Темекіге қарсы күрес

Темекіге қарсы күрес

Темекіге қатысты мәселер

1.Шылым темекі өсімдігінің кептірілген жапырағынан жасалады.
Темекі ораулы темекі, насыбай, тіпті шайнау қолданылғандай, қорқормен де тартылады. Қорқор болсын, ораулы темекі болсын, әлде никотині төмен темекі болсын, тіпті мүштек кигізіп шегіңіз беретін зардабы қзгермейді. Темекінің, шылымның зиянсыз болғаны қолданылмағаны.Алайда, темекі түрін қолдануда денеге ең зиянды болғаны темекіні қолдану әдеті.

2.Темекі тұманында 4000 мөлшерінде химиялық зат барлығы анықталған. Дұрыс оқып отырсыз, темекі түтінінде 4000-дай зат болып, бұның еш біреуі адам денесіне пайдалы емес, барлығы зиянды. Зардабы ең ауырлары : никотин, шайыр (қарамай), көміртек тотығы(СО) және раккашалдыратын (кансереген) заттар.

3. Никотин емдеу мақсатында қолданылмайды. Цианмен салыстырылатын өредегі бір у. 100-120 мгр никотинді бір жолда адамныі тамырынан қоятын болса, адам өледі. Мәселенің кісіні таңырқататын жағы да, осы мөлшердегі, яғни 100-120 мгр никотиннің екі қорап ораулы темекінің құрамында болғандығы.

4.Күніне екі қорап ораулы темекі шегетін адамдар бар. Олар неге уланбайды деп смүмкін. Іс жүзінде темекі шеккендер уланады. Алайда ақырын-ақырын уланады.Бұл адамдардың дереу уланып өлмейтіндерінің себебі, олардың ораулы темекіні жағып қолдануынан, яғни темекідегі никотин ауаға таралып, никотиннің белгілі бөлігі ғана денеге кіреді. Тек бір тал ораулы темекіні шеккен адамның денесіне 1,‚-2 мгр айналасында никотин кіреді.
Бқдан тыс, бір өорап ораулы темекіні бір уақытта емес, күні бойы тартқандықтан, әрі темекі тартқандар никотинді төте қаннан емес, тыныс жолынан қабылдағандықтан, темекі шеккендер дереу уланып өлмейді.

5. Тек бір тал ораулы тартқан адамда никотиннің ықпалымен, бүйрек үстіндегі бездерден адреналин және норадреналин деп аталатын гормондардың бқзылуына жол ашады.Осының ықпалымен, асқазанның қышқыл сұйықтығы артады.Үнемі темекі тартқандарда, уақыт ұзара келе асқазанда гастрит және жара пайда болады. Бір тал ораулы темекімен-ақ, адамның тыныс алуы тездейді.Жүректің соғуын тездетіп, жүректің артық жұмыс істеуіне себеп болады.Никотиннің ықпалымен, денедегі бүтін тамырлар белгілі мөлшерде жиырылады да жүрек бұл жұмысты атқару үшін зорланады, адамның қанқысымы артады.
Жқғарыдағы нәтижелерден көргендей, темекі денені тыныштандыратын, рахаттандыратын зат емес, керісіншеі, денені әрекеттендіретін, тыныс алуды тездетіп, жүректің қатты соғуына себеп болатын, қанқысымды арттыратын зат.

6. Никотин қол, аяқ тамырларын жиырады, қол-аяқ тамырларына қанды аз жеткізеді, сонвмен аяқ-қолдың қызуы қалыпты өреге келеді.

7. Никотиннің ықпалымен, темекі шеккен адамдарда денненің барлық органдарына, тамырлардың жиырылуына қан аз өтеді, бұл дененің бүтін органдарының тіпті аз қуатпен жұмыс істеуі маұынасына келеді.Ми жөнінде де осылай.Бір тал темекіде миға баратын қан мөлшерін азайтады.Күніне бір қорап тартатындарда миға кететін қан мөлшері недәуір азаяды, бұл мидың тар көлемде жұмыс атқарғанын көрсетеді.
Сонымен бірге никотиннің орталық жүйке органдарына ықпал етумен адм құсады, басы айналады.

8. Бір адамның тамырына екі мгр никотин құйылса (тек бір тал ораулы темекі тартқанда деннеге өтетін мөлшер) жүрек бір минутта 15 рет артық соғады.Жүректен шығатын қан көлемі минутына 10 литрден 12 литрге артады, осы күйде, темекі шеккен адам отырған болса да, жүрегі ауыр жұмыс істегендей соғады.Әсіресе, бұрын жүрек ұстамасы болғандар, теамекі шексе жүрек ауруы қозуы ықтимал.

9. Темекі жүректің соғуын арттыратындықтан, әуелі, жүректің өзінің ауаға қажеті артады. Осыған орай, қандағы қан түйіршіктерінің белгілі бөлімі ауа өміріне көміртек тотығымен (СО) бірлеседі. Жүректің өзін қамдайтын қан тамырларынан жүрекке келетін қан мөлшері азаяды. Демек, темекі тартқандардың жүрегі тез соққандықтан, жүректің қанға және ауаға болған қажеттілігі артып, осыған орай, жүрекке келетін қан мен ауа азаяды. Нәтижеде, әсіресе бұрында жүрек дімкасы болған адамдарда бір тал темекі тартса да жүрегі ауруы ықтимал.
Темекі барлық мүшеге, әсіресе жүрекке зиянды зат. Жүректі жындандыратын, еліртетін әуесқойлық деп айтуға болады.
10. Темекі түтініндегі 4000-нан астам зиянды заттың біреуі көміртек тотығы (СО). Көміртек тотығы СО автомобильдердің тетігінен шыққан улы заттардың бірі. Темекімен бірге бұның белгілі мөлшері денеге кіреді.
Қандағы қан түйіршіктерінің дене клеткаларына ауа жеткізетіні бізге белгілі. Бір ортаға әрі ауа, әрі көміртек тотығы кірсе, көміртек тотығы ауадан кем інде 100 есе құштарлықпен қан түйіршіктеріне жабысып, оларды ортадан тыстайды. Темекі твартқандардың қан түйіршіктерінің 5-8 %-ы көміртек тотығының қысымында қалады да, ауа жеткізе алмайды, керексіз болып қалады.
Соңында не болар дерсіз? Бұның және осы тектес көптеген оқиғаның нәтежесінде, темекі тартқан адамның күш-қуаты тартпағандардан әлде қайда әлсіз болады.
11. Темекі шеккеннің күш-қуаты әлсірейді. Темекі тартқан адамның темекінің зардабынан сөзсіз ауырып жатуы қажет емес. Мысалы, жасты 2 адам физиологиялық және дене жағынан өзара жақын болса, бұның темекі тартқан қуаты, дене тәрбие қимылдары және түрлі жұмыстарды істеуде екіншісінен әр қашан кері қалады. Темекі дененің жұмыс өнімділігінің 20 % азайтады.

Адамның күшін, қуатын азайтатын бір затқа жастардың әуес болуын түсіну қиын-ақ.

12. Жоғарыдағылар темекі шеккен кезде пайда болатын белгілі өзгерістер. Бір тал темекі денеге осыншалық зиян келтіргенде, күніне бірнеше тал, тіпті бірнеше қорап темекі тартқандарға қаншалық ауыр залал беретінін мөлшерлей беріңіз. Ендеше, жылдар бойы темекі шеккендерді есепсіз ауруларға душар қылады.

1.2. Жүргізген сауалнаманың сұрақ үлгілері
1. Темекі тартасыз ба?
2.Қанша жастасыз және темекіге қай жастан әуестендіңіз?
3. Темекі тартуға не себеп болды?
4. Темекі тартуға ата-анаңыз қалай қарайды?
5. Темекі тартуды бастаған соң достарыңызбен қарым-қатынасыңыз өзгерген жоқ па?
6. Темекі тартпай тұрып қандай көңіл-күйде боласыз?
7. Темекі тартқан кездегі көңіл-күйіңіз қандай?
8. Темекі зияндылығы жайлы жазылған темекі қорапшасының сыртын оқи тұнра. Осы мәселе сізді ойландырмай ма?
9. Сіздің болашақ балаларыңыздың темекі тартуына қалай қарайсыз?
10. Егер сіз темекі тартуды тастағыңыз келсе, мына әдістердің қайсысын қолданар едіңіз?(бірден тастау не біртіндеп тастау)
11. Темекі тартатын қыздарға көзқарасыңыз
12. Темекі тартып тұрған қазақтың қаракөз қызын көрсеңіз не істейтін едіңіз?
13. Біреуге сізге темекі тартуды үйрет деген ұсыныс айтса, сіздің әрекетіңіз
14. Уақытты кері айналдырса, темекі шегер ме едің
1.3. Темекі тартудан туындайтын аурулар.

Темекінің ас қорыту жүйесіне тигізген зияндары.
1. Темекі тәбетті қайтарады
2. Ас қорытуды қиындастырады.
3. Тісті сарғайтады, ауызды сасытады
4. Асқазанда жара пайда болады
5. Ерін, тіл, өңеш рагына жол ашады.

Тыныс алу жүйесіне тигізетін зардаптары.
1. Жөтелдіреді және қақырық пайда болады
2. Созылмалы тыныс жолдары қабынуына және амфизмге себеб болады
3. Көмекей және өкпе рагы темекі тартқандарда көп кездеседі. Өкпе мен көмекей рагына ұшырағандардың 90 пайызының себебі темекі.
Ұзақ уақыт темекі шегіп тастағандар ең тамаша рахаттануды, тыныс алуда, жөтелден құтылуда және өрден шыққанда сезінгендерін бейнелеуде.

Айналым жүйесіне қатысты зардаптар.
1. Тамырды қатайтады
2. Қол, аяқ тамырлары бітеледі. Гангрена пайда болады.
3. Миды қамдайтын тамырларда да қатаю пайда болып, салдануға себепші болуы мүмкін
4. Жүрек ауруларына, әсіресе бұлшық еті инфарктіне қолайлық туғызады. Жүрек бұлшық еті инфарнкты көзалда, мемлекетімізде және бүкіл әлемде ең басты өлім себебі болып отыр. Темекі шеккендерге шекпегендерге қарағанда осы аурудан өлім мөлшері кемінде 10 есе артық.
Ас қорыту, тыныс алу және айналым жүйесіне қатысты.

Басқаша зардаптары.
1. Есте ұстау қабілетін азайтады. Миға баратын қан азайғандықтан ауа жетіспейді.
2. Тәбет тартпайды, ұйқы қашады.
3. Теріде әжім пайда болады.
4. Темекі тартқанның қасында отырғандар да темекіден зиян көреді. Отбасында темекі тартқан әке балаларын да уландырады. Жабық жерде және автобустарда темекі шеккендердің шекпегендерді белгілі өреде улайтын ескерген жөн.
5. Еркектерде және әйелдерде жыныстық тәбетсіздіктің басты себебтерінің бірі де темекі тартудан келеді.
6. Темекінің бәлки 1000 – нан артық зияны бар. Қазірге дейін денсаулыққа темекінің ешбір пайдасы көрілмеген.
7. Тым еленбей келе жатқан бір зияны да темекінің өртке себебші болатыны. Темекіден, дәлірек айтқанда, темекі тұқылынан шыққан өртте америкада әрбір жыл мөлшермен 1700 адам өлуде.
Мемлекетімізде де әр жыл мыңдаған гектар орман, өкінішке орай, темекінің тұқылы тудырған өрттен күлге айналуда.
8. Бүгін дүниеде жылына мөлшермен 3 млн. адам темекіден өрбіген аурулардан өлуде.
Әр 13 секундта 1 адам, әр 65 секундта 5 адам әлемде темекіден туылған аурулардан өледі екен. Темекі себебінен туылған аурулардан өлгендердің орташа 100 - нан бір бөлігі темекі тартпай – ақ зияндалғандарда кездесуде.
9. Канада да 5 млн адам, Англияда 10 млн, АҚШ – та мөлшермен 40 млн адам темекіні тартады. Түркияда Пияр зерттеу қоғамының мәліметтерінде темекі тастағандар домалақ санмен мөлшерлегенде 7 – 8 млн айналасында. Алайда, жоғарыдағы санды мәліметтегі көңілсіз 1 есеп те, 15 жастың үстіндегі 15 – млн – нан астам жас азаматымыздың әлі де жалғасы темекі тартып жүргені.
2.1. Темекі тастау әдісі

Бүгін темекіні зиянды емес деп ешкім айта алмайды. Осы тақырыпта зерттеу жүргізген ғылыми қызметкерлер де, ұзақ жыл темекі тартқан құмарпаздар да темекінің зиянды, тіпті денсаулыққа ерекше зиян келтіретін зат екенін жақсы түсінеді. Алайда, әбден дағдыланып алған құмарпаздардың ортақ дерті үйреніскен темекіден қалай құтылу. Бұның бір жолы, әдісі бар ма екен?
Дереу ашық айтқанымыз абзал болар, темекіні тастау жайлы сырлы, ерекше өнім беретін бір әдіс жоқ. Нәтиже бүтіндей темекі тартқан адамның ирада күшіне, сабыр-төзіміне, табандылығына байланысты. Әйтпегенде, орынсыз уәде беру, құмарпаздарды тәтті қиялға соқтыруы мүмкін. Алайда, өз басым, ұзақ жылдар бойы темекі тартқандарды кейін олар тастап кетсе, нағыз ерлік жасады деп түсінемін.

Темекі тастауды лайықты уақыттан бастаңыз

Тұмау болған, суық тиген, асқазан ауруына шалдыққан кезеңде көптеген темекі құмарлардың да темекіге тәбеті тартпайды, тіпті жиіркенетіні болады. Бұл жағдай темекіні тастауыңызға алғашқы адым болуы ықтимал.
Темекіні тастаудағы ең басты түйін сол адамның өзіндік бекімі болуы және нәпсіге билік жүргізе білуі. Әсілінде адамдардың нәпсіге тыйым сала білетін ең тамаша уақыт ораза ұстайтын Рамазан айы. Ораза ұстаған адамдар күн бойы тартпайтынына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, кештерде де осы күйін жалғастырса, 1 ай ішінде темекі дертінен құтылмауына ,ешбір себеп жоқ.

Темекіні бірден тастау

Темекі тастаудың ең сенімді және төте жолы – тұтқиыл тастау. Әсіресе, белгілі науқасқа шалдыққан адамдарда бұл түрдегі темекі тастау жиі кездеседі. Тамыр қатаюға тап болған, жүрек бұлшық еті инфарктіне ұшыраған, асқазаны қинаған, өңеш және өкпе рагі қаупі байқалған адамдардың жылдар бойы тартып келе жатқан темекі әдетін, дәрігердің ескертуімен дереу қойып кеткендері аз емес. Бір құмарпазға темекі тартуды жалғастыратын болса, қолы мен аяғы кесілетінін білдірсеңіз дереу темекіден құтылады. Жоғарыдағылардан жанға қысым түсер болса, темекіден тез құтылуға болатынын көресіз. Олай болса, «Маған қай дейсің, тастай алмаймын», - деу, құмарпаздардың тек қана сылтауы болғаны.
Темекі құмарпаздарының шұғыл жайсіздігі болмай-ақ, темекіні тұтқиылдан тастап кеткендері де бар. Бұл қайрат пен батылдыққа байланысты. Темекі құмар қарарын беріп, қалтасындағы темекі, сіріңке, шақпақ тектес темекіні еске салатын барлық затын қоқсық сандығына лақтырады. Екінші қайтып, темекіні іздемейді де, тартпайды. Темекіден құтылудың ең қарапайым және төте жолы осы.
Дегенмен осындай жағдайда, адамның күтінуі керек. Әр күн мол мөлшерде суық су мен жеміс-жидек шырынын ішуі ұсыныс етіледі, алғашқы күндерде жаңа жеміс-жидек, көкөністерді, қайнатылған тамақтарды мол жеуі қажетті. Мүмкін болғанда, тың жұмыс та ұсыныс етіледі. Ескі бір құмарпаз темекі тастаған кезін былайша еске алған: «Темекіні тастауға шешім алған кезім жаз айы еді, теңіз жағасында болатынмын. Темекіні ойлап, тәбетім тартқан кезде дереу теңізге түсіп ұзақ малтитынмын.Сол кезде бүтін тәбетім зым-зия болатын. Бір ай өткенде жаңа жағдайға үйренісіп қалдым да, темекіні іздемейтін болдым.Қазір, ойыма кіріп те шықпайды, бұрынғымен салыстырғанда ерекше рахатпын».
Темекі тартатындартамақтан кейін темекі тартуға құмар келеді. Тамақты ішіп болар-болмастан, дастарқанға отыра алмай, кеңірдегі жыбырлай бастайды. Соңында темекі сорып барып, тыным табады. Бұл қайратыңыздың босқа кеткені емес пе? Олай болса, дастарқаннан тұрғаннан кейін басқаша, тың бір шаруамен айналысқаны абзал.
Темекіні жаңа ғана тастаған адам қолы үнемі айналысып әдеттенген темекіні іздесе, қолына жаңаша ермектер тапқаны жөн. Мәселен: «Таспиық тартуына болады. Әрі аузы жыбырлап, тоқтай алмаса, шайыр, жалбызды кәмпит, қалампыр сияқты дәмдерді шайнау арқылы көңілін аулауына болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру