Топырақ құрылымы құрамы жіктелуі және қасиеттері

Топырақ құрылымы құрамы жіктелуі және қасиеттері

Құрылымы, құрамы, жіктелуі және қасиеттері

Топырақ құрылымы. Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.
Топырақ бөлшектерінің құрылымы .
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ.
2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм.
5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады.
Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл әдісті алғаш рет В.В Докучаев қолданған, осы күнге дейін бұл топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. Шұнқырды қазып, Бір бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп қараған кезде, топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады. Топырақтың әр қабаты өзіне тән сыртқы пішінмен сипатталады. Осы қабаттардың түріне қарап, топырақтың түзілу процесі туралы көп мәліметтер айтуға болады. Әр түрлі топырақ типтері де осылай бір-бірімен ажыратылады.

Топырақтың құрамы: (6)
1.Су
2. Ауа
3. Минералды тұздар(азот,фосфор,калии)
4. Қарашірік(өсімдік пен жан-жануардың шіріндісі, органикалық заттар)
5.саз
6.Құм
Топырақтың фазалық құрамы
Топырақ- күрделі дене, ол бірнеше фазалардан тұады: қатты фаза (минералдық және органикалық), сұйық фазасы (топырақ ерітіндісі), газды фазасы (топырақ ауасы) және тірі фазасы (топырақтағы тірі организмдер). Бұл фазалар бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Топырақтың минералдық құрамы
Майда ұнтақталған тау жыныстары мен олардың топырақтағы минералды бөліктерінің өзінің пайда болу жағынан екі топқа бөлінеді: Алғашқы – магматикалық және метаморфикалық аса қатты үгілмеген минералдар. Екіншісі –жердің үгілу немесе топырақ қабаттарында алғашқы минералдардың көп жылдық үзіліссіз үгіліуінің нәтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақталған өнімдері түзілгенбиіктіктен ормандық белдеу басталады, онда самырсын, майқарағай, шырша, балқарағай және қайыңдар кездеседі.
Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар:
1.Гумус заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді.
2. Темір марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер береді.
3.Кремний қосылыстары, әк, каолинит, алюминий гидроксиді және суға ерігіш тұздар (Хлоридтер және сульфаттар). Олардың түстері-ақ.
4. Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді.
Үш бұрыш ақ, қара, қызыл түстер, ал олардың араларында осы үш негізгі түстердің азды көптігіне байланысты неше түрлі түстер болады. Топырақтың түсін анық бір түспен айту қиын, сондықтан да негізгі түске анықтама қосылады. Оның басым түсі соңына қойылады. Мысалы, қара қоңыр, сары құба, ашық сары деген сияқты.
Топырақтың түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының қалың қара түсті боллуы гумустың молдығын көрсетеді. Көкшіл немесе көк түсті-топырақтың батпақтануы.Мұндай жерлерді пайдалану күрделі мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.
Жайылма топырақтар құрамы
Жайылмадағы топырақтар құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты, шымды және шабынды тобы 6 типке, ал батпақты тобы 3 типке бөлінген.Алювилі-шымды және алювилі шабындық топырақты типшелерге бөлгенде кескіннің даму дәрежесі мен алювилік шөгінді ерекшеліктеріне сүйенеді. Бұл топырақтар өз алдына кәдімгі, темірлі, карбонатты, сортаң, лайлы, малтасты және т.б.тектерге бөлінеді.
Алювилік үрдіс пен жайылмалық жағдайдың (субасу) топыраққұралуға тигізетін әсерінен қоршаған табиғи аймақ жағдайының жайылма топырақтарына тигізетін әсерінен қоршаған табиғи аймақ жағдайының жайылма топырақтарына тигізетін әсері басым. Ол өзен мен жайылма аумағы кішірейген сайын айқындала түседі. Жайылма топырақтарында аймақтық белгілерінде айқындалуы қоршаған аймақтың жылу тәртібі, атмосфералық ылғалдану жағдайы, өсімдіктер құрамы мен органикалық зат өнімділігіне байланысты.
Орманды тайгалық жайылма топырақтарына шымды-күлгін, батпақты және т.б аймақтық пішін тән, яғни шымды қабат әр дәрежеде айқындалып және батпақтану үрдісінің белгілері болады.
Орманды дала мен дала аймақтарының өзен жайылмаларында шабындық өсімдіктер өніп-өсуіне және қалдықтары гумустенуге шалдығуына өте қолайлы жағдай туған. Сондықтан ондағы алювилі-шымды топырақтар кальциийлі гумат тұздарымен байыған және жоғары гумусты.
Дала аймағының жайылмалық алювилі-шабындық топырақтар кескіні қара топырақтар типіне жақын, олардың құрамында гумус мөшері 5-тен 13 процентке жетеді. Эрозия табаны төмендеп, құрылық бедері көтерілген сайын, аймақтық жайылма топырақтарында жайылмадан тыс орналасқан аймақтың топырақ құрамы мен белгілерін кездестіруге болады.
Алювилік топырақтарды жіктеу және диагностикалау

Топырақ
типі Топырақ тараған басты аймақтар
Топырақ типі Топырақ тараған басты аймақтар
Алювилі-
шымды
қышқыл

Алювилі-
шымды
қаныққан

Алювилі-
шымды карбонатты
шөлдене
бастаған
Алювилі-шабындық қышқыл
Орманды-тайга
Орманды дала

Орманды дала, дала
Шөл, шөлейтті
Орманды-тайга
Орманды дала
Алювилі-шабандық карбонатты
Алювилі-шабындық батпақты

Алювилі-батпақты, лайлы-қара-
шірінділі-глейлі
Алювилі-батпақты, лайлы-торф-ты....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру