ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛДЕРІ
Тауардың өмірлік циклінің төртінші кезеңінде нарықта тауардың өтуі біртіндеп немесе кенет қыскдрады. Мұнық себептері әр түрлі Жалпы алғанда, басты себсп сұраныстық жеткілікті қанағаттандырылуы деуге болады. Бұған қоса, тауар өндірісі технологиясының ескіруі, көптен бері өзгермеген тауарлардың тұтынушыларды жалықтыруы, кейбір тауарларға деген қажеттіліктің мәні жойылып кетуі немесе оның орнын соған басқа ұқсас тауарлар алмастыруы т.б. тәрізді себептер де әсер етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, мұның бәрі де нарықтағы тауар қозғалысының тұтынушылардың сұраныс қарқынынан қалып қоюының, ал тереңдей қарасақ, тауар өндірушілердің нарықта белгі беріп келе жатқан сәйкессіздікке мән бермеуінің немесе одан бейхабар болуының нәтижесі. Бұл жағдайдағы аса ұтымды шешім — нарықка жаңа тауар ұсыну арқылы нарық айналымына қосылу болып табылады және ондай тауарлардың нарық сегментінде өмірлік циклі ұзақ уақытқа созылатыны сөзсіз.
Тауар қолдануда әрбір дәуір өз жаңалығын бірге ала келіп, айналымдағы тауардың өмірлік цикліне елеулі өзгеріс ендіріп отырады. Материалдық игіліктерді тұтынудағы ерекше шарықтау кезеңі, әсіресе, үстіміздегі ғасырдың екінші жартысынан бастап, жалғасын табуда. Электрондық есептеу машинасы кез келген адамның үйреншікті құралына айналып, күнделікті тұрмысқа компьютердің небір жақа түрлері енуде. Адамзат қоғамынық қазіргі өркениетті дамуы ғарыш ғажайыптарының сырына үнделуде...
Тауардың өмірлік циклі және оның кезеңдері тауар атаулының бәріне бірдей қатысты емес. Олардың ерекшеліктеріне және қолданатын елдері мен аймақтардың технологиялық, экономикалық және мәдени даму дәрежелерімен бірге, әрбір тауардың тұтынылатын жерінің экономикасында алатын орнына сәйкес тауардың өмірлік циклі мен кезеңдері де әр турлі болады. Мысалы, өндіріс процестерінде қолданатын тауарлар мен көпшілік қолды тауарлардың сол тауарлардың өзінің әр қайсысының жоғары дамыған елдер мен дамуға бет алған елдерде қолдануларына қарай өзіндік өмірлік цикл кезеңдеріне құралып отырады. Тауарлардың өмірлік цикліне тұтынатын жеріндегі әдет-ғұрып, салт-дәстүр тағы да басқа ұлттық өзгешеліктер әсерін тигізеді. Әдетте тауар неғұрлым көбірек қолданылатыи жерде оның нарық айналымындағы өмірлік циклі онша ұзаққа созыла қоймайды
Тауардың өмірлік циклі бірнеше кезеңдерге бөлінуі мүмкін. Егер шикізатты алғашқы тауар ретінде алсақ, оның өмірлік циклі мынадай екі кезеңге бөлінеді: 1) тауар өндірілген кезден бастап, тұтынушыға сатылғанға дейінгі кезеңі;
2) өндіріс процесі барысында қолданысқа түсіп, соңынан дайын өнім құрамын шыққанға дейінгі кезең; яғни оның бұл жердегі өмірлік циклі өндіріс кезеңімен тең болады.
Көпшілік қолды тауарлардың өмірлік циклінде, әсіресе, оның нарықтағы кезеңінде алдын ала болжауға келмейтін жағдайлар қалыптасуы мүмкін. Шындығында, қандай бір тауар түрін өндіруші болсын, ол өз тауарының нарықта ұзақ уақыт тұрақтап қалуын тілейді. Өйткені тап осы жағдайға байланысты ғана тауар иесіне тұрақты пайда түсіп отырады. Ал тауардың пайдалы болуы онық нарықтағы айналымы жылдам әрі көлемді болуы дегенді білдіреді. Тауардың нарықта тұрақтай алуы — сегментті-сұранысты жоғалтпауға тырысу немесе соны ұзағырақ ұстап тұру мақсатын көздесе, тауардың айналым мезгілі мен көлемі- сол сегментті кеңейту, яғни нарыққа тереңірек және кеңінен ену мағынасын береді. Тауар өндірушінің ынта-ықыласы оның жеке бастық ізгі ниеті ретінде көрінеді. Бірақ бұл ұмтылыстың, нақты жүзеге асуы сол нарыққа таласушы басқа да бәсекелестердің іс-әрекеті мен мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болады. Сонымен тауардың нарықтағы және айналымдағы өмірлік циклі тауар өндірушінің жеке бастық ынта-ықыласы мен мүмкіндіктеріне ғана емес, сонымен қатар нарықтық ортадағы басқа да үміткерлердің ұмтылыстарына тәуелді болады.
Тауардың өмірлік циклінің құрамындағы тағы бір ерекше кезеңі — өндіріс процесінен өткен дайын өнімнің нарыққа жеткенге дейінгі уақыты. Нарық айналымындағы жағдай тәрізді мұнда да тауар өндіруші аталған мерзімнің қысқа болғанын қалап, арі тауар билігі әзірге өз қолында тұрған соң оны нарыққа жылдамырақ жөнелтуге күш салатын болады.
Бәсекелік күрес және тұтынушынық тауар таңдау мен тауарды сатып алудағы шешуші факторлардың бірі — тауар қолданысының өмірлік кезеңі, яғни тауардың тұтыну төзімділігі Тауардың бұл қасиеті тұтьшушы мүддесіне жақын келетіндіктен, ол бұған айырықша мән береді және тауардың өзіне ұзақ қызмет етуін қалағандықтан, оның бағасы жөнінде саудаласып жатуға ыңғай көрсетпейді. Тұтынушының мұндай көзқарасы тауар өндіруге деген ынта-ықыласты арттыра түседі.
Осы орайда тауардың өмірлік циклі мен ғылыми-техникалық жетістіктердің қарама-қайшылығына айырықша назар аударған жөн. Бүгінгі таңдағы технологилық дамуы тауар өндіруді ұлғайту және жетілдіруге көмегін тигізе отырып, соның нәтижесінде тауардың нарықтағы тұрақтылығы неғұрлым қысқартады да, онын, моральдық тұрғыдан ескіруін тездетеді. Сондықтан тауар өндіруге қатысты технология жетістіктерінің пайдалылығы немесе зияндылығы жөнінде кесіп айту қиын. Шындығында, бәсекенің қатал тәртібі жағдайында тауар өндірушілердің нарықтағы өзгерістерге ілесе алмай, одан шеттеп қалуы мүмкін. Өйткені қай деңгейде болсын, өндірістің аты өндіріс, оның процесін және кәсіп бағдарын жаңа бағытқа немесе жаңа тауарға сәйкес қайта құру немесе бейімдеу оңай шаруа болмайды. Сонымен қатар ол әжептәуір шығын жұмсауды қажет етеді. Жаңа идеяны нақты тауарға айналдырып, оны тауардың өмірлік циклі деңгейіне дейін көтеру оңай шаруа емес. Немесе сол тауар нарыкқа жетпей жатып және жеткен күннің өзінде оған сұраныстың жоқтығынан, моральдық тұрғадан ескіріп қалатын жағдай да кездеседі. Ал тауар бәсекесіне төзімділікті сақтау мақсатымен алдын ала өндірілуге тиіс тауарлардың бірнеше үлгілерін тауар өмірінің алғашқы немесе ортаңғы циклдеріне қор есебінде ұстап тұруға, не болмаса нарыққа енген тауарға одан тыс қалмау үшін үздіксіз жаңа қасиеттер енгізу мен сапасын жоғарылатута, сатудан соңғы қызмет көрсету жағын кеңейтуге, қосымша сегмент іздестіру мақсатында жарнаманы күшейту шараларын іске асыруға, тіпті тауар бағасын төмендетуге дейін барады.
Нарықтағы тауардың жиі өзгеріп тұруы жалпы жетілудің нышаны деп түсінудің жансақ жақтары да жоқ емес. Соның бірі — тауардың өмірлік циклінің қысқаруына байланысты тауарлар мен шикізаттың еріксіз пайда болатын үлкен қоры. Бұл тауардың өмірлік циклінің әр кезеңінде нарықка қосылмай қалған тауарлар мен арнайы тауарлар өндірісінде қолданылмай қалған шиккізаттардан құралады. Бұл қор, тауар ендірушілердің айналым капиталын қозғалыссыз ұстап отыруы салдарынан, олардың шаруашылық әрекеттеріне көп жағынан нұқсан келтіреді. Ондай қорлардың өсуі нарықтағы тауар айналымы бәсеңдеуінің, тауардың өмірлік циклінің соңғы кезеңіндегі өндіріс куаттарын жүктеудің, осалдауының нәтижесі болып табылады.
Тауар өндірудің өзекті міндеті — тауарды нарықта тұрақтату және оның нарықтан шығып қалуына жол бермеу. Ол үшін қолдағы мүмкіндікті толық пайдалану керек. Өйткені тауардың нарықтағы өмірлік циклінің қысқаруы тек ғылыми-техникалық жетістіктердің арқасында ғана емес, сол жетістіктерді дер кезінде колдана біліп, жаңа үлгідегі тауар өндіру мен нарықтағы бәсекені күшейтудің жемісі де. Маркетингтік көзқарас бойынша, мұндай жағдайда уакыт ағымына ілесе білген және тапқырлықпен жұмыс істеген кәсіпкер ғана әрдайым ұтыста болады. Нарыққа жаңа тауар түрін енгізген өндіріс өз бәсекелестері осындай дәрежедегі тауарға қол жеткізгенге дейін монополдық жоғары бағамен сатуға мүмкіндік алады. Соның есебінен қаржы жағдайын да нығайта түсіп, сол бағытта келесі бір жаңа тауарды игере отырып, нарықтағы өз үлесінін өсуінің арқасында бәсекелестер арасында мерейі үстем болады. Әйтсе де фирма немесе монополия қанша жерден құдіретті болғанымен, нарықта нақтылы тауар топтарымен ғана үстемділікке ие болып, өзінен басқа да тауар номенклатурасындағы жетекші кәсіпкерлермен бірлесе әрекет етеді. Басқаша айтқанда, нарық шеңберінде тауар топтары немесе түрлері бойынша жетекші фирмалар мен монополистер дүниеге келіп, олар тауар бағасын құрауда бәсеке тағдырын анықтауда шешуі рөлге ие болуы мүмкін.
Тауардың өмірлік циклінің әрбір сатысы өзіне тән көрсеткіштерімен ерекшенеледі. Тауардың нарыққа қосылуынын алғашқы сатыларында оны өндіру шағындау және орташа көлемде болғандықтан, өндіріс қуатының толық іске қосылмауынан, оның қажеттілігі шамалыдай көрінуі мүмкін. Жаңа тауардың өндіріс технологисының тиісінше жарақталмауына байланысты өзіндік құны жоғарылап, алғашқы кезеңде одан келетін пайда біршама аз болады. Нарықта жаңа тауардың өтімді болуында оның конструктуралық пішімі, дизайны (тауар, бұйымдардың, т. б. тауар түрлерін көркемдеу), тұтыну қасиеті мен сапасы және тауар алушылармен кері, яғни екі жақтың байланыс орнату зор маңызға ие. Бұл жағдайда нарықта қасиеттері ұқсас көптеген тауарлар айналымда болады. Бірақ та бір фирма қолға алған тауарды қалғаны өндірмейді. Мұндайда нарықта жаңа тауар жасаған фирма мығым болады. Мұндай тауарларды сату көлемі алғашқыда шамалы болатыны рас, бірақ жаңа тауардың нарыққа түсе бастаған кезінде оның бәсекелесі мүлде жоқ дерлік.
Тауардың жаңа әрі теңдесі жоқ болуына байланысты оның өмірлік циклінің бұл кезеңінде баға, әдетте жоғары деңгейде қойылады да, стратегиялық жағдайларға қарай ол төмендетілуі де мүмкін. Сонымен қатар, тауардың жаңадан өндіріле бастауы себепті пайда құрала қоймауы немесе оның мүлде аз болуынан өндіріс әуелгі кезде зиян шегетін болады.
Тұтынушылардың жаңа тауарға бірден үйіріне қоймайтын кездері жиі кездеседі. Өйткені оларға тауар жөнінде сенімді хабар жете қоймайды да, сұраныс тек тұтынушылардың бір бөлігімен ғана шектеледі. Бұл жағдайда едәуір қаражат жұмсай отырып, жаңа тауарды жарнамалау жағына күш салған жөн. Соның нәтижесінде жаңа тауар үшін арнайы қозғалыс бағыттары жасалынады да, сұраныстың өсуіне қарай, басқа да шаралар қолданылады.
Жаңа тауар өндіру маркетинг концепциясының маңызды тақырыптарының бірі. Сол үшін де маркетингтің басты міндеттері: нарықта жаңа тауардың пайда болуына жауап ретінде онын, бәсекелестері ұстанатын позицияларының болуы мүмкін нұсқаларын жасау жаңа тауардың нарыққа енуінің ең оқтайлы көздерін анықтау, нарықта қалыптасқан тұтыну кұрамдарын жаңа тауарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету, тағы да басқа қажетті шараларды іске асыруды кешенді түрде қарастыру болып табылады. Міне, осының бәрі жедел атқарылуы тиіс шаралар ретінде маркетингтік бағдарлама құрамына еніп, күн тәртібіне қойылады.
Жаңа тауарды өндіріске ендіруден гөрі, оның келесі өсу сатысы қай жағынан болсын, маңызды келеді. Сол тұста тауарды ірі көлемде сериялық өндіру әрекеті қолға алынып, өндіріс қуаттары толығымен іске қосылған күннің өзінде оның аздық ететіні айқын сезіледі. Тауардың өмірлік циклінің тап осы сатысында тауар жеткілікті дайындалуы себепті оның сапасы жоғарылаумен қатар, сатылу көлемі мен қарқыны да жоғары деңгейге жетеді. Бұл кезде бәсекелестердің саны көбейіп, олардың нарықтағы өзара күресі шиеленісе бастағанымен, тауар сапасының жоғары болуы жағдайында ол бәлендей қауіп-қатер тудыра қоймайды.
Сөйтіп тауардың сатып алу ауқымы кеңейе келе, оның нарықтағы беделі өсіп, тұтынушылар оның, сапасының әр түрлілігіне онша көңіл аудармай, ала береді. Тауарды бөлу жаппай тауар өткізу жүйелері бойынша жүргізіліп жатады да, оның қозғалысы күннен-күнге жеделдеп, көлемі өсе түседі Осылайша, тауар бағасы өзінің жеткілікті деп танылған деңгейіне жетіп, тауардың өндіріске жаңадан енген кезінен біршама төмендеу болады. Өндіріс жоғары бағаның есебінен елеулі пайда түсіре отырып, оның мөлшері өсу сатысының соңына қарай ең жоғары деңгейге жетеді.
Тауардың өмірлік циклінің алғашқы кезеңінде оны жарнамалауға жұмсалатын қаржы қомақты болады. Бірақ тауар дамуының келесі кезеңдеріндегі жарнамалауға жұмсалатын қаржы көлемі азая түседі және бұл жарнамалардың мазмұны: тауардың кұндылығы мен қасиеттеріне, оның нарықта алатын жетекші орнына, саудалық таңбасына, бәсеке жағдайындағы беделіне ерекше көңіл аударуға қарай ойысады. Міне, жарнамалаудың осы үлгідегі әрекеті тауар саудасында аса маңызды рөл атқарады.
Осы орайда маркетингтік қызметтен: тауар түрлерін жетілдіру мен сапасын жоғарылату есебінен тікелей бәсекеден құтылу, тауарға ең жақсы сұраныс іздестіру және оның көлемін өсіру жолдарын қарастыру, тұтынушылардың қажеттеріне сай тауар өндіруді қамтамасыз ету, тауар өткізуді ынталандыруды жоғары деңгейге көтеру, тауар бағасының құралу жүйесі мен факторларын жетілдіру және баға деңгейін тутынушылардың төлеу қабілетіне жақындату проблемаларын шешу талап етіледі.
Тауардың өмірлік циклінің жетілу кезеңі — өндіріс қуатының жетіп-артуымен және тұрақты, толық жасалған технологияны қолданумен, тауарлардың ірі-ірі топтарын бөліп шығарумен, өндірілетін тауардың түр-түрін көбейтуге мол қаражат (ақша) жұмсаумен тікелей байланысты болады. Бұл жағдайда өндірілетін тауар көз тартатын және дәріптеуге мұқтажы жоқ сапасымен ерекшеленеді және тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында сан алуан үлгілер мен нұсқаларда ұсынылады. Соған сәйкес сауда-саттық ісі де біртіндеп, ал бара-бара қарқынды дамуға ұласады. Бұл кезде басқа да көптеген фирмалар осындай тауарлармен нарыққа шыға бастайды. Сөйтіп, тұтынушыларға әуел бастағы шынайы тауарға қоса, оның үлгісінен алынған өзіндік ерекшеліктері бар жасанды тауарларды ұсынып, тұтынушы мүддесіне үйлеспейтін баға бәсекелері, кертартпа бәсекелер пайда бола бастайды. Соның салдарынан баға шешуші факторға айналып, баға құрамы мен бәсекелесуші фирмалардың арасында нарықтағы үлестерін бөлісу шамалы деңгейде ғана тұрақталынып, пайда азаяды. Тауар сұранысы жалпылама және стандарттық түрге айналады. Жалпы нарық тауармен толықтырылу дәрежесіне жетеді. Тауарларды қайталап және дүркін-дүркін сатып алу байқалады, соған байланысты тұтынушы үшін бірнеше фирмалық сауда тақбалары бойынша өзіне қалаған тауарын алудың, мол мүмкіндігі туады.
Жарнама тауар алушыларды жаппай тартуға баса назар аударып, бұл іске халық жұртшылықтың неғұрлым көбірек бөлігін жұмылдыру қарқынын жеделдете түсетін болады.
Тауардың өмірлік циклінің жетілу кезеңіндегі маркетингтің басты міндеті — тауардың өмірлік циклін неғұрлым ұзарта түсуге байланысты шараларды іске асыру болып есептеледі.
Бұларға: тауардың жаңа үлгілері мен жаңа тұтынатын салаларын және тұтынушыларын (нарықтарды, сегменттерді) табу, нарықты тереңінен сегменттеу және шетел сегменттерін іздестіру, тауар түрлерін нақты бөлшектерге жіктеп (топтап) бөлу, тауарды пайдаланудың әр түрлі әдістерін іздестіру, тұтынушылардың жаңа топтарын тарту есебінен нарықты кеңейте түсу, тауарды жиі қолданатын тұтынушыларды қолдау және материалдың ынталандыру т.б. жатады. Бұл жағдайда аталған шаралардың айырықша маңызға ие болуының себептерін былайша түсіндірген жөн. Тауар өзінің жетілу барысында бірнеше рет нарық процестерінен өтіп, тұтынушыларды мезі етеді. Сол себептен тауарды сапалық, тартымдылқ жағынан түрлендіріп отырмаса, қасиетін арттыру арқылы оның "өмірін өзарта" түсу қарастырылмаған күнде мұндай тауарға нарықтан "аласталыну" каупі төнеді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛДЕРІ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛДЕРІ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛДЕРІ