Саяси тұлға психологиясы

Саяси тұлға психологиясы

Саяси тұлға психологиясы


Тұлғаның саясаттағы мәселесін қарастыратын ғылымда белгілі екі метобағыт бар: «субьективті және обьективті » бағыттар . Кішкентай адамдар, үлкен адамға яғни қоғамға бағынышты болып келеді деген пікірді айтқан Т.Гоббс болатын және Спенсордың теориясында осы мәселе қарастырылған. Олар «адамды мемлекетке бағынышты » деген позицияны әртрлі формада ұсынды.Қазіргі таңдағы осы позицияны ұстанушылар (Д.Белл,С.Липсет, У.Мур) бұл «тұрақты демократияны құру» үшін қажетті деп қарастырды.
Осы көзқарасқа қарама - қарсы көзқарас А.Смит және Годвиннің пікірінен бастау алады. Олар «қызығушылық» түсінігін енгізді. Олар тұлғаның жеке қызығушылығын саясатты қозғалысқа немесе дамуға әкелуші механизм деп қарастырды.
Әр түрлі позициялар мен бағыттарды жүйелей келе Р.Гринстайн жеке тұлғаның саясаттағы рөлін анықтайтын негізгі үш факторды бөлді. Біріншіден ол, тарихта орын алмаған, жаңа саяси жағдайдың пайда болуы. Екіншіден, бұл қандай нәтижеге алып келетіні белгісіз қиын және қайшылықты ситуациялар. Ең соңғы үшінші фактор бұл, әр түрлі саяси шешімдерді ұсынған, бірнеше топтың бірін таңдау жағдайы ретінде жіктеледі.
Келесі қарастыратын мәселе бұл, саясатта адамдар қайдан пайда болады? Қалай «қарапайым адамдар» саяси мағынада тұлға болып қалыптасады, яғни азамат тұлғасы ретінде?

Саяси әлеуметтену: тұлға болып қалыптасу.

Адам туылғаннан саясаткер немесе тұлға, азамат болып туылмайды. Оны мұндай атақтарға қоғам немесе мемлекет сәйкесінше, осы қасиеттерді адам бойында тәрбиелеп содан кейін адам осы атақтарға ие болады. Азамат деп- заңға бағынушы, өз мемлекетін құрметтейтін, оның саяси жүйесін, биліктегі саяси мәдениетті мойындайтын адамды жатқызған.
Ал тұлға бұл- топтың немесе әлеуметтік ортаның адамға қойылатын күтім-талаптарға сай болумен қатар, әлеуметтік ролдерді дұрыс пайдалана білу, қоғамда қабылданған нормаларды адекватты қабылдау талаптары қойылады.
Әлуметтену ұғымы кең мағынада бұл индивидтің алдыңғы ата-бабаларының мәдениетінде бекітілген тәжірибесімен жабдықтап, әлеуметтік рольдерді қабылдау арқылы оның тұлғаға айналуын атаймыз. Егер адам әлеуметтік рольдерді атқара алмаса, ондн әлеуметтену процесі аяқталмаған болып есептелінеді.
А.Н. Леонтьев негізгі үш ұғымды бөліп көрсеткен: индивид, индивидуалдылық және тұлға.
Индивид – бұл, өмірге келген кез-келген адам болып табылады. Индивидуалдылық – биологиялық жағынан бірдей индивидтер, өзінің қандай да бір ерекшелігімен өзгешеленіп тұратын индивидті атаймыз. Соңғысы, бұл тұлға – бұл индивидуалдылық, әлеуметтік ортада, саяси мәдениетте өзінің қандай да бір қызмет атқаратын, осы атаққа сай келетін адамды атаған.
Саяси әлеуметтену- бұл индивид пен саяси жүйенің өзара байланысы болып табылады.
Саяси әлуметтенудің механизмдері бірнеше деңгейде қызмет атқарады. Бұл механизмдердің қызмет ету механизмін жалпылай келе былайша бөлген, жалпы әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және индивидуалды. Жалпы әлеуметтік деңгейде, қоғам жалпы және үлкен топтар құраушы ретінде адамға үлкен көлемді макроәлеуметтік және макросаяси факторлар әсер етеді және адам оны бағалайды, осы бағалаудың арқасында ол осы қоғамға және оның саяси жүйесіне сәйкесінше қатынас жасайды. Әлеуметтік-психологиялық деңгейде саяси мақсаттар мен құндылықтар үлкен және кіші топтар арқылы тасмалданады, ал бұл топтардың мүшесі индивид болып табылады. Осыған байланысты жанама қарым-қатынас және өзара әрекеттесу арқылы адам қарапайым саяси жүйе туралы мағлұмат алады. Осыған сүйене отырып, ол осы саяси жүйеге өзінің эмоционалды қатнасын таңдайды. Индивидуалды деңгейде саяси әлеуметтенудің механизмі ретінде индивидтің индивидуалды-психологиялық құрылымы негізінде қалыптасатын қажеттіліктер, мотивтер, бағдарлар мен стереотиптер саясаттағы адамның санасы мен жүріс-тұрысын басқарады.
Саяси әлеуметтенудің бірнеше негізгі деңгейі бар. Саяси әлеуметтенудің деңгейі немесе этаптары, адамның жасының ұлғаюымен және оның тұлға болып қалыптасуымен байланысты. Ең бірінші бала 3-4 жаста саясат туралы өзінің жанұясынан алады, оған ақпарат көзі ретінде, ең жақын әлеуметтік ортасы болып табылады.
Кейінірек бала мектепке барғаннан кейін, саяси әлеуметтенудің жаңа деңгейі басталады. Арнайы әлеуметтендірілген институт арқылы тек сандық емес, сонымен қатар сапалық саясат туралы білім қоры жиналады. Келес бұл – жеткіншектік деңгей, саяси құндылықтардың берілуінің жаңа элементтері пайда болады. Бұнда жаңа саяси әлеуметтік құрал пайда болады – формалды емес жастар топтары яғни, жалпы жастардың субмәдениеті кіреді. Бұлар саяси өмірде альтернативті роль атқарады.
Саяси сананың генезисі.
Бұл процесте зерттеу қиын болған. Психологиялық когнитивизм моделін, саяси Ғылымның қабылдауы тұрақты болмады. Бірінші деңгейде 60ж.ж. басында саяси зерттеушілер әлгілі психолог Ж. Пиаже ұсынған, кішкентай баладан, жеткіншекке дейін ақыл-ой операцияларының тікелей тасымалдану процесіне сүйене отырып, баланың саяси санасының дамуына олардың саясатқа және басқаруға қатысты (правительства) Пиаже ұсынған көзқарасты ұстанды.
Екінші деңгейде, өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары, когнитивті бағытталған саяси ғылым, бала әлеуметтенуі мен емес, үлкендердің саяси әлеуметтенуімен және бейәлеуметтенуімен айналысты. Олардың саяси санасына, тұлғаныі идеологиялық компонентіне және олардың саяси шешімге және таңдаушылар қалауына әсерін қарастырды.
Саяси сананың негізгі элементі ретінде ойлаудың саяси генезисін қарастырамыз. Дж. Адельсон ең бірінші болып 60 жылдары Ж. Пиаженің бала санасын өзгерту оның жастық дамуына байланысты пікірін тексерген болатын. Оның ФРГ, АҚШ, Англияның (11-18) жас аралығындағы жас адамдардың саяси санасының өзгеруі бақыланды және ұлттық модельдерді салыстыруға тырысты. Нәтижесінде тұлғаның саяси құрылымы әлеуметтену деңгейін де әртүрлі дамиды. 11-13 жас аралығында саяси көзқарастар тез дамиды (представление). Керісінше, 16-18 жаста прогресс азая бастайды. 11 жастағы балада тұлғаға бағытталған және эгоцентрикалық қасиеттер басым болады. Ал 15 жаста ол абстркатілік, жалпылауға, формалды ойлай алады. Яғни, жалпы когнитивті дамуымен қатар, ең бірінші саяси ойлаудың өзгеруі – абстрактілі деңгейге жетеді.
Екінші ерекшелік саяси ойлаудың дамуы – уақыттық преспективаның ұлғаюы. өзінің жетілуіне байланысты жас өспірім, балаға қарағанда ол жақындағы және бұрынғы өткен саяси оқиғалардың, қазіргі таңдағы және болашаққа әсерін саналай бастайды.
Когнетивті дамудың үшінші ерекшелігі - әлеуметтік-ценртизм. Жасөспірім саяси жағдайдың тек бір адамға ғана емес, жалпы топқа және қоғамға тұтас әсерін санайды.
Төртінші ерекшелік – пайымдаудың өзгеруі (рассуждение).
Бесінші ерекшелік – біліміне қатысты болып келеді. Саяси білімнің тез жинастырылуы және шарттар мен стериотиптер қалыптасады.
Алтыншысы – принциптер күші. Осы деңгейдің орта шегінде, этика-саяси принциптердің автономды жүйесі құрылады.
Жетінші ерекшелік – Дж. Адельсон бойынша – бұл әлеуметтік мақсаттың пайда болуы.
Жасөспірімдердің әлеуметтенуінің симптоматикалық жалпы қорытынды: жеткіншектік идеалдарға қарағанда жасөспірімдерде реалды үлкендердің преспективасына ұмтылу кең мағынада қарастырылады. Дж. Адельсон Ж. Пиаже мен А. Колбергтің пікірлеріне қарама-қарсы пікір айтты: жасөспірімнің моральді және когнитивті жетілуіне байланысты, саяси шарттарды қабылдамау арта түседі. Оның ойынша жасөспірімнің интелект деңгейі жоғары болған сайын қоғамға оның саяси жүйесіне сын көзбен қарай бастайды дейді.
Саяси әлеуметтенудің үш негізгі жүйесі бар: біріншіден, бұл жүйе және әлеуметтенуге мақсатты түрде бағытталған болып келеді. Бұған адаммен және мемлекеттік жүйемен жанама байланыс жатады, яғни бұл саяси институттар, партиялар, ұйымдар және қозғалыстар болып табылады. Екіншіден, аяқасты әлеуметтену жүйесі. Бұл формалды емес бірлестік, ммлекеттік саяси мәдениетке қарсылық алып келетін жүйе болып келеді. Мұндай топтарға жастардың субмәдениеті топтары, өзбетінше ұйымдасқан жастар болвп табылады. Үшіншіден, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру саяси аутоәлеуметтену жүйесінің қызметін атқарады.
Саяси белсенділік дегеніміз- саяси топтардың немесе индивидтердің саяси немесе экономикалық-әлеуметтік тәртіпті өзгертуге деген ұмтылысы, кең мағынада бұл қоғамдағы өзгерістер немесе оның қайта қалыптасуы жатады. Ал индивидуалды деңгуйде адам өз мемлекетінің саяси өмірінде ат салысуға тырысады және өзінің қызығушылықтары мен құқықтарын қорғауы жзеге асырылады.
Саяси пассивтілік- бұл саясатқа немқұрайлы қарау, саяси өмірге ат салысуға талпыныстың жоқтығы.Бұл индивидтің азаматтық міндетін орындаудан бас тартуынан көрінеді, мысалы сайлауға қатыспау және т.б.
Саяси шеттетілу – бұл саяси өмірдің шектен тыс бюрократизациялануының саяси-психологиялық салдары. М.Вебердің айтуы бойынша, бюрократизацияланудың нәтижесі ретінде адамның тұлғасыздануы оның индивидуалды инициативасы және әрекет еркіндігін жоғалтуы, Ұйымның немесе мемлекеттің қарапайым еркін орындаушысына айналады.


Саяси қатысу:азаматтардың позициялары

Саяси қатысу- бұл адамдар іс-әрекетінің саяси немесе басқарушы қасиеттегі ажырамас бөлігі болып саналады. Демократиялық қоғамдағы саяси қатысу бұл жалпыға бірдей, тең құқылы, инициативасы және әрекеті бар, азаматтардың қызығушылықтарына қатысты сұрақтарды шешу кезіндегі олардың тікелей емес компетенттілігі болып табылады. Бұндай қатысуды мемлекеттік-құқықтық институт қамтамассыз етеді.
Авторитарлық қоғамда адамдардың ір бөлігі толығымен немесе жартылай саяси өмірден шектетіледі, бұл «кейбір адамдар билігі» деп аталынады.
Ал тоталитарлық қоғамда адамдардың белсенді қатысуының массалық формасы,яғни квази-қатысу деп аталады. Осыған байланысты адамдардың номиналды немесе минималды саяси қатысу мүмкіндігі тоталитаризмде қоғамның саясаттануының иллюзиясын құрайды.
Саяси қатысудың мотивтері.
Саяси процеске қатысушыларға жүргізілген көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша, саяси қатысудың келесі мотивтерін бөліп көрсетуге болады:
1. Қызығушылық мотиві және іс-әрекет ету сферасы ретінде.
2. Танымдық мотив.
3. Басқа адамдарға билік ету мотиві.
4. Идеологиялық мотив – адамның жеке құндылықтары мен саяси жүйенің идеалық бағдарының, идеологиялық құндылықтарының сай келуі.
5. Өмірді өзгерту мотиві.
6. Дәстүрлі мотивтер – бұндай адамдар саясатқа қатысу себебін қоғамда қабылданған ереже ретінде қабылдайды.
7. Меркантиьлді мотив – бұнда саяси іс-әрекет жақсы төленетін еңбек деп қарастырады.
8. Өтірік псевдо мотивтер – бұл квази мотивтер кез келге саяси жүйені пропагандалайтын белсенділік. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру