек тістер, төрт сүйір тістер, сегіз кіші азу тістер, он екі үлкен азу тістер деп оқу қажет.
Үлкен азу тістің үшіншісін “ақыл тіс” (dens serotinus) дейді. Ол басқа тістердің ең соңында ғана 12-26 жас аралығында шығады. Соңғы азу тістер өте тез жетіліп кетеді. Кейде “ақыл тістің” мүлде шықпай қалуы да мүмкін. Бұл адам тісінің біртіндеп азайып бара жатқанын аңғартады. Шындығында да солай. Өйткені адам өз өмірінде алдын ала ұқсатылып, майдаланған, пісірілген тамақтарды падаланады ғой.
Бала тіссіз туады. Бала 6 айға толғанда тіс жара бастайды, ал екі жасқа толғанда тістер толық шығып бітеді. Сүт тістерінің жарып шығу мерзімдері 140 – суретте көрсетілген. Бірінші шыққан 26 тіс сүт тістер (dentes decidui)деп аталады. Оның 2-еуі – күрек тіс, 1-еуі – сүйір тіс және 2-еуі – азу тіс болады.
Сонда сүт тістің тізбегі болып шығады. Бұл тізбектен сүт тістерінде кіші азу тіс және ақыл тістердің жоқтығын байқаймыз.
Баланың 6 жастан 12 –13 жас аралығында сүт тістері бірітіндеп түседі де олардың орынына тұрақты тістері өсіп шығады (9-кесте).
9-кесте
Сүт және тұрақты тістердің жарып шығу мерзімдері
Тістер Жақсүйектер Тістердің жарып шығу мерзімі
Сүт тістер(айы) Тұрақ тістер (жасы)
Ортаңғы күрек тістер
Шеткі күрек тістер
Сүйір үшкір тістер
Бірінші кіші азу
Екінші кіші азу тіс
Бірінші үлкен азу тіс
Екінші үлкен азу тіс
Үшінші үлкен азу тіс
(Ақыл тіс) Үстіңгі
Астыңғы
Үстіңгі
Астыңғы
Үстіңгі
Астыңғы
Үстіңгі
Астыңғы
Үстіңгі
Астыңғы
Үстіңгі
Астыңғы
Үстіңгі
Астыңғы
Үстіңгі
Астыңғы 7-8
6-7
8-9
7-8
18-20
16-18
-
-
-
-
14-15
12-13
23-24
20-22
-
- 7-8
6-7
8-9
7-8
11-12
9-10
10-11
10-12
10-12
11-12
6-7
6-7
12-13
11-13
17-21
12-26
Тістің құрылысы – тістердің әрқайсысы (тіс- dens) тіс сауытынан (corona dentis), тіс мойнынан (collum dentis) және тіс түбірінен (radix dentis) құралады. Аcтыңғы үлкен азу тістің үш түбірі болады, қалғандарында бір түптен болады. Тістердің барлығының ішінде қуыс (cavitis dentis) болады. Тіс қуысы кеуекті дәнекер ұлпаға (palparis) толып тұрады. Ол ұлпада тарамдалған қан тамыры мен жүйкелер орналасады. Олар тіс түбірінің ұшында болатын қуыс тесік (foramen apices dentis) арқылы келіп жетеді.
Тіс сауыты (corona dentis) – тістің қызыл иектен шығып тұратын ең жуан бөлігі. әрбір тіс сауытында тәнтанулық бес бет сауыты болады. І.Тіл беті (facies lingualis) – тілге қараған беті; 2. кіреберіс беті (facies vestibularis) – ауыздың кіреберісі немесе ерінге қараған беті; 3-4. жанасу беттері (facies contctus) – тістің бір- бірімен беттесетін жақтары, жанасу беттері тістің орналасуына қарай әртүрлі аталады. алдыңғы тістердің аралық беттерін ортаңғы (медиальды) артқы тістердің аралығын алдыңғы беттері дейді. Тіс тізбегінің доғасынан орталыққа бағытталған қатардағы тістердің жанасу беттерін аралық бет (facies medialis). Оған қарама – қарсы беттерін қашықтағы бет (facies distalis) дейді. Тістенетін немесе шайнайтын беттері (facies ocalusalis) – үстіңгі және астыңғы тістердің бір – біріне қараған беттері. Тіс емдеу тәжірибесінде тістің тіл бетін ауыз беті (оралды) және қосымша тістің ішкі беті (опикальды) жеке аталады.
Тістің мойны – тіс сауытынан төмен қызыл иек тұсындағы шамалы жіңішкерген, яғни тіс сауыты мен тіс түбірінің аралық бөлігі. Бұл жерде қызыл иектің кілегей қабаты орналады.
Тістің түбірі - тіс ұясына қазықша сүйірленіп қадалып орналасқан. Тіс түбірі 1-ден 3 –ке дейін болады. Түбірдің ұшы , оның ұшында тесігі (тамыр, жүйке енетін) болатыны жоғарыда айтылған. Тіс түбірі тіс ұясындағы тамырлы сүйек қабығымен бірігіп кетеді.
Тістердің әрқайсысында қуыс бар, оның тіс сауыты бөлігіндегісін сауыт қуысы, ал түбіріне қарай кеткен қуысты түбір өзегі дейді. Ол түбірлер жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпаға толы.
Эмаль, цемент және дентинтістің қатты заттары:
Эмаль – тіс сауыты бөлігін қаптап жатады. Ол ақ немесе ақшыл сары ренді. Онда органикалық зат – 3,5%, анорганикалық зат – 96,5%. Ол призмадан құралған. Эмаль – энимелобластан түзілетін тірі қатты зат. Эмальдың сыртқы кутикула қаптаған жіңішке ретикуларлы талшықтардан түзіледі. Эмаль да желініп, ыстық – суықтан бұзылатын зат болады.
Цемент – тістің мойын мен түбірін қаптайды. Оның құрамында 32 (органикалық және 68) анорганикалық зат бар. Цементтің химиялық құрамы сүйекке ұқсас, ол коллагенді талшықтардан құралады. Цементте қан тамырлары болмайды.
Дентин - эмаль мен цементтің тұсын қаптап, тіс қуысының арасында тістің көп мөлшерін алып жататын қатты зат (141 – суреттә қараңыз). Дентин заты кальцийленген ұлпадан тұрады. Оның құрамында 28% органикалық зат,72% анорганикалық заттар болады. Дентин тіс қуысындаға жұмсақ болбыр ұлпаның одонтобластарынан жетіледі. Сондықтан да дентинның одонобластардың сабақтары түтік түзіп, еніп жатады. Жас ұлғайған сайын ол түтіктердің ішкі қуысы тарыла түседі.
Тістердің белгісі. Тістізбегін кіреберіс жағынан мұқият қараған кезде тістердің үш белгісі анық байқалады. Бірінші белгісі – тістің түбірі дистальды жағына аздап иіледі; екінші белгісі – тіс түбірінің тіс сауытының аралық (мезиальды) бетіндегі бұрышына қарағанда кішірек болады, үшінші белгісі – тіс саутының ішкі жағына назар аударсақ, мизальды бетіне өтетін жағына қарағанда тістің иіні дистальды жағына қарағанда тістің тістелетін беті тік болып келеді. Тістің кіреберіс бетін көлденең қарағанда оның мезиальды (аралық) бүйір (лотериальды) бөлігі дистальды жағына қарағанда томпақтау, дөңестеу болады. Бұл аралық бөлігінің дистальды жағына қарағанда күшті жетілгенін көрсетеді.
Осыған орай тіс сауытының кіреберіс бетінде. Мезиодтстальды беткейі болады. Тістердің осы белгілеріне қарай олардың тіс тізбегіндегі орналасу тәртібін анықтай аламыз.
Тіс атаулары. Тістердің жалпы құрылысы және жақсүйектердегі тіс ұясына орналасуы бойынша тістердің төрт түрлі пішінін немесе төрт атауын ажыратуға болады. Олар: күрек тістер, латынша атауы – «J», сүйір тістер – «C», кіші азу - «P» , үлкен азу тістер - «M» мен белгіленеді.
Адамның тістері үстіңгі жіне астыңғы жақсүйектерге таңдай қаттамалы (сегментті) қатар түзіп орналасады. Егер оң немесе сол жақсүйекті әрбір тіске қосса, 8 тіс сегментіне бқлінеді, сонда - 2; - 1; -2; - 3; десеек, оларды араб санымен былай тізбектеп аламыз:
үстіңгі оң жақ сүйек үстіңгі сол жақсүйек
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
немесе
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
астыңғы оң жақсүйек астыңғы сол жақсүйек
Осыған орай тісі ауырған адамның үстіңгі оң жақсүйектегі 5- тіс, ал астыңғы сол жақсүйектегі 7- тіс.
Зақымданған болса, оны 5
7
деп белгіленіп, үстіңгі оң екінші азу тіс және астыңғы сол екніші үлкен азу тіас зақымданған деп оқу қажет.
Тістердің сипаттамасы. Күрек тіс - әбір қатарда 4- тен болатын, барлығы 8-тіс. Бұлар алдыңғы тістер. Мұның сауыты күрек тәрізді, өткір, алды дөңес, ішке қарай аздап иіледі. Астыңғы күрек тіске қарағанда үстіңгі керек тіс үлкен. Күрек тістің түбірі біреу ғана. Ортаңғы тістер ортаңғы тістер ортапңғы немесе медиальды, ал одан шеткілері бүйір немесе латериальді күрек тіс деп аталады. Үстіңгі жақсүйектегі ортаңғы күрек тіс – тістердің ең үлкені, оның ерінге қараған жағы дөңес, ұрт жағы төмпек болады. Сыртқысы – кішілеу, ерін жақтағы бетінде буылтығы бар, ұшы өткір және айыр болып келеді. Тіс сауытының бұрышы анық, түбірі қысқа , тік орналасады. Астыңғы медиальды жіне латериальды күрек тістер өте кішкене болады, ал латериальды тістер аздап жалпақ болып келеді. Күрек тістер біріне – бірі тістесіп кеміруге, қыршу, қырқу және кеміру қызметтерін атқарады.
Сүйір тіс - әрбір қатарда 2- ден барлығы 4 тіс. Күрек тістерімен қабат, сырттай орналасады. Оның тіс сауыты жуан және басқа тістерден биік болады. Тістің үстіңгі ұшы добалдау, түбірі сүйір болып келеді. Әсіресе астыңғы тістің ұшы қаламұштанып үшкірлене де сауыты және түбірі қысқа болады. Бұл тісті үшкір тіс деп аталады. тістің негізгі атқаратын қызметі – тамақтың қатты бөлігін майдалау, тіліп, жырты, мұжу.
Кіші азу тістер – сүйір тістен кейін орналасады, олардың саны – 8. Кіші азу тістердің тістесуі беті дөңгеле, сопақша ал сүйір тістен төмен сауыты қысқа болады. Үстіңгі кіші азу тістердің үстіңгі бетінде екі төмпегі бар. Астыңғыларының екі төмпегі үшкір келеді. Олардың алдыңғысынан кіреберіс (ерін) төмпегі, ал артқысын – ітл төмпегі деп атайды. Үстіңгі кіші азу тістердің түбірі көбінесе екіге ажырайды. Бұл тістердің тістелу (шайнау) бетінің бедеріне қарай тамақты майдалап, езеді, үгеді.
Үлкен азу тістер – кіші азу тістерден кейін рналасады, олардың жалпы саны – 12. тіс шаршы пішінде сауытты және әрә болып келеді. Бірақ үлкен азу тістері алдыңғы қатардан артқы қатарға қарай кішірейеді. Сондақтан да ең үлкені – алдында, ең кішікенесі – артында, яғни ақыл тіс кішілеу болады. Үлкен азу тістің шайнау бедеріне 3-5 дейін төмпектер кездеседі. Тістің иіндері де айқын көрінеді. Астыңғы азу тістердің түбірі алдыңғы және артқы болып екіге бөлінсе, үстіңгі азу тістердің түбірі үш тармаққа бөлініп, тіл және екі ұрт түбірлері деп аталады.
Үстіңгі жақсүйектегі үлкен азу тістер шайнау бетінің бедері мынадай. Алдыңғы азу тісінің сауыты жуан, беті ромб тәрізді, 4 төмпегі болады. Жанасу беті – дөңес, түбірі – үшеу. Екінші азу тісте 3, кейде 4 төмпек болады. Тіс сауыты алдыңғыға қарағанда жұқалау болады. Тістүбірлері қысқа болады, оның 3 төмпегі, 3 түбірі бар.
Астыңғы жақсүйектегі үлкен азу тістердің шайнау бетінің бедері мынадай. Алдыңғы үлкен азу тістің сауыты тиекше пішінді, төмпектері – 5-еу (екі тіл, екі ұрт, бір дистальды төмпектер). Төмпектер үлкені – ұрт төмпегі, кішісі – дистальды төмпек. Тіл және ұрт төмпегінің арасы “+” – қосу тәрізді жүлгемен бөлінеді. Түбірі – екеу. Тістің сауыт иіні мен түбірінің белгілері айқын білінеді. Екінші астыңғы үлкен азу тіс бедерінде 4 төмпек болады, оларды қосу тәрізді жүлге бөліп жатады. Мұның көлемі алғашқыға қарағанда кішілеу және тістің үш белгісі де айқын көрінеді. Астыңғы ақыл тістің бедері әртүрлі болып кетеді, оның 4, кейде бес төмпектері, екі түбірі болады.
Тістестіру (тістену). Ауыз еркін жабылған кезде үстіңгі және астыңғы жақсүйектердегі тіс қатары бір – біріне үйкеліп, түйіседі. Тіс қатарларының тіс ұяларына орналасуына, ұя доғаларының пішініне, таңдай тереңдігі мен иек құрылыстарына қарай оларды теңестіру кезінде тістердің үйлесіп, не үйлеспей тістелуі жиі жатады.
Үйлесімді тістестіру. Ерінді ашып, үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді еркін жақындатқан кезде күш жұмсамай- қа тістер қатарлары астыңғы қатарларға қарағанда сәл ілгері етіп, қайшыланып тұрады. Сөйтіп күрек тістер сәл ілгері ұмтылып, үстіңгі азу тістердің кіреберіс (ұрт) төмпектері сыртта жатады да тістер біріне – бірі тұспа – тұс келмей, араларына кіріп үйлеседі. Мұндай тістестіру тіс емханасында қайшыланып тістесу немесе пронатил деп атайды.
Қорыта келгенде адамның әртүрлі тағамды үзіп, шайнап және кеміріп жеуі кезінде дерттік түрлерін анықтауда, сондай – ақ жасанды тіс салуда маңызы зор.
Тістердің орналасуындағы ауытқу. Тістер ерінге, тіл – таңдайға қарай қисаюы, көршілес тіске ығыса шығуы арқылы байқалады. Мұндайда тіс түбірі ілгек тәрізденіп өзгереді.
Тіс қатарларының ауытқуы. Мұндай ауытқу тіс ұзындығының бірімен – бірінің келмеуіне, яғни тістің бірі ұзын екіншісі қысқа, қисық болуы нәтижесінде тағамды дұрыс шайнай алмауы білінеді. Мұндайда 4 үлкен азу тіс немесе қосымша күрек тіс шығады.
Тіс құрамындағы қатты заттар ауытқуы. Бұл ауытқу тістегі тұзды заттардың көбеюі салдарынан тіс сауытының мүжілгіштігінен байқалады.
Тістердің жарып шығуы мерзімінің бірде тез, бірде кеш болып ауытқуы мүмкін, кейде тіпті жаңа туған нәрестеде тіс болып ауытқиды.
Сөйтіп тістердің ауытқуларын анықтауда және тіпті емдеу үшін оның сауытын, мойнын, түбірін және тіс ұясының сүйек қабығын байқау үшін тісті екі тәсілмен зеттеп, рентгенанатомиясын алады.
Тіс қатарын асты – үстімен тұтас түсіру үшін ауыздың сыртынан түсіру әдісін, ал тістің жеке өзін көлеңкесіз, тіс белгілерін де анықтау үшін ауыздың ішінен әдіс қолданылады. Ауыздың ішінен тістің бейнесін түсіру үшін пленканы иекке бастырып немесе оны тістестіріп қойып рентгендік суретін алады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Тіс құрылысы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Тіс құрылысы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Тіс құрылысы