Құқық | Мемлекет функциясының түсінігі оның белгілері
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АКШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды.
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда – Хуанхэ, Египетте – Ніл, Вавилонда – Тигр және Евфрат, Үндістанда – Ганг. Шығыс мемлекеттерде – монархия, Еуропада – шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы, екі – Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін тигізеді. Ежелгі – феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді (Ману заңдарында, Салистік жинағында – Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағында – Русская правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан, Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы, Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия – олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы – түріктер, бергі атасы – қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония жөне Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді. Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге әсерін тигізді.
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.
Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізеді. Мұсылман, католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек.
Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді – басқару нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде, мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі – Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге бөлінеді.
Монархия – жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі. Сондықтан оның билігі – мұралық билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуі мүмкін; Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі.
МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ НЫСАНЫ
Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың билігі көбіне мұрагерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атынан шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау, мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретін болды. Корольдердің сарайлары киімдері, әскерлері мемлекеттің міндетінде болды. Корольді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның королі – Елизаветаның мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы некесін бұзып ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан «Король Англияға керек пе?» деп сұрастырғанда, 66 проценті «монархия да, король де сақталсын» деп жауап берді.
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия – Шығыс деспотиясы (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол Ра құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған. Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексіз монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда, болды. Ең күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик ХІҮ, Петр Бірінші, Екатерина Екінші, Елизавета Бірінші, Фридрих II, Әдемі Сулейман монархиялары жатады. Людовик ХІҮ мемлекетті 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның «мемлекет деген-мен» – сөзі бүкіл Еуропаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады, заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі жүргізді. Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген жақсылықгары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман).
Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы екінші кастаға жататын – критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатынаспаса атқара алмайды.
Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде сословиелік-өкілдік монархиялар пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда – буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін күшейтіп, заң шығару ұсынысты қолына алды, кейін заң шығару билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма «сегунат» деп аталды.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге белінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың. Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияга айналды. Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль деген (1689ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп, 18 жыл Англияны басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент корольдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх – мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жаткан әдет ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары тірі, халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атынан мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер.
2. Мемлекет құрылымының нысаны
Республика. Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы республика деп аталады. Республика мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды. Республиканың ең бірінші түрі – Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған ер адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ. Грецияның негізгі органы – халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін заң шығарды. Басқа органдар бесжүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер, белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын.
Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті басқаруға азаматтардың бәрі емес, тек қана ақсүйектері жіберіледі, мысалы, Спартада спартиаттар, Римде патрицийлер.
Орта ғасырларда республика өте сирек кездеседі, көбіне ол республика – қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция, Флоренция).
Жаңа кезеңде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік және парламенттік республикалар. Президенттік республиканы АҚШ 1787 жылғы Конституциясында бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп озбырлық, заңсыздық көргеннен кейін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді. Деспотиялық режим құрылмауы үшін биліктің бөліну принциптерін енгізді. Сонымен, мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды. Президенттік республикада билік үшке бөлінеді: заң шығару парламенттің қолында, атқару билік – президент пен өкіметтің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында. Президентті халық сайлайды. АҚШ-та – 4 жылда бір рет президенттік сайлауы өтеді. Президент мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті өзі басқарады, Сенаттың келісімімен министрлерді тағайындайды, әскер оған бағынады. Президент – республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды және ол президенттің алдында жауапты. Парламенттің өкіметті тарататын құқығы жоқ. Кейбір мемлекеттерде президент премьер-министрден басқа бірнеше министрлерді өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің өзі парламенттің келісімімен тағайындайды. Президенттік республикалардың бір күшті билігі бар жауапты адамы болғаннан, оның тұрақты саяси режимді құратыны байқалады. Мемлекеттің Заң шығару билігі парламенттің қолында, және парламент белгілі қызметкерлерді және жоғарғы сотты тағайындағанда келісімін береді. Парламенттің алған заңдары екі рет тексеріледі: президент вето құқығын қолданып, қабылданған заңдарға қолын қояды, Конституциялық сот заңның Конституцияға сәйкестігін тексереді. Сот билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері президенттік республикаларда белгілі уақытқа немесе өмірбойы тағайындалады. Оларды тағайындайтын заңдар әрбір мемлекеттерде ерекше, бірақ бұл процеске президент те, парламент те қатысады. Үш билік бір-біріне тең болуға тиіс деп көп конституцияларда жазылған, ол үшеуінің арақатынасын реттеп отыратын президенттің билігі.
Президенттік республикалардың варианттары көп, олардың біріне жартылай президенттік республика жатады (мысалы: 1958 жылғы Конституциясы бойынша Франция, Түркия).
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет – әлсіз президент.
Сонымен, өкіметте парламенттің сенімі болған кезде ол өзінің қызметін істей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады. Мұндай республикаларда президент мемлекеттің басшысы, оның биліктері өте аз. Парламенттік республикаларға Италия жатады.
Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік-жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір-бірімен қатынасы және мемлекеттің және бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттік құрылым – ұлттық мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік-территорияларлық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.
Тұтас мемлекеттер. «Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды» делінген Конституцияның кіріспесінде (унус деген сөз – бір, жалғыз деп лат. тілінен аударылады). Тұтас мемлекеттер тек қана әкімшілік-жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілді органдар маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік-аймақтық бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті атқару орган – әкім.
Федерация. ( федус деген сөз – одақ деп лат. тілінен аударылады). Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет – күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъектілері ішкі істерін ерікті өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Бірақ тәжірибеде кейбір федерацияның субъектілері өздері халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар еді, мысалы, СССР (Украина мен Белорусия ООН мүшесі), Югославия, США, Канада. Көбіне олардың тәуелсіздігі формальды түрінде қалғаны мәлім. Халықаралық құқық федерацияның өкілі ретінде шарттарға орталық билік қолын қойғанын дұрыс санайды.
Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесі бәрі екіге бөлінеді. Федерацияның екі түрлері бар: ұлттық құрама және жергілікті құрама. Біріншісіне бұрынғы КССО, Югославия, Ресей, Үндістан жатады, ал екіншісіне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың мемлекеттік құрылысы тарихи дамуымен байланысты.
Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация – белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппаратты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бірнеше түрлері кездеседі: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын біріктірді. Вашингтон бұл федерацияны «қүмнан істелген арқан» деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шешті: әскер, ақша, шет істер, басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған еді. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда – 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы біріккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда орталық биліктің шешімдері тек конфедерация субъектінің мемлекеттік органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектілері халықаралық қарым-қатынастардың субъектілері болып қала береді. Конфедерациялар өте әлсіз және тұрақты емес.
3. Мемлекеттің саяси жүйесі
Мемлекеттік нысанның соңғы элементі – саяси жүйе. Бұл жүйе деген сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші – саяси жүйені мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси жүйені тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси жүйені – мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.
Саяси жүйе демократиялық және демократияға қарсы жүйелерге бөлінеді. Саяси жүйенің мынандай түрлері болады: деспотиялық, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формальды-демократиялық, либералды-демократиялық, патерналистік, бонапартистік, әскери, авторитарлық, тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқа түрлері. Саяси жүйелердің негізгі бөлінуі: демократиялық және демократияға қарсы жүйелер.
Демократияға қарсы жүйелер. Халық басқару процесіне қатыспайтын және оның еркімен санаспайтын жүйе осы түрлерге жатады. Фашистік жүйе. (Болгария, Германия, Жапония, Италия). Халықгың саяси құкықтары шектеледі, жалғыз партия мемлекеттік аппаратты басқарады және онымен біртұтас болады, әскер, басқа құқық қорғау органдары күшейеді, мемлекеттің экономикасы және сыртқы саясаты соғыспен байланысты болады. Әскери жүйе (Чили, Португалия) мемлекеттік төңкеріс өткеннен кейін өкілеттік органдардың рөлі төмендеп, әскер мемлекеттің негізгі, функциясын басып алады. Расистік жүйе осы әдістердің бәрін тек қана бір ұлтқа немесе бірнеше ұлттарға қарсы қолданады. Феодалдық мемлекеттерінің көбінде шіркеудің күшті жүйесі құрылады. Шіркеу мемлекетпен қатар күшті рөл атқарады, ол монархтың таққа отырғанына қатысады, мемлекеттік Кеңесте өзінің жеке орындарына ие болады, оған қарсы істелген қылмыстарды өзі өте қатты жазалайды. Бұл араб халифатының, Еуропа феодалдық мемлекеттерінің саяси режимдері. Авторитарлық жүйелер бір адамның билігімен байланысты болады (Тито, Сталин, Чаушеску, Кастро, Людовик ХІҮ, Наполеон).
Демократиялық жүйе. Бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген, демократиялық әдістердің көбін мемлекет басқару процесінде қолданған жүйе. Бірақ демократияның даму жолы өте ұзын, сондықтан демократиялық жүйесі күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, Исландия), демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер (Қазақстан, Оңтүстік Корея), т.б.
Сонымен, мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш элементтеріне қорытынды түсінік беруге тиіспіз: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттік құрылымының нысаны және саяси режим. Мысалы: Қазақстан президенттік тұтас республика, демократиялық жүйесі қалыптасып жатқан дәрежеде. Германия (1933) президенттік республика, федерация, фашистік жүйе. Англия – тұтас парламенттік монархия, либералдық-демократиялық жүйе. АҚШ – федеративтік президенттік республика, демократиялық жүйе. Араб халифаты – теократиялық құрама монархия, діни саяси жүйе.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Мемлекет функциясының түсінігі оның белгілері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Құқық жоспарымен, казакша реферат жоспар, Мемлекет функциясының түсінігі оның белгілері