Саяси қозғалыс
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді атайды.Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1.жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды.Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады; 2.экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады.Мысалы, Жаңа Өзендегі әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді; 3.ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанада “Азат”, “Желтоқсан” партиялары солай туған болатын.
Мәселен, Қазақстнанның азаматтық «Азат» қозғалысы қоғамдық – саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 щілдесінде құрылды. Басты мақсатын «Халықаралық, Одақтық шарпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстананның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу » деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанады, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратын, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады, «Желтоқсан», «Алаш» партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға ( славяндық «Лад», «Русская община», казактар бірлестіктері ) олардың осы тұрғыдағы іс - әрекеттеріне тойтарыс беруге белсене кірісті.
Саяси қозғалыстар көпшілік құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұғымы, жұмысынң біріңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с. жалпы халықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптпсады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптпрды да біріктіруі мүмкін. Кобіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлінеді. Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт – насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың ошу сатысы.
Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялық комек көрсететін, өзін - өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдарда адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болды. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым – қатынастарының әр алуандағын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық одақтар, әртүрлі ерікті қоғамдар жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін - өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір меткбінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Қоғамдық – саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
2. Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.
3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).
4.Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми – техникалық, оқу – ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық мәдени, спорттық, қорғаныс, діни т.б).
Көпшілік ұйымдардың ішінде айырықша көзге түсетіні – кәсіподақтар. Кәсіподақ дегеніміз бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англида 18 ғасыр басында пайда болды.Кейінірек олар өеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптпсады. Себебі капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды.Кәсіподақтар олардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның омір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.
Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси пратиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен роль атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсіресе, Ұлыбританаия, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал – демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға айтарлықтай идиологиялық және саяси әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте тусуге және олардың өкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Осының нәтижесінде олар капиталистік жүйемен біршама экономикалық одаққа кіргендей болады. Мұндайларды «жауапты» кәсіпорындар деп атайды.
Сонымен қатар үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен сыбайласқан кәсіподақтар да болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. (мысалы, Италияда). Мемлекет тарапынан олардың күресіне көмек жасалмайды. Сондықтан олар өкіметке қаймықпай қарсы тұрып, өз жақтастарын батыл шараларға шақыруы мүмкін. Мұндайларды «жауапсыз» кәсіподақтар дейді.
Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың материялдық және мәден дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалауды іске асырады. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіп шешіледі.
Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді. Біріншісі – жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуде өкіметтен жекелеген жеңілдіктерге жетуі. Бірақ бұл жолдан үлкен өзгерістер күтуге болмайды.
Екіншісі – үздіксіз еруілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау. Бірақ бұдан экономикаға нұқсан келеді.
Үшіншісі – кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.
Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр.Мұны әсіресе,өкімет басында социал-демократтар отырған елдерде кеңінен қолданады.
Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі саяси өмірде белсенділік танытқанымен тікелей саясатқа араласа қоймайды.Шет елдерде солардың ішінде белдісіне қысымшы топтра жатады.Іс жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады.Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды.Олар мемлекеттік органдарға идеологиалық ықпал жасаудан бастап,сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдаланады.АҚШ-та бұларды лоббистік ұйым дар, мүдделі топтар деп атайды.Ұлыбритнияда оларды парламент агенттері дейді. Олар көбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік органдарының арасында байланыс пайда болады.
Қоғамдық қозғалыстартардың ішінде кең тарағанының бірі- халық майдандары. Оларға жалпы қоғамға қатысы бар- әлеуметтік топтардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық присиптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатал айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіподақтар, жастар және тағы басқа ұйымдар да кіруі мүмкін. Халық майдандарының мынадай түрлері болады:
1.Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаматтық алу барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге борлады. Олардан кейін әлеуметтік топтардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының өзгеру барысында басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.
2.Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, оған 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық майдандарын жатқызуға болады.
3. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізінде қалыптасқан халық майдандары. Олар осы ғасырдың 30 жылдарында капиталистік елдерде пайда болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарды. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936 жылдың көктемінде парламент сайлауында және оған сүйенген үкімет бұл елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936-39 жылдары Испанияда халық майдандары бұқара халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакциға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдандары асқан зор рөл атқарады.Халық майдандарының ерлігі 1991жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді.
Бейресми бірлестіктер жастардың студенттердің арасында да кең орын алады.Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс-әрекеті мен тұрақтылығы, оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан.
Олардың ішінде қоғадық-саяси, діни,спорттық т.б. мәселелермен айнлысатындары да бар.Бірақ көбі мәдени-шығармашылық және бос уақыттарын қалай өткізуге арналады. Оған әуесқой ән шығарушылар, орындаушылар клубтары, өнер, театр, кино, би және т. с. с төірегіндегі шығармашылық бірлестіктер, кейбір орындаушылар мен спорт клубының жанкүйерлерінің бірлестігі жатады.
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдында қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:
1.экологиялық бағыттағы ұйымдар.Оларға жататындар: «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат комитеті» және т.б.
2. ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы, Славияндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Еденинство» қоғамдық білестігі, республикадағы казактар қозғалысы неміс, ұйғыр, грек,кәріс және тағы басқа мәдениет орталықтары.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Саяси қозғалыс туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Саяси қозғалыс на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Саясаттану жоспарымен, казакша реферат жоспар, Саяси қозғалыс