Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Алқа тұқымдасы
Алқа тұқымдасы. Алқалар түқымдасының 2300-дей түрі бар (85 туыс). Ортаңғы ендіктерде олар негізінен шөптесін өсімдіктер болып келеді.
![Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Алқа тұқымдасы](https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8b/Brugmansia_lg.jpg/220px-Brugmansia_lg.jpg)
Алкц туысы ( паслен – 8о1апит ). 1,5 мыңдай түрлері бар. Түрлерінің ең көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР-дың флорасында бары-жоғы 10-ақ түрі кездеседі. Экономикалық жағынан ең маңыздысы картоп (картофель) (220-сурет), ол осы түқымдастың ішіндегі мәдени жағдайда ең кең таралған түрдің бірі. Біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады. Гүлсерігі актиноморфты, күлтежапырақшаларының түсі ақ, ашықсия көк, сарылау-қызғыш, аталықтары аналықтың мойнының айналасында конус түзіп орналасады. Гүлінің формуласы.
Екі ұялы шырыңды жемісі болады. Тамырлары жіңішке. Сабағының жер асты бүтағы — сталондары болады, оларды тамырдан оңай ажыратуға болады. Өйткені олардың бүршіктерімен ұсақ қабыршақ (чешуя) тәрізді төменгі жерасты) жапырақтары болады. Сталондарында түйнектері жетіледі, оларда 12—25% дейін крахмал жөне 78% дейін су болады. Картоптың 1 мыңнан астам тамаққа пайдаланатын, малдарға қорек болатын және әртүрлі техникалық заттар алатын сорттары белгілі. БОР-дың территориясында отырғызылып жүрген картоп, шамасы Чилидің Андасында, Чилоэ аралында өсетін түрге, бәлкем Перуде өсетін түрге де жататын болуы мүмкін. Кең таралған овощтық дақылға көк баклажанда (синий баклажан — 8.те1оп§епа) жатады. Ол жеуге келетін жемісі үлкен, қою сия-көк түсті; шыққан жері Индия. Жабайы өсетін түрлерінен ащылау алқаны (паслон сладко-горький — З.сшісатага) айтуға болады. Ол жартылай бұта, шырынды жемісінің түсі ашық-қызыл болып келеді. Қара алқа (п.черный); біржылдық шөптесін өсімдік, шырынды жемісінің, түсі қара болып келетін кең таралған арамшөп.
Темекі туысы (табак — Мсогіапа). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда негізінен Оңтүстік Америкада, Австралияда кездеседі. Бұталар жөне шөптесін өсімдіктер. Гүлдерінің күлтежапырақшалары воронка тәрізді немесе қоңырау-тәрізді, көп жағдайда хош иісті болып келеді. Бірқатар түрлері бір жылдық техникалық өсімдіктер ретінде кеңінен өсіріледі: көдімгі темекі (табак курительный) — жабайы түрінде Перуде және Эквадорда өседі, көптеген сорттары шығарылған; Мохорка темекісі (табак махорка) (221-сурет). Сөндік өсімдіктер ретінде орман темекісі (табак лесной), ұзынжапырақты темекі (табак длиннолистый) жөне т.б. отырғызылады.
Бұрыш туысы (перец — Сарзісит ). Түрлерінің саны 25-тен 50-ге дейін жетеді. Жартылай бүта жөне шөптесін өсімдіктер, табиғи жағдайда Орталық Америкада өседі. Қоңыржай климатты елдерде, оның ішінде БОР-дың оңтүстігінде және Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Біржылдық бұрыштың (перец однолетний — С.аппиит) негізінде көптеген ащы және салаттық сорттары шығарылған. Шыққан жерінде ол жартылай бұта. Басқа туыстарынан мына түрлердің маңызы зор: ас помидоры (томат) біржылдық дақыл 600-дей сорттары белгілі; белладона көпжылдық шөптесін өсімдік, бойында атропин және гиосциамин алколоидтары болады, сол үшін оны дәрілік өсімдік ретінде өсіреді.
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру