Өндiрiс шоты

Өндiрiс шоты

Жалпы шығарылған өнiм көрсеткiшi шоттың ресурстар бөлiгiнiң негiзгi көрсеткiшi болып саналады. Экономикалық теория тұрғысынан бұл көрсеткiш есептi мерзiмдегi барлық институциялық бiрлiктердiң әрекетiнiң ақырғы нәтижесiн көрсетедi және өндiрiлген тауарлардың нарықтық қызметтерден (банктердiң шартты өнiмдерiнен басқа), нарықтық емес қызметтерден құралады. Шығарылған өнiм оның өндiру процесi аяқталған кезде тiркеуге алынады. Шығарылған өнiмдi сатуға, сол сияқты дайын өнiм, жартылай фабрикат түрiнде өндiрушiлердiң қорын көбейту үшiн, негiзгi капиталдың жалпы қорлануы үшiн қолдануға болады.
Жалпы шығарылған тауарға мыналар жатады:
- кәсiпорындардың шетке сатқан өнiмдерi;
- сатылмаған дайын өнiм мен жартылай өңделген өнiм қалдықтары құнының өзгерiстерi;
- есептi мерзiмде шығарылған жiне сол мерзiмде өндiрiс қажетiне жұмсалған тауарлар;
- кәсiпорынның жеке құрылысы үшiн пайдаланылған тауарлар;
- кәсiпорынның өзi пайдалану үшiн шығарған негiзгi капиталының құны;
- кәсiпорынның тәуелсiз бөлiмшелерiне босатылған (берiлген) тауарлар;
- басқа кәсiпорындарға натуралды айырбас (бартер) ретiнде босатылған тауар;
- еңбекақы орнына берiлген тауарлар;
- кәсiпорынның өндiрiчстiк емес мақсаттарда тұтынған тауарлары;
- үй шаруашылығының өзi тұтынуы үшiн өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерi және азық түлiк өнiмдерi (шарап, сыра, мал сою, жемiстердi консервiлеу).
Нарықтық қызметтер деп сату және сатып алу объектiсi болатын қызметтердi айтады. Олардың шығынын қызметтi сатудан түскен түсiм арқылы өтеледi. Нарықтық қыметтердi банктердi шартты түрдi есептелген өнiмi және басқа нарықтық қызметтер деп екiге бөлуге болады. Нарықтық қызметтердiң құрамында мына салалардың қызметерi болады:
- көтерме және бөлшек сауда;
- қоғамдық тамақтандыру;
- көлiк;
- байланыс;
- қоймалар және сақтау орындары;
- қалдықтарды пайдалану;
- жөндеу жұмыстары (сағатты, электр асапаптарын, т.б.жөндеу);
- фотокино өнiмдерiн шығару;
- тұрғын үйдi, ғимараттарды жалға беру;
- кiр жуатын үйлер;
- химиялық тазалау;
- қаржы (валюта айырбастау, есеп жүргiзу);
- сақтандыру (мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қызметтерiнен басқа);
- денсаулық сақтау, дене шынықтыру салаларының ақылы қызметi;
- бiлiм беру, мәдениет, өнер саласының ақылы қызметтерi;
- есептеу орталықтары;
- үй қызметшiсiнiң қызметi;
- басқа ақылы қызметтер.
Банктердiң шартты түрде есептелген өнiмi деп коллекция негiзiнде қаржы ресурстарын жинаумен, оларды бөлумен айналысатын және қаржы делдалы қызметiн көрстетiн қаржы мекемелерiнiң өнiмiн айтады. Бұл өнiм банктердiң әрекетiнiң нәтижесiнде түскен жалпы табыстан несие берушiге төленген соманы жiбергеннен кейiн қалған қалдық қате.
Нарықтық емес қызметтер деп шығыны негiзiнен мемлекеттiк бюджеттен, үй шаруашылығы төлеген ерiктi жарнадан өтелетiн қызметтердi айтады. Бұл қызметтер қоғамның, жеке адамның керегiн қанағаттандыру үшiн тегiн немесе нақытылы жалақыға көрсетiледi. Нарықтық емес қызметтерге мына салалардың қызметтерi жатады:
- мемлекеттiк басқару;
- қорғаныс;
- қоғамдық ұйымдар;
- мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру;
- мемелкеттiк бюджет есебiнен жүзеге асырылатын басқа тегiн қызметтер.
Әр түрлi қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы шығарған өнiмнiң құны мына шамаға тең:
- шаруашылық есептегi ұйымдар үшiн мемлекеттiк субсидия мен дотацияны есепке алмағанда көрсетiлген қызметтен түскен түсiмге тең:
- бюджеттiк мекемелер үшiн – негiзгi капиталдың тозуын қоса есептегендегi олардың барлық шығындарына;
- мемелекеттiк және кооперативтiк тұрғын үй қорларының шаруашылықтары үшiн – нақты пәтерақыға;
- тұрғын үйдi жалға берушiлер үшiн – пәтерақыға;
- ғимараттарды жалға берушiлер үшiн – жалдау ақысына;
- коммерциялық сақтандыру ұйымдары үшiн – сақтандыру сыйлығынан, сырттан алынған қаржыдан түскен таза табыстан сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру резервтерiнiң өсiмiн шегергеннен кейiн қалған қалдыққа;
- бюджеттiк сақтандыру ұйымдары үшiн- олардың шығындарына;
- лоторея оыйндарын өткiзумен айналысатын ұйымдар үшiн – лотореяны өткiзуден түскен түсiм мен ұтыс айырмасына;
- өз жұмыскерлерiне әлеуметтiк-мәдени қызмет көрсететiн кәсiпорынның дербес бөлiмшелерi үшiн – негiзгi капиталдың тозуын қоса есептегенде олардың ағымдағы шығындарына;
- қызмет көрсету саласында жеке iс-әрекетпен айналысатын халық үшiн – көрсетiлген қызметтен түскен түсiмге;
- еркiн мамандық иелерi үшiн – көрсетiлген қызметтен түскен түсiмге;
- сауда саласында – сауданың үстеме бағасына;
- екiншi қайтара қолданылатын шикiзатты жинайтын ұйымдар үшiн – экономика салаларында қолданылғаннан кейiн сатуға қойылған тауарлармен, сынақтар құнымен жойылуға арналған тауарлардың құнының айырмасына.
Банктердiң шартты түрде есептелген өнiмдерi мен сауда қызметiнен басқа өнiмдер негiзгi бағамен бағаланады (өнеркәсiп саласында – кәсiпорынның көтерме сауда бағасымен бағаланады). Институциялық бiрлiктердiң өздерi тұтынуы үшiн шығарылған өнiмдерi де көтерме сауда бағасы бойынша бағаланады (үй шаруашылығының өзi тұтынатын азық-түлiк және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнен басқа).
Кәсiпорынның жұмысшылары үшiн шығарылған және оларға тегiн немесе төменгi бағамен берiлетiн өнiмдер өзiндiк құны бойынша бағаланады.
Үй шаруашылығының өзi тұтыну үшiн шығарған ауыл шаруашылығы өнiмдерi, азық-түлiк өнiмдерi осындай өнiмдердi шығаратын өндiрушiлердiң орташа бағасымен бағаланады.
Өндiрiсi шотының ресурс бөлiгiнiң келесi көрсеткiшi - өнiмге салынатын таза салықтар. Ол өндiрiлген өнiм көлемiне немесе құнына байланысты резидент – бiрлiктерге салынатын барлық салық сомасымен өнiм субсидиясының айрмасына тең.
Институциялық бiрдiктердiң өндiрiске байланысты төлейтiн барлық салықтарын өнiмге салынатын салықтар және өнiрiске салынатын басқа салықтар деп екiге бөледi. Бұл салықтарды өндiрушiлер қосылған құннан төлейдi.
Өнiмге салынатын салықты тауардың әр бiрлiгi үшiн төлейдi. Өнiмге салынатын салық қосымша құн салығы, акциздiк алымдар, жекелеген (өзгеше) қызметтерге салынатын салық, сатуға салынатын салық, фискалды монополия пайдасына салынатын салықтардан құралады.
Өндiрiске салынатын басқа салықтар болып мына төлемдер есептелiнедi:
- жалақыға немесе жұмыс күшiне салынатын салық;
- өндiрiсте пайдаланатын жерге, үйлерге, ғимараттарға салынатын мерзiмдiк салықтар;
- кәсiпкерлiк немесе кәсiпшiлiк лицензияға салынатын салық;
- негiзгi капиталға салынатын салық;
- қаржы операцияларына, капиталмен жүргiзiлетiн опреацияларға салынатын салық;
- гербтiк алымдар;
- қоршаған ортаны ластағанда төлейтiн салық;
- халықаралық операцияларға салынатын салық.

Салықтарды кәсiпорын өз қаржысынан төлейдi және өнiм субсидиясы есебiнен олардың бiр бөлiгiнiң орнын толтырады.
Өнiм субсидиясы деп iшкi рынокта шығарылған, сатылған немесе экспортқа шығарылатын өнiм көлемiне, құнына пропорционалды түрде республикалық және жергiлiктi бюджеттен бөлiнген дотацияны айтады. Субсидия бағасы өзiндiк құнынан төмен немесе сатып алу бағасы сату бағасынан жоғары мынадай өнiмдерге берiледi: жеңiл өнеркәсiпке арналған ауыл шаруашылықтық шикiзаты, мал, ет, ет өнiмдерi, сүт, сүт өнiмдерi, картоп, жүзiм, басқа жемiс – көкөнiс өнiмдерi, қант, тазартылмаған мақты, минералдық тыңайтқыштар, т.б.
Өнiмге салынатын таза салықтың мөлшерiн анықтайтын көрсеткiштердi 2-және 3-үлгi түрiнде көрсетуге болады. Ъ
Өндiрiс шотының ресурс бөлiгiнiң келесi көрсеткiшi – импортқа салынатын таза салық. Бұл көрсеткiш импортқа салынатын салықтар мен импортқа бөлiнген субсидияның айырмасына тең.
Импортқа салынатын салық деп республика аймағына әкелiнген жекеленген тауарлардың сыртқы экономикалық және iшкi бағаларының айырмашылығы нәтижесiнде пайда болған таза табыстан мемлекеттiк бюджетке төленетiн төлемдердi айтады. Оларға республиканың экономикалық аймағында еркiн қозғалыста болуға рұқсат етiлген импортталған тауарларға салынатын баж салығы жатады.
Импортқа бөлiнген субсидия тауар және қызмет субсидиясынан тұрады.Субсидияны экономикалық аймақ шекарасынан өнiмдi өткiзгенде немесе резидент еместер резиденттерге қызмет көрсеткендей төлейдi. Импортқа бөлiнген субсидияның құрамында мыналар болады:
- резидент емес бiрлiктерден сатып алынған өнiмдi резиденттерге төменгi бағамен өткiзетiн сауда ұйымдарының шығындарының орнын толтыру (егер шығын үкiмет саясатының нәтижесiнде болса).
- көп валюта курстары жүйесiнiң нәтижесi болып саналатын жасырын субсидия.
Жалпы шығарылған өнiм, өнiмге салынған таза салықтар, импортқа салынған таза салықтар көрсеткiштерiн қосу арқылы өндiрiс шотының ресурс бөлiгiнiң жалпы сомасын анықтайды.
2-үлгi Өндiрiс салықтары көрсеткiшiнiң құрамы
3-үлгi. Өндiрiс салықтарын төлеу көздерi

Өндiрiс салықтарын төлеу көздерi
Кәсiпорынның, институциялық бiрлiктiң меншiктi қаржаты. Бұл қаражаттан кәсiпорын өнiмге салынатын таза салықты төлейдi. Баға айырмасының орнын толтыратын республикалық және жергiлiктi бюджеттен бөлiнген субсидия

3. Өндiрiс шотының пайдалану бөлiгiнде екi көрсеткiш болады: аралық тұтыну, жалпы iшкi өнiм.
Өндiрушi – резиденттердiң тауар өндiру, қызмет көрсету үшiн есептi мерзiмде жұмсаған барлық өнiмдерiнiң (негiзгi капиталдан басқа) құнын аралық тұтыну дейдi.
Аралық тұтыну құрамында мына элеметтер болады:
1. Резидент-бiрлiктердiң өз өнiмдерiн шығару үшiн сатып алынған тауарлары мен материалдық қызметтерi:
- шикiзат және негiзгi матриалдар;
- сатып алынған қосымша материалдар;
- сатып алынған жиналатын бұймдар және жартылай дайын өнiмдер, жөндеу жұмыстары үшiн сатып алынған қосалқа бөлшектер;
- шеттен алынған отын және энергия;
- кәсiпорыннiң өзiнде құрал-саймандар, арнайы жабдықтар дайындауға, энергия мен буды өндiруге байланысты болған материалды шығындар;
- негiзгi капиталға жасалған ағымдағы жөндеу жұмыстарының құны;
- резидент-бiрлiк үшiн басқа ұйымдардың жасаған өндiрiстiк жұмыстары;
- суға ақы төлеу;
- басқа ұйымдардың көлiк қызметiнiң құны;
- өз көлiгiмен әкелiнген материалдық құнды заттарға байланысты шығындар;
- байланыс және есептеу орталықтарының қызметтерiнiң ақысы;
- кәсiпорынның жәшiк, қап, т.б. ыдыстарды сатып алуға, материалдар мен тауарларды буып-түюге байланысты болған шығындар;
- өндiрiстен тыс шығындар (өнiмдi өткiзуге байланысты);
- материалдық ресурстардың жоғалуы және шығуы;
- ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты болған материалдық шығындар;
- өз өнiмдерiн тұтыну (егер ол өнiмдер жалпы шығарылған өнiм көрсеткiшiнiң құрасмында болса).
2. Кәсiпорныдар мен ұйымдардың өндiрiс мүддесiне байланысты шығындары:
- iссапар шығыдары;
- еңбек жағдайын жақсарртауға байланысты шығындар (демалыс бөлмесi, медпункт, кiтапхана, спорт зал, т.б. ұстау шығындары);
- тегiн берiлген арнайы жұмыс киiмiнiң, сүттiң жеке қорғаныс заттарының құны немесе егер жұмысшылар арнай жұмыс киiмiнiң, аяқ киiмiнiң т.б. өздерi сатып алса, олардың шығынының орныны толтыру;
- жұмысшылардың құрал-сайман, қосалқы бөлшектер сатып алуына байланысты шығындарының орынын толтыру;
- жұмысшылардың өкiлдiк мақсатқа жұмсаған шығындарының орныны толтыру.
Бұдан басқа материалдық қызметтер мен тауарлар бөлiмi бойынша аралық тұтыну болып мынанал саналады:
- кафе, мейрамхана, мейманхана, денсаулық сақтау және бiлiм бер салаларының мекемелерi сатып алған азық-түлiк тауарлары, темекi, сусындар;
- үй шаруашылығының жұмыс үшiн сатып алған құрал-саймандары, арнайы жұмыс киiмдерi, жем, тұқым құрылыс материалдары;
- танк, ракета, ұшақ, т.б. әскери жабдықтарды сатып алу шығындары (мемлекеттiк мекемелердiң аралқ тұтынуы).
3.Материлдық емес қызметтер:
- тұтынылатын шикiзаттың, дайын өнiмiнiң сапасын тексеру;
- технологиялық процесстердiң белгiленген параметрлерiнiң сақталуын ұйымдардың қадағалауы;
- ғылыми – зерттеу, жобалау, конструкторлық, т.б. осындай жұмыстарды қаржыландыру шығындары (1-пункте көрсетiлген материалдық шығыннан басқа);
- өндiрушiлердiң мүлiктерiн, тұрғын үйлердi сақтандыруға байланысты сақтандыру ұйымдарына төленетiн төлем;
- қаржы қызметтерiнiң ақысы;
- жұмысшыларды кәсiпорынның өз көлiгiмен үйлерiне, жұмысқа әкелу шығыны;
- денсаулық сақтау мекемелерiнiң қызмет ақысы;
- үйлердi, ғимараттары, машиналарды, жабдықтарды жалға алу;
- өнiм сертификациясына байланысты жұмыстардың ақысы;
- өрт және күзет қызметтерiнiң ақысы;
- оқу орындармен келiсiм жасалған жағдайдағы оқу ақысы;
- кепiлдемелi жөндеу жұмыстарының шығыны;
- жарнама, ақпарат қызметтерiнiң шығыны;
- коммуналды қызметтер ақысы (өндiрушi-резидент бiрлiктерi үшiн, ал пәтер жалдаушылар үшiн бұл қызметтердiң ақысы ақырғы пайдалану болып саналады);
- мейрамхана үшн ақы төлеу;
- заң қызметтерi, құжаттардың көшiрмесiн жасау, билет пен орындарды тағайындау үшiн ақы төлеу.
Қазiргi кезде банктердiң шартты түрде есептелген өнiмi қаржы мекемелерiнiң клиенттерi арасында қалай бөлiнетiнiн есептеу практика жүзiнде мүмкiн емес. Мұндай өнiмдi бiр шартты институциялық бiрлiк тұтынды және ол бiрлiктiң жалпы шығарған өнiмi нөлге тең деп қарастырады. Сондықтан бұл бiрлiктiң қосылған құны шартты түрде есептелген банк өнiмiнiң керi шамасына тең болады.
Арарлық тұтынуы есептегенде тауар мен қызмет шығындары ақырға тұтынудың нақты бағаларымен бағаланады.
Аралық тұтынуды есептеу үшiн мына шығындарды қосады:
1. экономика салаларының материалдық шығындары;
2. материалдық емес қызметтер ақысы;
3. ұзақ уақыт пайдаланылатын әскери жабдықтарды сатып алу шығындары;
4. өнiмдi жоғалту (материалдық шығындар құрамына көрсетiлмеген шығын)
5. iссапар шығындары;
6. үй иелерiнiң үйде ұстауға жұмсалған ағымдағы шығындары;
7. банктердiң шартты түрде есептелген өнiмi.
Жалпы iшкi өнiм көрсеткiшi осы шоттың баланстық статьясы болады, оны есептеу үшiн жалпы шығарылған өнiмге салынған таза салықты, импортқа салынған таза салықты қосып, аралық тұтыну шығындарын шегередi.
Материалдық шығындарға ұқсас, бiрақ мазмұны мен мiндетiне қарай олардың өзгеше мынандай шығындар аралық тұтынудың құрасмына болмауы керек:
- ғимараттарға, үйлерге, жабдықтарға жасалған күрделi жөндеу жұмыстары және оларды жаңарту шығындары (негiзгi капиталдың жалпы қорлануы болады);
- пәтер жалдаушылардың пәтерге жасаған ағымдағы жөндеу жұмыстары және сатып алынған құрылыс материалдары (ақырғы тұтыну шығындары болып саналады);
- кәсiпорынның өз жұмысшыларына өнiмдi тегiн беруi немесе төменгi бағамен сатуы (еңбекақыға немесе ағымдағы трансфертке жатады);
- жұмысшылардың жол жүру шығындары (үй шаруашылығының ақырғы тұтынуы болып саналады);
- әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк сақтандыру бағдарламасы бойынша мемлекеттiк мекемелер мен коммерциялық ұйымдардың үй шаруашылығына берген әлеуметтiк жәрдемақылары (ағымдағы трансферт және үй шаруашылығының ақырғы тұтынуына жатады);
- жердi, негiзгi капиталды, материалдық емес активтердi иелену құқық басқаға беруге байланысты болған шығындар (негiзгi капиталдың жалпы қорлануына жатады);
- жердi және материалдық емес қорларды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу (меншiктi түскен табыс болып саналады);
- нақтылы объект бойынша жасалған геологиялық барлық жұмыстары мен жобалау құжаттырының шығыны (негiзгi капиталдың жалпы қорлануына жатады);....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру