Экономика | Экономика
Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.
Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек.
Басқару ғылымының эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және бұл орайдағы отандық шетелдік зерттеулердің жетістіктері, менеджменттің оқу пәні ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік екені байқалады. Бұл орайда айта кететін жағдай, басым түрде орталықтанған жоспарлауға негізделген басқарудың отандық тәжірибесін стихиялы қалыптасып жатқан нарық жағдайында толық қолдану мүмкін емес, бірақ кәсіпорындарды басқарудың теориясы мен практикасының жекелеген қағидаларын б.гінгі жағдайда пайдалануға болады. Бұнымен бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент жүйесі ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті қажет етсе де, адамдардың жүріс тұрысының ынта-ықыласын, интелектілігін, еңбегін жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің экономикасында ойламай, бірден оның көшірмесін пайдалануға және ұлттық менталитетті ескермей, бұл жүйені тиімді түрде жүзеге асыруға болмайды. Соныдқтан, менеджментті басқарудың тәжірибесі ретінде өмірдің барлық жағдайына жарамды дайын рецепт немесе шешімдер жиынтығы түрінде қарастыруға болмайды.
Менеджмент іс-тәжірибенің негізінде қалыптасқан постулаттар, принциптер және ережелер арұылы мақсаттар мен міндеттерді дұрыс қою мен оларды оңтайлы шешуге үйретеді. Бұл орайда шығармашылық істің ыңғайы болмаса, бүгінгі таңдағы менеджменттің барлық жаңалықтары тосқан нәтижені оңай бере алмайды. Шаруашылықты жүргізудің жаңа шарттары өндірісті ұйымдаструда және және ұжымды басқаруда менеджердің атқаратын ролін күшейте түседі және оның жеке кәсіби қабілетіне қойылатын талаптарды қатаңдатады. Басқарудың тиімді жүйесін құру үшін, менеджер кәсіпкерлік білімнің жиынтығын толық түрде біле отырып, практикалық іс-қызметте оны қолдануға қажетті тәжірибені меңгеруі керек, бұныммен бірге ұжыммен және жеке адамдармен қалай жұмыс істей алатындығын да білуі қажет.
Менеджмент
«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберліген білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынандай түсінік беріледі:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. Билік және басқару өнері;
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды
4. Басқару органы, әкімшілік бөлігі;
Менеджмент негіздері курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берліген:
Менеджмент-бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның матеиалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі.
Профессор И.Н. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез-келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалды және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің эконмикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады.
Белорусь ғалымы Н.И. Кабушкиннің ойынша менеджмент-бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-әрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.
Ф.М. Русинов пен М.Л. Разу менеджментті ұйымның шаруашылық өміріндегі ұтымды нәтижелерге, материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық ынталандырудың алуан түрлі принциптерін, қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі деп түсіндіреді.
Э.А. Уткин «Курс менеджмента» еңбегінде менеджментті былайша түсіндіреді: Менеджмент-бұл нарық жағдайында,ы кәсірорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік-экономикалық механизмінің түрлі принциптерін мен қызметтерінғ әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.
А.А. Радугиннің менеджмент түсінігінің негұрлым қысқаша сипаттамасын қолданады. Оның пікірінше, менеджмент-бұл әрі өнер, әрі ғылым.
Менеджмент-бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай сипаттаманы Вачугов Д.Д жетекшілік еткен ғалымдар тобы Основы менеджмента деген кітапта береді.
Менеджмент саласындағы маман Веснин В.Р. басқару және менеджмент деген түсініктерді ажыратпайды. Менеджмент /мекеме, коммерциялық немесе коммерциялық емес фирмалар мен олардың жекелеген бөлімшелеріне/ жетекшлік жасамау.
Бір анықтама екінші анықтаманы дамытады, себебі, олардың бәріне тән ортақ нәрсе-менеджмент-бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандар жүйесы. Терминологиялық пікір таластар мен елудени астам менеджмент анықтамасының иинтерпретациясына тоқталмай-ақ, менеджменттің басқару еңбегінің сипат ымен мазмұнын зерттейтін ғылым екендігін айтып өту керек. Менеджментке анықтама бермеген О.С.Виханский мен А.И. Наумов дұрыс жасаған.
Мененджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдалады.
Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше, менеджмент – ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеді.
П. Друкердің түсіндіруінше, менеджмент ғылым немсе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау. Оо менеджмент ұғымына кең мағынада түсінікт беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтұанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.
Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік берілді. Олар батыстағы іскерлік әлімге Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән үрдістерді топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына, үкіметтегі алуан түрлі клубтарды және іскер кәіспорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен імндеттері белгіленелі және айқындалады.
Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған байланысты белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:
• Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
• Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
• Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Құраулы Күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік теу.
• Құрама одақтық немсе клубтық менеджмент. Мемелекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
• Бизнес менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
• Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес –менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.
Петерсон мен Плоумен былай атап көрсетеді: менеджменттегі сұндай өзгешеліктержің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы негізге алынатын түсініктерге сейенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке де, бұлар материалдық жағдайларға да тәуелсіз ретінде қарастырылады, себебі, соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді.
Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мақмұны нақты жағдайға қарап ғылымды қолдану.
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау қызметі мазмұнының өзгеруімен байланысты фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардыңғ ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұымдастырауымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Вольфганг Хайер өзінің Еуропада бизнес қалай жасалады кітабында былай жазды: Менеджмент-бұл жұмысты істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы. Егер Батыста кез келген кәсірорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол қоғамға танытатын да тек басшылар.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұығым-бұл басшылық.
Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылары, немсе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.
Жеке кәсіпорынның, өзінің құқықтық нышандарына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлеріне іскер кәсіпорын менеджментіңің айырмашылығ сол, кәсіпорынның мақсаты, демек, оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу, немесе нарық арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешілігі, олар өзінің шешімдеріне экономикалық түснікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртібісі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделеді.
Менеджменттегі басты нәрсе-кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою. Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес жұмыс істеу міндетіне жататыны-қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немсе бәсекелестеріне қарғанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Кәсірорын-еі алдымен адмдар. Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады.: менеджмент-бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Кәсіпорындардағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорын құрарда жаңа инвестицуияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды нарық капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу, анғұрлым күрделі іс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауытырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз-ұжым жұмысын ұйымдастыру, кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады,олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Сонымен, менеджменттің екі ұғымы бар:
Біріншіден, менеджмент-бұл басқару, басшылық ету органы, екіншіден, менеджмент-бұл адамдарды басқару /әрекеті/.
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардыңң тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.
Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналыфсатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.
Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жеті үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.
Әр салада басқару іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі болады. Аграрлық сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірі салаларының бірі болып есептелетініне байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін сыртқы факторлардың қатарына жататындардың бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты, өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының демографияның жиі жағдайын. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және ұйымдардың іс-қимылы олардың қолындағы жердің, техниканың малдың, материалдық құралдардың және ақша қаржысының болуына ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен жұмыс істейтін адамдардың барлығына байланысты.
Менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың персоналдарын нысаналы және келісімді жұмысаен қамтамасыз ететін басқару іс-қызметіне ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.
Мененджмент макро және микроэкономиканың негізгі қағидаларына негізделеді. Бірақ, бұл бірыңғай экономикалық пән болып табылмайды. Оның ғылым болып құрылуына айтарлықтай ролдә психология, педогогика, социология, кибернетика және математика атқарады. Онымен қатар, менеджменттің өзі маркетингті, коммерциялық іс-қызметті және басқару іс жұмысын жүргізумен байланысты басқа қолданбьалы пәндерді зерттеуге негіз болып табылады.
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Басқару мен менеджментте бірдей категориялар пайдаланылады, бұларға жататын ұғымдар мынадай – «басқарудың объектісі мен субъектісің, «олардың арасындағы тура және кері байланысң, «басқару жүйесің, «қоршаған ортаң.
Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларын кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде қарастырғанда, олардың іс-жұмысының ерекшелігін және шаруашылық субъектілердің іс-қимылдарының жалпы міндеттерін ескерген жөн.
Басқару объектісі – бұл бақарылатындардың барлығы, яғни сала, кәсіпорын, бөлімшелер және т.б. Менеджментте басқару объектісі ретінде әр уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің іс-қызметтерін үйлестіретін және бағытталатын адамдар тобы қарастырылады. Басқару субъектісі – бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің басқару аппараты.
Басқарудың объектісі мен субъектісінің арасында тура және кері байланыс болады. Тура байланыс – бұл басқару объектісіне субъектіден түсетін әмір (команда). Кері байланыс – бұл басқару субъектісіне объектіден әмірдің орындалғаны және оның жағдайы туралы түсетін ақпарат.
Басқару объектісі мен субъектісінің жиынтығы тура және кері байланыстармен бірге басқару жүйесін құрайды.
Басқару жүйесінде басқару объектісін басқарылылатын жүйелілік, ал субъектісін – басқаратын жүйелілік деп жиі айтылады. Басқару жүйесін бірқатар жалпы шарттары сипаттайды. Ең алдымен басқарылатын жүйеліліктің басқарушы жүйеліліктің ықпалымен өзінің параметрін (немесе қасиетін) өзгертетін қасиеті болып табылады. Бұл орайда басқарудың тиімділігі үшін критерийлер мен көрсеткіштер қажет, олардың ішінде басқару объектісінің іс-қызметінің маңызды паремтрін неғұрлым толық көрсететіндер (1 сурет).
БАСҚАРУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕР
Әдістемелік тәсіл менеджментке қатысты басқарудың мақсатына жетуге бағытталған іс-қызметті танып білудің белгілі жолын және әдістерін пайдаланғанды ұйғарады. Менеджментте неғұрлым көп тараған үрдістік тәсіл, яғни басқару ұйымының мақсатына жетуге бағытталған және басқару функциясының үзілмес өзара байланысқа негізделген іс-қызмет ретінде қарастырылады. Әртүрлі авторлар басқару функциясының әртүрлі санын ұсынады. Оңтайлы жиыны келесі функциялардан тұрады: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау.
Тұрақтандырусыз жағдай орын алғанда және сыртқы ортада қатал өзгерістер болғанда басқаруды ахуалды тәсіл іс жүзінде қолданылады. Ахуалды тәсілд басқарудың әртүрлі әдістерін таңдағанда жағдайға қарай анықтағанды ұйғарады. Ұйымды немесе қоршаған ортаны алсақ та, оларда көптеген факторлар болғандықтан, ұйымды басқарудың бірегей өте жақсы әдісі болмайды. Нақты жағдайда басқару әдісінің нағыз тиімдісі орын алып отырған ахуалға сәйкес болса.
Ахуалды тәсіл басқару теориясына үлкен үлес қосты, өйткені онда орын алып отырған жағдайға қарай басқару ісіне орайлас ғылыми қағидаларды пайдалану туралы нақты ұсыныстар бар.
Ахуалды тәсілдің негізін ұймның іс-қимылына ықпалын тигізетін негізгі ішкі және сыртқы факторларды анықтау құрайды.
Жүйелік тәсіл бысшылардың ұйымды өзара тәуелді адам құрылым, міндет және технология сияқты элементтердің жиынтығынан тұратындығы және олардың сыртқы ортаның өзгермелі жағдайында әртүрлі мақсатқа жетуге болатындығы түрінде қарастырғанды ұйғарады.
Жүйелі тәсіл – бұл басқару объектісін жүйе реітнде зерттеуге негізделген ғылыми танып білу және әлеуметтік тәжірибе әдістемелінің бағыты. Бұл тәсіл басқару объектісінің жағдлайына және серпіндігіне ықпалын тигізетін барлық негізгі факторларды ескере отырып жүргізетін кешенді зерттеуге негізделген.
Басқарудағы жүйелі тәсілдің маңызды бір белгісі жүйелі талдау, ол күрделі басқару шешімді дайындауда және дәлелдеуде пайдаланылатын әдістемелік құралдардың жиынтығынан тұратындығының көрсетеді. Жүйелі талдау декомпозиция жүйесіне негізделген, яғни оны құрайтын элементтерге бөлуді, олардың әрқайсысын және өзара байланысын зерттеуді, осы элементтердің түгелдей жүйенің жай жағдайына және іс-қимылына көрсететін ықпалын анықтауды қажет етеді. Сөйтіп жүйелң талдаудың көмегі арқылы күрделі зерттеу объектісі оқып білуге қажетті қол жетерлік қарапайым элементтерден құралған жиынтықтан тұратындығы көрсетіледі.
Жүйелі тәсілді және талдауды пайдаланудың сферасын кеңейту бағдарламалы – мақсатты басқаруды таратумен байланысты, ал оның мәні мақсатты айқын анықтаудан, қойылған мақсатқа кеңтайлы жетудің бағдарламасыне жасаудан, оны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды бөлуден және бағдарламаны орывндау жұмысына басшылық ететін ұйымдарды қалыптастырудан тұрады.
Бағдарламалы-мақсатты басқару түпкілікті мақсатты ашып, айқын қоюдан басталады. Мақсат әдеттігінше ойдағы тосатын ахуалды көрсетеді, бірақ басқару жүйесі белгілі бір уақыт кезеңінен кейін алдын-ала бекітіліп берілген ахуалдан және онымен осы тосатын ахуалды бірінен бірі алыстататын бірқатар проблемаларды щещкеннен кейін оған өтуі керек.
Сөйтіп, жалпыланған үлгісі (моделі) мақсатты қою стратегиясынан жасала бастайды. Ал оынң біту кезеңі шешімнің балама варианттарын қарастырумен және шешімнің қорытынды вариантын таңдап алумен аяқталады. Осыдан кейін шешім қабылданады, бағдарламаны жасау кезеңі басталады. Бұл кезеңде стратегиялыққа мақсатқа жету өз алдына мақсаттың 2 түріне бөлінеді. Әрбір кезеңнің міндеті және оны шешудің басымдылықтары бөлініп көрсетіледі және оларды ресурстармен (материалдық, еңбек, қаржы) басқару ісі атқарылады. Бұл орайда әрбір кезеңдегі жұмыстың орындалуы негізгі нәтижемен көлеммен және уақытпен айқын анықталады.
Бағдарламаны жасау стратегиясында өте маңызды болып табылатын басты мақсат бағытын сақтай отырып, аралықтағы кезеңдердің және шешімдірдің сабақтастығы және тұрақтылығын өнімді өткізудің түпкілікті нәтижесін тигізетін олардың ықпалын ашып көрсету және талдау арқылы істі қамтамасыз ету.
Бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерін байланыстыру үшін «ағаш мақсаттары» (дерево целей) жасалуы керек. Бұл термин 60 жылдары менеджмент бойвынша жазылған әдебиеттерде пайдалана басталды.
«Ағаш мақсаттары» термині 2 ұғымнан тұрады: «ағаш» - бұл графтар теориясында айқын жазылған және «мақсаттар» - оны басқаруда нақты мағынасы бар. Бұл 2 ұғымды біріктіру арнайы түсінік беруді талап етпейді және өзімен өзінің түсінгеніндей әдетінше сезімділікпен ұғынылады.
БАСҚАРУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Басқаратын және басқарарылатын жүйелердің басқарудың объектісі мен субъектісінің салыстырмалық заңдылығы басқару сферасының басқару объектісінің талабына сәйкес екенін көрсетеді. Солай, 70 жылдары Қытайда байқалған эконгомиканың дамуындағы сапалы өзгерістер барлық атарбасының белгілі бір өзгеріске ұшырауын талап етті, бұл 1975 жылы жүзеге аса бастаған кешенді реформада өзінің көрінісін тапты. Осының нәтижесінде Қытайдың экономикасы мен оны басқару ғылыми-техникалық прогресстің талабына зерек болды, тұрақты дамудың тенденциясын алды, реттелетін нарықтық қатынастарға өту дағдарыссыз және сілкініссіз жүрді.
Егер жалпы заңдылық басқаруға тұтас түрде тән болса, ал жеке заңдылық басқарудың бөлек жақтарын және жүйесін сипаттайды. Жеке заңдылыққа басқару функцияларывның өзгеру заңдылығын, басқару сатыларының санын оңтайлау заңдылығын басқару функцияларын шоғырландыру заңдылығын және бақылаудың өрістелу заңдылығын жатқызуға болады.
Басқару функциялардың өзгеру заңдылығы басқарудың әртүрлі иерархиялық сталыраныда белгілі бір функциялардың артқанын және келесі кейбіреулерінің азайғанын көрсетеді.
Басқару сатыларының санын оңтайлау заңдылығы басқарудың артық буындарын қысқартуды ұйғарды. Бұл оның дереулігін және икемділігін көтереді.
Басқару функцияларын шоғырландыру заңдылығы басқарудың әрбір сатысы фһункцияның көбірек шоғырланғанына ұмтылады. Яғни, басқару персоналдың сандарының өсуіне және өсіруіне бұл заңдылықты барлық елдерде байқалатын бюрократтық аппарат санының өсуі туралы деректер көрнекі суреттейді.
Бақылаудың өрістелу заңдылығы бағынғандардың саны мен және олардың мүмкіншілігінше тиімді басқару іс-қызметін, іс-әрекетін басшы жағынан бақылау арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бұл басшының қол астында 7-10 бағынған адамдар болса да оңтайлы деп есептелінеді.
Басқарудың жалпы және жеке заңдылықтары объективті сипатта болады және адамдардың басқару іс-қызметтерін үрдісінде жүзеге асады.
Басқарудың принциптері – басқаруды ұйымдастыруға және оның құрылымына, жүйесіне қойылатын негізгі талаптары анықтайтын басшылықтың ережесі. Басқарудың заңдылығы сияқты оның принциптері де жеке және жалпы болып екіге бөлінеді.
Басқарудың жалпы принциптері әмбебап сипатта болатындығымен және басқарудың барлық сферасы мен халық шаруашылығының барлық салаларына ықпалын тигізетіндігімен сипатталады.
Басқарудың жалпы принциптеріне мақсаттылық, жоспарлылық, құзыреттілік, тәртіптілік, ынталандыру, иерархия№
Мақсаттылық принципі басқарудың бағдарламалы-мақсаттық мәнімен анықталады және әрбір кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің алдына айқын мақсатты қойғандығын ұйғарады. Бұл орайда мақсат нақты, жетуге болатын және деректі анықталған шекті болуы керек, сонда ғана бұл оның орындауға персоналдың күшін жұмылдырады және оның жұмысына дұрыс мағына береді.
Мақсаттылық принцип мақсаттарды қоюды ғана емес, онымен қатар олардың қажетті ресурстармен аралық қатынасына қатысты болғанын ұйғарады. Бұл орайда, мақсаттардың оларға жетуге қажетті басты ресурстармен байланысын қамтамасыз ету ғана емес, осы мақсаттарға жетуге кедергі жасайтын ең әлсіз буынға назарды аударған жөн.
Басқарудың жоспарлау принципі де бағдарламалы-мақсатты басқарумен байланысты және іс-қимылдың бағдарламасын жасауды, оны жүзеге асыруды алдын-ала қарастырады.
Құзыреттілік принцип пен жердің басқару объектісі бойынша білімнің болуынан немесе ең жоқ дегенде шешім қабылдаған уақытта маманның құзыретті консультациясын дұрыс ұғыну қабылетінен көрінеді. Құзыреттілік принцип басқарудың функциялары бойынша еңбектің жатық бөлінісімен байланысты.
Басқарудың ажырамайтын принципі тәртіптілік, бұл басқарудың қандай жүйесі қай сатыда болса да сақталуы керек. Тәртіптілік басшының нұсқауын, лауазымды қызметтің міндеттерін, инструкцияларды, бұйрықтарды және басқа директивтік құжаттарды сөзсіз орындағанды ұйғарады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Менеджмент басқару үрдісінде адамдардың өзара қатынасын зерттейтін басқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларының мазмұны бірдей болады: басқарудың субъектісі мен объектісі, тура және кері байланыс, басқару жүйесі, қоршаған орта.
Менеджменттің әдістемелігі үрдістік, ахуалдық, жүйелі және бағдарламалы-мақсатты тәсілдерге негізделеді:
• Үрдістік тәсіл басқаруды негігі функциялардың Ұжоспарлау, ұйымдастыр, ынталандыру және бақылау үздіксіз өзара әрекетінің үрдісі ретінде қарастырғанды ұйғарады;
• Ахуалдық тәсіл басқаруды жай жағдайда қарай болғанын талап етеді;
• Жүйелі тәсіл саланы тұтас ретінде және әрбір кәсіпорынды толық жүйе ретінде қарауға және олардың іс-қимылының оңтайлы параметрін анықтауға мүмкіншілік береді;
• Бағдарламалы-мақсатты тәсіл мақсаттардың айқын анықталуын, олардың қатарларының лайықты болуын және дәйектілікпен жүруін күні бұрын ескереді.
Басқарудың заңдылығы – бұл басқару үрдісінде дұрыс байқалатын, қайталанып отыратын және әртүрлі элементтермен және құбылыстардың арасындағы мәнді өзара байланыстар№
Басқарудың принциптері – бұл басқаруды ұйымдастыруға, оның құрылымына және жүйесіне қойылатсын негізгі талаптарды анықтайтын басшылықтың ережесі. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат экономика туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, экономика