Стилистика және жалпы халықтық тіл
Стилистика және жалпы халықтық тіл
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанның оқу-тәрбие саласында білімнің жаңа жүйесі қалыптасуда. Ол әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі.
Мемлекеттік әлем кеңістігінде басқа елдермен тең тұрып, өркениетті ел ретінде танымал болып, халықтың әлеуметтік жағдайы, білімі мен ғылымы, өнері, мәдениеті дүниежүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында мағыналы да маңызды жұмыстар атқару - әрбір педагогқа үлкен сын және парыз.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету. Сондықтан болашақ ұрпақ қазіргі ғылым мен білімнің тұтқасын ұстап отырған ғалымдар мен ұстаздарға ерекше жауапкершілік артады. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе”, - деп ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жаңа қоғамдық формацияның болашақ маманы ғылымның өзекті мәселелерге сай зерттелуіне, білімнің сапасы мен тиімділігіне, практикалық тәжірибенің нәтижелігіне байланысты қалыптасады және тәрбиеленеді. Жаңа қоғам жаңа маманды қажет етеді.
Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сана деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Тарихи кезең жүктеген зор міндеттерді ойдағыдай орындау әрбір пән иесінің азаматтық санасы мен жауапкершілік сезіміне, қызметін сүюі мен қажырлы ізденісіне, оқу-әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігіне, жеке басының ой-өрісі мен мәдениетіне тікелей тәуелді. Білім беру саясатының тұжырымдамасына сай, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын танымдық мәдениеті биік, ұлттық мәдениетті жете меңгерген, интеллектуалдық өрісі жоғары, өзін-өзі үнемі дамыта алатын белсенді, қабілетті жастарды тәрбиелеуде стилистика пәнінің, соның ішінде көркем әдебиет стилистикасының рөлі ерекше екені сөзсіз.
Әдеби көркем туындыда халықтың өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, тұрмыс- салты, әдеп-ғұрпы, психологиясы, менталитеті, адамгершілік-эстетикалық-философиялық ұғым-түсінігі, арман-мұраты – баршасы көрініс тапқан, тілдік бай қазынасы жинақталған.
Көркем шығарманың табиғатын тану үшін оқулықпен ғана шектеліп қалу жеткіліксіз. Оқырмандардың тәжірибе жинақтау кезінде көркем әдебиет туындыларын үзбей оқудың маңызы ерекше екенін ескеру керек.
Бүгінгі дамыған техника заманында ақпарат құралдары арқылы берілетін информациялардың көптігі оқушыны көркем әдебиетті оқуға деген құлшынысын да, қызығушылығын да шектеп тастаған сияқты.
Көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін, алдымен оқушылардың өнер шығармасына деген қызығушылығын оятып, оны көре, әсерлі тыңдап қабылдай білуге, тыңдаған, көрген, естіген көркем шығармаларын терең талдай білуге, оның қайталанбас әсемдігін сезініп қабылдай білуге, әдемілікті сезіне білуге баулу қажет.
Нағыз көркем әдебиетті нағыз тума талант, қас шебер, сөз зергері туғызады. Көркем дүниені туғызудағы негізгі құрал тіл болғандықтан, ондағы образдар жүйесі мен оқиға тіл арқылы көрініс табады. Ең бастысы, көркем шығарманың тууы, көркемдік деңгейге жетуі ең алдымен авторға, оның таланты мен авторлық шеберлігіне, таланттық қуатына тікелей байланысты.
Қазіргі уақыт сұранысына орай күн тәртібінде тұрған мәселе – ғылымдар мен пәндердің тоғысуы нәтижесінде оқушыға ең қажет те пайдалы білім беру. Осы тұрғыдан келгенде “автор бейнесі” мәселесінің маңызы ерекше.
Стилистика тілдік құралдардың қызметін, қолданыс аймағын қарастырады. Бұл жас ғылым саласы соңғы кездердегі зерттеуде іштей жіктелістерге ұшырап, тіл стилистикасы, тілдік қолданыс (тіл) стилистикасы, көркем әдебиет стилистикасы деген салаларға бөлініп қаралып жүр.
Көркем әдебиет стилистикасы әдебиеттану ғылымынан да, тіл ғылымынан да тыс жатқан аралық ғылым екенін байқау қиын емес. Мұның өзі, ең алдымен, көркем әдеби туындының күрделі табиғатымен байланысты. Көркем әдебиеттің негізгі құралы тіл болғандықтан лингвистикадан да бөлек тұра алмайды.
Қазақ тіл білімінде көркем әдебиет стилистикасы мен көркем шығарманың тілі туралы алғашқы ғылыми-теориялық тұжырым айтқан ғалымдардың бірі – М.Балақаев екені белгілі. Ғалым: “Жеке жазушының тіл өрнегінің толып жатқан бояу-бедері, өзіндік өсу, жетілу жолдары болады. Көркем әдебиет тілінің нәзіктігі көп жағдайда жазушының белгілі бір сөздерді “мағыналық топқа иіру” яғни сөздерді өзара мағыналық байланысқа түсіру шеберлігімен байланысты”, - деп жазады.
Көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасау жазушының ойын танытуда, идеясын жеткізуде аса қажет.
Көркем шығарманың діттеген мәселелері әр алуан, сан қырлы болуы ықтимал. Онда көтерілген ойларды талдау, автордың бейнесін анықтау, сөздердің мағынасын түсіндіру, әсіресе түсініксіз көне сөздер мен перифраздардың мағынасын ашу – лингвистикалық талдаудың негізгі міндетіне саналады.
Көркем мәтінді талдаудың негізгі жолдары мен бағыттары Р.Сыздықова мен Б.Шалабай еңбектерінде жақсы сараланады. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, тілдік талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды. Көркем мәтінді тілдік талдаудың грамматикалық талдаудан өзгеше екеніне басты мән береді. Шығармадағы экспрессивтік-эмоционалдық жүк көтеріп тұрған сөздер, сөз оралымдардың мағынасы, интонациясы, автордың сөз қолдану ерекшелігі ерекше ескерілуі қажет екеніне назар аударады.
Көркем әдебиет стилистикасы пәнінің пән ретінде қалыптасуына үлес қосып жүрген ғалымдардың бірі Б.Шалабайдың “Көркем әдебиет стилистикасы” деп аталатын оқу құралында көркем шығарманың стилистикасы, тілдік талдау мәселелері кеңінен әңгіме болады. Зерттеуші көркем шығарма тілін зерттеудің негізгі теориялық негіздерін белгілейді .
“Автор бейнесі” ұғымы біршама күрделі. Оны алғаш В.В.Виноградов ұсынып әрі дамытқаны белгілі. Автор мәселесі М.М.Бахтиннің біраз еңбектерінде де зерттелген.
Сонымен бірге автор мәселесі мен жазушы жолы В.В.Кожиновтың еңбегінде де терең талданған. Зерттеушілер “автор бейнесінің” жазушы жасаған басқа да бейнелер сияқты шығарма бейнелерінің бірі екенін ашып айтады. Автор бейнесін В.В.Виноградов көркем әдебиет тілі теориясындағы орталық мәселелердің қатарына қояды. “Шығарманың идеялық бағыты, ой-түйіні, көркем мазмұны, - дейді ғалым, - тек кейіпкерлер бейнелерін құрудан, олардың қарым-қатынастары мен байланыстарынан, баяндау мен диалогтың құрылысынан байқалып қоймайды, сондай-ақ, автор стилінен, тұтас шығарманың композициялық бірлігінен жасалатын автор бейнесінің құрылымынан да көрінеді”.
Егер “көркем шығарма автор субъектісінің формаларынан, бейнелік элементтерінің дәнекерлік топтарынан, көркем тілдің сыртқы құрылымдық формаларынан және олармен байланыстағы таным объектісінен құралады” дейтін болсақ, онда “солардың бәрімен автор бейнесі, шығарманың ішкі образдар жүйесі және көркем тілдің шығарманың идеялық мазмұнын жинақтап, оны эмоционалды тұрғыда бейнелейтін сыртқы формалары жанды қарым-қатынаста, бірлікте болады. Демек, көркем шығарманың барлық элементтерін бір қазыққа байлап қоятын – автор бейнесі. Ол жазушының дара стилін анықтауға да көмектеседі.
Д.Н.Шмелев “көркем шығарманың тілі мен стилінің әр түрлі элементтерінің қатыстылығы мен бірлігін жасаушы орталық діңгектерінің бірі – шығармадағы автор бейнесі – десе, М.П.Брандес: “Образ автора – это та цементирующая сила, которая связывает систему, это внутренний стержень, вокруг которого группируется вся стилистическая система произведения” – деп жазады.
Автор бейнесі шығарманың тілінен, баяндау құрылымынан, ал шығарманың баяндау құрылымы автор сөзінен және кейіпкер сөздерінен көрінеді.
Көркем шығармаларда автор бейнесі баяндау типтерін (әңгімелеу, суреттеу, ойталқы, диалог) бір-біріне сәйкестендіру формаларынан, баяндаудың даму және баяндау типтерінен, ауысу ерекшеліктерінен және шығарманың жеке бөліктерінде орын алатын жазушының өзіндік кейбір пікір-көзқарастарынан көрінеді.
Б.Шалабай автор бейнесін көркем тілдік категория ретінде қарастырады. Ғалымның пайымдауынша, автор бейнесінің баяншылық типінің мынадай үш түрі болады: 1) 3-жақтағы жеке тұлғадағы баяншы; 2) 1-жақтағы (мен тұлғасындағы) баяншы; 3) арнайы баяншы – бұл, автор ойлап тапқан баяншы: ол не шығарманың бір кейіпкері болады, не аты-жөні белгілі әйтеуір бір субъект болады. 3-жақтағы баяншы шығармада баяндалатын әлемнен тыс тұрады және оның белгілену дәрежесі әр түрлі болады.
“Қызыл Жебе” романының өн бойындағы автор бейнесі негізінен үшінші жақта баяндалады. Автордың, Шерханның өзі, өзінің ойы тек үшінші жақтағы көрінбейтін кейіпкер арқылы танылып отырады. Көркем туындыларда үшінші жақтағы баяндау типі көптеп кездеседі.
“Лингвостилистикада” сөздің әсерлілігі, ең әуелі көркем әдебиеттегі сөздің әсерлілігі тілдік тұрғыдан қарастырылады. Көркем әдебиетті әдеби тіл тұрғысынан, жазушы тілі тұрғысынан қарастыруға болатыны зерттеу еңбектерде жазылып жүргені белгілі. Ш.Мұртаза туындысын осындай жан-жақты тұрғыдан зерттеуге болады. Автордың авторлық бейнесі арқылы көрінетін әр түрлі сипаттары мен оның тілдік құрылымы, эстетикалық сипаты кез келген талапқа жауап бере алады.
Көркем туындының құрылысы әртарапты көптеген компоненттердің бірлігінен тұрады. Олар көркем шығарма тілінің заңдылығына бағынады және тілдік жүйе құрап, соған бірігеді. Осы жүйені жасайтын – жазушының өзі. Осыдан “автор бейнесі” мәселесі туындайды. “Автор бейнесі” - көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі негізгісі.
“Автор бейнесі” – өмірбаяндық емес, құрылымдық, көркемдік, көркем тілдік категория. Жазушының жеке басының ерекшеліктері, оның туындыларынан байқалып тұрады. “Автор бейнесі” дегенде өзара байланысты ұғымдарды түсінеміз. Көркем шығарманың тілін зерттегенде автор бейнесі өзінен-өзі танылса, көркем шығармадағы автор бейнесін тануға көркем шығарма тілін талдау арқылы қол жеткіземіз.
Көркем әдеби шығармада негізгі әрекет иесі – басты қаһарманмен, өзге де кездесетін образдармен бірге, туындының өн бойында қатысып отыратын, оқушыға ой салып, шығарма идеясын айқындап отыратын автор бейнесі бар. Автор өзі жазып отырған шығарманың өн бойында ойы мен идеясын, көзқарасын, психологиясын, менталитетін танытып отырады.
Ш.Мұртазаның “Қызыл Жебе” романының бастауы авторлық баяндаудан басталады. Романның көркемдік әлемінің күретамыры - әке Рысқұл мен бала Тұрар. Бір қарағанда романның басталуы жай ғана хабарлау болып көрінгенмен, көп жайдан хабар беріп тұрғанын ғылыми тұрғыдан аңғаруға болар еді. Ең алдымен торға қамалған – жай момын не айлакер не сотқар аң емес, тордағы даланың арыстаны мен жолбарысы.
Орыс пен қазақтың бір торға түсуі дегеннің астарында не бар. Бұл заманның өз шындығы. Орыс пен қазақ бірлесе таптық күреске түскен заманның шындығы. Яғни автор сөзінде әп дегенде замана шындығы қылаң беріп, автордың арғы ойы, идеясы көрініс береді. Арыстан – Рысқұлдың мінез-құлқын бірден тану оңай емес. “Тіпті туған баласына мейірі түскеннің өзінде түрі ашулы сияқты көрінеді. Біреудің еркелеткенін көтеретіні де, көтермейтіні де белгісіз. Жалынан сипасаң күдірейе түседі” (Ш.М., Рысқұл, 9). Бұл мәтіндегі баяндауыштардың құрылымы соншалықты нық, әрі сәтті шыққан. Алғашқы сөйлемдегі баяндауыш ашулы сияқты көрінеді деп беріледі. Егер бұл сөз өзінің тұлғасын өзгертіп, ашулы сияқты, ашулы, ашулы сияқты көрінді т.б. болса, контекстегі мәнін айқындап бере алмас еді. Сондай-ақ екінші сөйлемде есім баяндауыш арқылы сөйлем аяқталады. Мұның да өзіндік стильдік мән-мағынасы бар: бірде көтереді, бірде көтермейді сияқты сипатта келмей, баяндауыштың белгісіз сөзімен берілуі оқушының қызығушылығын арттырары даусыз .
Көркем шығарманың оқылуы оның қызық болуымен тікелей байланысты десек, әңгіменің қызықты, тартымдылығы оның жұмбақтығымен де астасып жатары түсінікті. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Стилистика және жалпы халықтық тіл туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Стилистика және жалпы халықтық тіл на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Стилистика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Стилистика және жалпы халықтық тіл