Ұлттық мәдениет Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар
Ұлттық мәдениет
Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтері де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, "этнопсихология" рухтың не белгіш бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қаситтері жөніндегі Гегелъдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде, орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне тән ғана сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырау немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы, қоғамдық саяси-жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың кажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілтен қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады. "Азшылық" халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кету отаршылдықпен, басып алушылықпен шектен тыс қанаушылықпен, табиғат апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және т.б. тығыз байланысты болды.
XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалылтасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтуді жөн көрдік. Ол-белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі кажетті ғылым салалсы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарда және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуы, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамашща үндестік табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және "мәдениет" мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап. "мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма ? деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану-ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.
Әрине, жоғарыда атап көрсеткеніміздей. мәдениеттану ғылымының дамуына көптеген ғылымдар ат салысуда, осыған қарамастан бұл пәннің өзіндік бағыт-бағдары, бет-бейнесі бар. Мәдениетке өзіндік баға берушілік сол бір ғылыми ізденістің басты белгісі болса керек, сондықтан да болар мәдениеттану саласында түрлі мектептер қалыптасып, ондағы мәдетшеттанушылар "мәдениет" мәселесімен тығыз айналысуда. Кейде мәдениеттану саласында қанша теория болса, соншама мәдениеттанушылар бар деген пікір де айтылып қалады. Шындығында да, теориялар санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың сан алуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеліп соқты. Мысалы: мәдениетті "семиотикалық" тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю.Лотман және мәдениетті "әдебиеттік" (С.С.Аверинцев), тарихи (Л.Н.Баткин) методологиялық (А.Кребер, К.Клахкон) антропологиялық (М.Мид) және тағы басқа тұрғыдан пайымдаулар бар. Әрине, олардың "мәдениет" мәселесіне байланысты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар екендігі даусыз және оны ешкім жоққа да шығара алмайды, бірақ олар бірін-бірі жақсы түсінеді, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ мәселелер көтереді. Ендеше, бұл пәнді терең зерттеуге құлшынушылық, мәдениетке байланысты түрлі көзқарастар жүйесінің қалыптасуы сөзсіз қуантарлық жағдай, ол гуманитарлық ғылыми пәннің туып келе жатқандығының белгісі деп санауымыз керек. Шындығына келсек, әрбір ғылым салаларының өкілдері мәдениетті өз мамандықтары тұрғысында қарастырады. Бірақ бұл ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықган бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Олай болса әдебиетші тек таза әдебиетші болып қалмайды, өйткені ол мәдениеттануды, тарихты, психологаяны игергеңде ғана нағыз әдебиетші бола алады. Өз кезегіңде тарихшы, психолог және социолог.
Мәдениетті әр түрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне деген үлкен қызығушылықтан туса керек. Оған дәлел ретінде 1964 жылдары батыс әдебиетінде мәдениеткс: 257 анықтама-берілгендігі жөніңде американ мәдениеттанушылары А. Кребер мен К.Клахконның мәліметтерін келтірсек те жеткілікті сияқты. Ал одан кейін қаншама уақыт өткендігін және дүниедегі болып жатқан мәдени өзгерістерді есепке алсак, мәдениет ұғымының шеңбері бұрынғыдан да кеңей түсті. Әрине, әкімшілік - әміршілік жүйе жағдайында мәдениеттану пәні біздің елімізде жүйелі түрде оқытылмады. Гуманитарлық ғылымдар саласында да өзінің нақты орнын таба алмады. Осы орайда көптеген ғалымдар ұлттық мәдениеттің тоқырауын Ұлы Қазан революциясымен де байланыстырады.
Шындығында да, экономикалық және саяси ерекесіздіктің басты себебі — мәдениетсіз саясаттың салдары болып саналады. Ендеше тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Републикасының алдыңда тұрған басты мақсат — халықтың рухани байлығы- мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени өркендеусіз еліміз өркениетті елдердің қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқат. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі қомақгы болмақ.
Әрине, мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың ықпалымен дамуда, бірақ соған карамастан ол жеке пән болып қалыптасу процесін бастан кешіруде. Оған дәлел ретіңце қазіргі мәдениеттанудың біртіндеп философияның әкелік қамқорлығынан шығып, өзіндік бағыт алуын айтсақта жеткілікті сияқты. Мәдениеттанушы, ең бірінші кезекте, мәдени қызметтің нәтижелерімен (мәдени шығармашылықтың нәтижелері, музыка, кескіндеме туындылары және т.б.) санасса да, оның басты мақсаты- тереңде жатыр, дәлірек айтқанда, мәдениеттің рухын игеру болып табылады. Бұл жағдайда мәдениетті игерудің екінші-"коммуникативтік" жағы келіп шығады. Ол білім беру мен тәрбиенің, адамның адамгершшік тұрғыдағы қарым-қатынастарының дәрежесіне де байланысты болып келеді. Ең соңында, мәдениеттің негізі,оның түйіні мен маңызы туралы мөселе келіп туындайды. Ғалымдар оны тілмен де, рәміздік жүйесін қабылдаған ұлттың психоло-гиялық түрімен, сакрализация тесілімен де жеке т.б. байланыстырады. Қалай болған да дүниенің тұтастығы, қоғамның интеграциялық негізгі және этностың рухани кеңістігі — мәдени дәстүрлердің дамуында ең басты факторлар болып қала береді. Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатыңда сөзсіз мәдениет археологиясьша сүйенеді, оның генезисін, өмір сүруі мен дамуының құпияларын ашып, мәдениет мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді.
Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, философия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.
Осы айтылғандар ғылыми пән ретінде мәдениетгану пәні және оның алдында тұрған міндеттер жайында кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, мәдениеттану пәнінің басты мәселесі-адамзаттың ерекше өмір сүруі тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Мәдениеттанушылардың бұл орайдағы басты мақсаты- дүниежүзілік және ұлтық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіріп қана қоймай, оларды бол?.. ай әрі басқара білу. Ең бастысы — мәдениеттану ғылымы мәдениеттің қайнар бұлағынан сусыңдай білуі қажет. Адамзат баласы өз шешімін таппаған көптеген мәселелерге белшесінен батуы қазіргі заман мәдениетінің көп жағдайларда өз бастауыш ұмыта бастағандығынан да болуы керек. Ендеше адамзаттың мәдени жаңғыруына бұл мәдениеттану пәннің қосар үлесі де қомақты екендігін ескерсек, әлі де болса буыны бекімеген бұл жас ғылым саласының болашағы да зор болатындығына күмән келтіруге болмас.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ОНЫ БІЛДІРЕТІН ҰҒЫМДАР.
"Мәдениет дегеніміз не?" - деген сұраққа жауап беру үшін, бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сездің шығуына тоқталуды жөн көрдік. Казақ тіліне бұл термин арабтың "маданият"- қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеуі кезінде қалыптаскан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген - анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен козге түсетіні- мәдениет пен табиғатты, культура мен натураны қарсы қоюшлық.
Көне заманда "культура" деген ұғым "жерді өндеу" деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда Цицеронның еңбектерінде (б.з.д 45 жыл) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, "жанды жетілдіру" деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі "білім беру", "даму", "қабілеттілік", "құрметтеу" сияқты мағыналарға ие бола бастады.
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті. Мәдениет ұғымын алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға тырысқандар философтар бодды. Бірақ өкінішке орай, ХVІІІ ғасырға, яғни Ағартушылық кезеңіне дейін, басты құндылық - "адам мен оның ақыл ойы" деген қағида жұзеге асканға дейін "мәдениет" сөзі белгілі бір мойыңцалған термин ретіңде қолданылмады. Бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретіңде ғана пайдаланылды. Сөзіміз дәлелді болу үшін - "мәдениет" ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, бұл терминнін алғашқы мағынасы жер-анамен, оның өңдеп — баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, "мәдениет" ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығы мен тығыз байланысты қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен медениет ұйымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне замаңда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақыттта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше біліммен тәрбие барлық халықтар мөдениетінің, қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі "құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық", Осылардың ішіндегі ең бастысы діни табынушлық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасында құдайлар берік орын алды. Үйде де , түзде де , құдайлар адамлармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдарымен қала азаматтарын бәле-жаладақ қорғады. Міне, сондықтан да болар белгілі эллинист Макс Поленц полисттік патриотизімді ерекше дәріптейді.
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатга біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым - өркениет.
Өркениет (цивилизация) семантиклық жағынан алғанда (латын тілінің сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды (варварлықтар) деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, "өркениет" - олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-біріне байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г.Чайльдтың пікірінше, өркениетке еңбектік жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Ұлттық мәдениет Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Ұлттық мәдениет Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Мадениеттану жоспарымен, казакша реферат жоспар, Ұлттық мәдениет Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар